Материалдар / Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Ақпан 2021
871
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс-тәсілдерім


Менің  мамандығым - мұғалім. Менің ойымша, бұл жай мамандық емес – бұл әрбір адам баласын дұрыс бағытқа сілтейтін ең ғажап мамандық. Мен балалық шағымнан мұғалім болуды армандадым. Тіпті менің балалық ойындарымның барлығы дәл осы мамандықпен байланысты болды.

Мен бала кезімнен ұстаз болуды армандайтынмын. Осы ұлы арман мені мектептен түлеп ұша сап, қиялыма қанат бітіріп, Қазақтың Мемлекеттік университетіне алып келді. Бағым жанып, өзім қалаған механика және қолданбалы математика факультетінің студенті атандым. Мен неге бұл мамандықты таңдадым?

Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы – ұстаз. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады.Сондықтан білім саласы –елдің ертеңін айқындайтын оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала. Білім жүйесінің жаны да жүрегі де тірегі де -ұстаз Еліміздің ертеңгі деңгейі бүгінгі мектептер мен ондағы ұстаздар деңгейіне байланысты» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға.

Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалім. Елбасымыз Назарбаев Н.Ә «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру- ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.

Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше. Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте қайнасқандары ғана. Ұстаздықты бар ұлағаттың басы деп білетіндердің ғана орны – мектеп.

Елімізде түбегейлі өзгерістер орын алып отырғанда ғылым мен технологияны одан әрі дамыту – қасиетті парыз. Осындай істі абырой мен атқаруға үлесімді қосу мақсатында қолданбалы математика мамандығын таңдадым. Ұстаз әр сабағына үлкен ізденіспен келуі тиіс. Қазіргі оқыту үйретудің мазмұны да, сипаты да соған, орай амал - тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше қабілет - қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Осыған орай ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болуда. Демек, ұстаздың білім мен өнердің жеке қиын саласына үйретуге өте мұқият бағыт ұстауы, білім - біліктің тармақтылығын жете үйретуді талап етуде. Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім, біздер, өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық - психологиялық өрісін өсіріп отыруға міндетті деп білемін. Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсам, біріншіден, мұғалім - үздіксіз ізденуші. Кез - келген тосын сұраққа жауап беріп, кез - келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс мен үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман атану. Соның бір дәлелі - өз білімімді көтеріп, үш деңгейлік курстан өтіп, Нью Касл бағдарламасын меңгердім. Нью Касл тәсіліне негізделген бағдарламадан көптеген деректер алдым. Сонымен бірге қазіргі таңда білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты мұғалім дайын білімді беруші емес, бағыттаушы екенін түсінуі қажет. «Шәкіртінің жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануында» дегендей осы үйренген жаңа тәсілдерді еңбек жолымда тиімді пайдалану. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық модулдерді пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді және оқушылармен қарым - қатынасты нығайту. Жаһандану заманында замана көші жылдам алға басуда. Осы көштің соңында қалмау үшін, оқушы бойына терең білім егу мақсатында өз білімімді жетілдіруді мақсат етіп қоямын. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Өрлеу орталығында «Сындарлы оқытудың педагогикалық технологиясы» тақырыбында курсты бітірдім.

Менің белгілі бір кәсіби жетістіктерім бар. Бірақ мен мұнымен тоқтап қалмаймын, мен өзіме білім беру процесін жақсартуға жаңа мақсаттар қоямын.

Бүгінгі таңда мен  мұғалімнің тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі бола алатынын жақсы білемін. Осыған орай сабақ беру барысында қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделін қолданамын. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі - «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті әдістерге мыналаркіреді: проблемалық шығарма әдістері; презентациялар пікірталастар; топпен жұмыс; миға шабуыл әдісі; сын тұрғысынан ойлау әдісі; викториналар; зерттеулер;іскерлік ойындар; рөлдік ойындар; инсерт әдісі т.б

Информатика сабағын қызықты әрі уақытымды үнемді пайдалану үшін бір сабақтың өзінде түрлі әдістерді өткіземін, мысалы; уақыт шеңбері, кемпірқосақ топтары, қар кесегі, жұптық әңгіме, ыстық орындық, үш қадамдық сұхбат, стикердегі диалог, стоп-кадр. Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі-inter (бірлесу) act (әрекет)) сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып, өткізген сабақтарым оқу процесінде уақытымды үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады, қызықтырады.

Шәкірттерім де өз кезегінде алған білімдерін зая етпей, қалалық, облыстық, халықаралық ғылыми жобалар байқауларында топ жарды. Республикалық пән олимпиадасында Үсен Жандос 2-орынды иемденді.

Дауылпаз ақын М.Дулатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда...Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман» деген екен. Ендеше, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын шәкірттерімнің ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру-мен үшін үлкен бақыт.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!