400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің сүйікті ойыншықтарым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандардың білімін жетілдіруге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: « Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншығым»

Өтпелі тақырып: Менің отбасым, ата-аналар еңбегі.

Мақсаты: : 1) Балаларды заттардың атын дұрыс атап, оған сипаттама бере білуге, түсті, пішіндерді дұрыс ажыратып айтуға үйрету; 2) Балаларға дыбыстарды дұрыс айтып, екі - үш сөзден сөйлем құрап айта білуге дағдыландыру; 3) Сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілетін дамыту, ойынға деген қызығушылығын арттыру; 4) Ойыншықтардың түрлерімен таныстыру; 5) Ойыншықтарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көнекіліктер: түрлі ойыншықтар, ойыншықтардың суретттері.

Сөздік жұмыс:ойыншық, қуыршақ, машина, поезд,

Билингвальды компонент: қуыршақ-кукла.

Оқу іс-әрекетінің кезендері

Педагогтың іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық- қозғаушылық



Шаттық шеңбері:

Педагог балалармен амандасып,

- балалар, бүгін бізге қонаққа апайлар келіпті, олай болса бәріміз орнымыздан тұрып, амандасып алайық.

Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал, кәнекей , бәріміз Сәлем дейік, үлкенге.


Балалар шеңбер жасап тұрады.

Педагог жасаған қимылдарды қайталайды.




Ұйымдастырушылық-ізденістік

Әңгіме жүргізу:

Балалар, қараңдаршы қандай әдемі, әсем ойыншықтар… Біз бүгін осы ойыншықтар туралы көбірек біліп, әңгімелесеміз.

-Балалар ойыншықтар бірнеше түрге бөлінеді: қатты ойыншықтар, жұмсақ ойыншықтар, резеңке ойыншықтар. Қатты ойыншықтарға машина, ұшақ, пойыз жатса, жұмсақ ойыншықтарға аю, қоян жатады . Резеңке ойыншықтардың жұмсағыда қаттысы да болады.

Ғажайып сәт:

Есік қағылады. Топқа қоян кіреді.

-Балалар, бізге қонаққа кім келген?

Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендермен қызық ойын ойнау үшін келдім. Дорбам толы сыйлықтар, кім жақсы ойнаса, сыйлығымды аямаймын.

«Кім жылдам?» ойыны. Балалар ойыншықтарды көрсеткен кезде, жылдам оның атын айту керек.

«Топқа бөл» ойыны. Ойыншықтарды жұмсақ, қатты, резеңке түріне бөліп корсету керек.

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жугірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.


Дыбыстық жаттығулар :

Шық, шық, шық, ойыншық.

Шақ, шақ, шақ, қуыршақ.



Балалар ойыншықтарға назар аударады.



















Балалар сәлемдеседі.

Қызығушылықпен дорбасына қарайды.












Бәрі орындарынан тұрып, көңілді орындайды.









Қайталайды.


Рефлексиялық-түзетушілік


-Балалар ойыншықтарды сындырмай, ұқыпты ойнаймыз. Ойыншықтар-біздің досымыз.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мақтап, сыйлықтарын таратады.

Тыңдайды.



Қуаныштарын білдіреді.



Күтілетін нәтижелер:

-Біледі: ойыншықтардың атын, түрін ажыратуды;

-Игереді: ойыншықтар туралы білімдерін толықтырып, ойыншықтарды дұрыс қолдану дағдыларын;

-Меңгереді: ойыншықтар және оның неден жасалғанын, ойыншықтармен ұқыпты ойнауды.

ТЕКСЕРГЕН_________



























«Балдырған» бөбекжай-балабақшасы













«Менің сүйікті ойыншықтарым»













Тәрбиеші: Зейнолла.Г.Ү











2017-2018 жж

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
3 қараша
5072
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі