Материалдар / Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс-тәсілдерім эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс-тәсілдерім эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жерде әр адамның өзінің сүйікті мамандығы жайлы айтылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2021
951
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алматы облысы білім басқармасының

Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

«М.Мәметова атындағы орта мектебі

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекттік мекемесі

Толеугалиева Индира Кадыржановна

«Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс-тәсілдерім»

Эссе

Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi үшiн күймесе, шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе. Жүсіпбек Аймауытов

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер - білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар - намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек – деп Әл – Фараби айтқандай Ұстаздық кез – келгенге бұйыра бермейтін киелі мамандық.

Кемеңгер дана Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, тетігін тапта, бар қалан»,-деген қасиетті сөзі өз мақсатына жету үшін біздерге зор мүмкіндіктерге жол ашады. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды.Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігіен сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға.Осы бір биік тұлғаны көз алдыма елестете отырып ұзақ ойландым. Расында Ұстаз жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл Һәм шешен болуы керек.

Ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс. Қай кезеңде де ұстаздықты ұлы мамандық деп санаған. Ұстазға ақ тәж киген патша да, ақ киізге көтерген хан да бас иіп, тағзым еткен.

Мен таңдаған мамандық –тарих пәні мұғалімі болу. Мектепте тарихты сүйіп оқитынмын. Оқушыларға қызықты ойындармен сабақ түсіндіріп, тарихты әңгімелеуді қызығып армандайтын едім. Арманыма қол жеткізіп ұстаз атандым.

1

Қазіргі уақытта осы ұстаздық саланы ту етіп, жұмыс жасап жатқаныма екі жылдай болды.Мамандығым өзімме қатты ұнайды.Біріншіден — өз мамандығымды сүйем, сол өз мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, оларды өз ісіме сүйсіндіре білдім. Бұл мұғалім үшін зор бақыт, үлкен қуаныш.Екіншіден – шеберлікпен, шығармашылықпен сабақ жүргізе отырып, шәкірттерімнің ынта-жігерін билеп, өз ерік-қалауымен білімге деген құштарлығын оятып, ұстаздықтың ұлы қасиетін, шын мәніндегі үлкен абырой, бедел, білім күшінің иегері екенін оқушы жүрегіне ұялаттым.

Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кетсем де, көңілдегі арман толастамай, толқу мен қуаныш қатар алмасып, мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатқаным — өз мамандығымды шексіз сүюден болар деп ойлаймын.

Бүгінде осы мен таңдаған тарихшы мамандығының тізгінін ұстап, талайлардың талабы мен талантын тасытып жүрген ұстаздар дүниенің әр бұрышында адамзаттың сауатын ашып, рухани және материалдық құндылықтарды мүмкіндігінше тиімді меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін терең зеріттеп, теориялық талдаулар мен тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде.Менің де осындай биіктерден көрініп және өз мамандығымның қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, мықты тарихшы болу үшін барлық күш–жігерімді сарп етуге әзірмін

Бүгінгі таңда мұғалім өте креативті, мейірімді, ұқыпты, балаларға мұқият және өз кәсібіне құзыретті болуы керек деп санаймын. Біз өте жақсы психолог болуымыз керек, өйткені қазіргі кезде балалар ересектерден ерекше назар аударуды талап етеді. Меніңше, мұғалімдік мамандық тек шығармашылық адамдарға арналған сияқты. Күннен-күнге қуаныш пен қиын жағдайларды көріп, естіп, бір баланың емес, мыңдаған баланың өміріне қатыса беру кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Үлкен сезімталдық, шыдамдылық, мамандыққа деген адалдық, ерік-жігер мен мінездің беріктігі мұғалімдерге өз алдында тұрған қиын міндеттерін шабытпен атқаруына ең үлкен қозғаушы күш.

Тарих сабағын қызықты әрі уақытымды үнемді пайдалану үшін бір сабақтың өзінде түрлі әдістерді өткіземін, мысалы; шаттық шеңбері, 7

2

керемет, танысу бұрысышы, кемпірқосақ топтары,қар кесегі, жұптық әңгіме ыстық орындық,үш қадамдық сұхбат т.б Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі-inter (бірлесу) act (әрекет)) сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып, өткізген сабақтарым оқу процесінде уақытымды үнемдей отырып, білім алушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады, қызықтырады. Білім алушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып, таңғалып, шабыттанып отырып білім алады деп ойлаймыз.

Бүгінгі таңда мен мұғалімнің тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі бола алатынын жақсы білемін. Осыған орай сабақ беру барысында қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделін қолданамын. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі - «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті әдістерге мыналар кіреді: проблемалық шығарма әдістері; презентациялар пікір таластар; топпен жұмыс; миға шабуыл әдісі; сын тұрғысынан ойлау әдісі; викториналар; зерттеулер;іскерлік ойындар; рөлдік ойындар; инсерт әдісі т.б.Аралық өзге пәндер сияқты бүгінгі тарих сабақтарында топқа бөліп оқыту, рольдік ойын элементтеріне, пікір – сайыс және басқа дәстүрлі емес түрлері,т.б. оқытудың жаңа технологиясы тәжірибеге көптеп ене бастады.Сол себепті тарихшы ұстаз өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық–педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуы қажет, әрі оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта АКТ құралдарын қолдана білу керек.

Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды тарих сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:;
 Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
 Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз- бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»- деген ойын басшылыққа ала отырып жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.



3

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!