Менің сүйікті мамандығым және методикалық шеберлігім

Тақырып бойынша 24 материал табылды

Менің сүйікті мамандығым және методикалық шеберлігім

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің сүйікті мамандығым және методикалық шеберлігім туралы Эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің сүйікті мамандығым және методикалық шеберлігім

Эссе

«Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылығы, әдемі ұлттық парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу барша халықтың міндеті»

Н.Ә. Назарбаев.

Қазіргі күн сайын қарыштап дамып келе жатқан заманда өзінің мамандығын, өмірлік еңбек жолын енді ғана бастаған жастар, ол біздер. Біз осы ғасырдың көшімен ілесе білуіміз абзал.

Ізгі мамандықтардың бірі – мұғалімдік дер едім. Ұстаз баланы оқытып, тәрбиелеп, елін көркейтер азамат тәрбиелейді.

Менің түсінігімдегі ұстаз рухы таза, ой өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өзбойындағы асыл қасиеттері менбілімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі жылы, көңілі дархан адам.

Ұстаз жас ұрпақтың рухани сәулеткері. Ол зерделі де зерек, парасатты, ұлттық, азаматтық құндылықтарды бойына сіңірген тұлғаларды тәрбиелейді, өз елінің жас болашағына тәлім тәрбие береді, бұдан тек қана баланың өмірі қалыптаспайды, сонымен қатар бұл ұлттың, елдің қоғамы қалыптасады. Қазақстанның өркендеуіне, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуына үлкен әсер етеді.

Мен, Мұхаметжанова Айгүл Бақытжанқызы, қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты таңдадым. Өзім бала кезден дизайнер болуды армандайтынмын, сол арманымның жетелеуімен Қарағанды қаласындағы сән колледжін тәмәмдап, киімдерді модельдеу мен конструкциялау мамандығын алған соң, 2016 жылы Шымкент қаласындағы Silkway Халықаралық университетінің кәсіптік оқыту мамандығына оқуға түсіп, 2019 жылы аталған мамандық бойынша аяқтадым. Жоғары білімді маман атанып, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының, Матақ ауылындағы №15 орта мектепке көркем еңбек пәнінің мұғалімі болып жұмысқа тұрдым.

Негізгі мақсатым – өз білгенімді, білімімді оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыруға арнау. Оқушының шығармашылық қасиетін дамыту үшін басым міндетті оқушының өз қолына беріп отырған дұрыс. Әр түрлі сайыстарға қатыстырудың маңызы зор. Оқушының өзіне деген сенімділігі арта түседі. Сондықтан мен оқушыларымды сайыстарға жиі қатыстырамын, жетістіктеріміз де жоқ емес. Атап айтсам, «Жас дарын» атты қашықтық балаларға арналған конкурсқа қатысып шығармашылық жетістіктері үшін дипломмен марапатталған оқушылар: Қабдраш Аңсар, жұмыстың тақырыбы: «Күрішпен салынған сурет», Бегайдар Гүлбахар, жұмыстың тақырыбы: «Еркін тақырыпқа салынған сурет», Рымбек Аймира, жұмыстың тақырыбы: «Сыйлық салатын қорап», Айбол Айзада, жұмыстың тақырыбы: «Қолдан жасалған бұйым», Республикалық «Жарқын жол» ғылыми ақпараттық, танымдық тәрбиелік порталының ұйымдастыруымен өткен «Күз береке бастауы» атты байқауда күз бейнесін ерекше суреттеп, таланты мен дарындылығын ұштастыра отыра көзге түскен Айбол Айзада мен Қайрат Айзере І дәрежелі дипломмен марапатталса, Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты ұйымдастырған көркем еңбек пәнінен қашықтық олимпиадасынан Сағынтай Аделя І дәрежелі, Бегайдар Гүлбахар мен Қабдраш Аңсар ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Өзім Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты ұйымдастырған қашықтық олимпиадасынан ІІ дәрежелі диплом алсам, Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен, «Мың бала» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Ең үздік сынып жетекші» атты Республикалық байқауына қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін ІІ орын иелендім. Және «Қараша» - Республикалық Заманауи сынып жетекші атты Блиц – Турниріне үздік қатысқаным үшін І дәрежелі дипломмен марапатталдым. «Қараша» - Республикалық көркем еңбек (қыздарға) пәнінен ұстаздар арасында Блиц – Турниріне үздік қатысқаным үшін І дәрежелі дипломмен марапатталдым.

XXI ғасыр - білім ғасыры. Жастардың-ғасыры. Рухани-жаңғыру ғасыры! Осы алтын ғасырдың басты құндылығы оның ұрпағы. Ал, осы ұрпақты өркениет көкжиегіне қанат қақтыратындар, көк аспанға самғататындар –ұлт ұстаздары, жас мамандар. Біз, жастар, қазақстанның патриоттары ретінде, өз еліміздің ұлжанды азаматы болу борышымыз деп білемін.

Мен өз мамандығымды сүйемін. Сондықтан мен осы мамандықты таңдадым. Бүгінгі таңның талабына сай мұғалім ретінде өз құндылықтарыма аса мән беремін. Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста деген өсиетін мен де ұстап, ұстаздық жолды таңдадым. Мен де «Сен де бір кірпіш, дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деген Абай өсиетімен өсіп келе жатқан дүниенің бір кірпіші - жас маманмын!

Есіме, Альберт Эйнштейннің «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын» деген сөзі түсіп отыр. Шын мәнінде, бүгінгі таңда жас маманның алдына қойған міндетінің негізі де осы. Оқушыларға үйретуден гөрі жағдай жасау, олардың көркем еңбек пәніне деген қызығушылығын ояту.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2025
132
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі