Сабақтың
тақырыбы:Менің сүйікті
ойыншықтарым Сабақтың
мақсаты: Балаларды
ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік
қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін
жетілдіру, ойын арқылы қызығушылығын артыру мақсатында өткізілетін
сабақ түрлі түсті ойыншықтар, көрнекілікке алып
көрсету Сабақтың
тәсілдері: түсіндіру,
әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын, көркем сөз пайдалану.
Сабақ
барысы: Шаттық шеңбері:
Кішіге де сіз, Үлкенге де сіз Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз.
Сәлем күн - анамыз, Бүгін бәріміз қуанамыз. Қ айырлы таң! Қайырлы
күн! Күліп шыққан бүгін Күн! «Көбелек гүлге
қонады» ойыны Ойынның
шарты: Сендер гүлдерсіңдер, сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады.
Көбелек қонған бала менің сұрағыма жауап береді. 1 Қазір жылдың қай
мезгілі? 2 Күз мезгілінде неше ай бар? 3 Ауа - райы қандай болады?
4 Сүйікті ойыншығың қандай?
Балалар
енді «Ненің суреті
жасырылған?»
ойын
ойнап алайық. Ойын шарты бойынша өздеріңе ұнаған пішіндерді таңдап
алыңдар, олардың артында аяқталмай қалған суреттер бар сол ненің
суреті екен табыңдар.Жасырылған суреттер: доп, қуыршақ, машина, ит
т. б- Балалар, сонда бұлар ненің суреттері?- Ойыншықтардың -
Жарайсыңдар, дұрыс. Осы ойыншықтарымыз қандай пішіндердің артына
жасырылған?Балалар сендер үйде, балабақшада не істейсіңдер? Немен
ойнайсыңдар? Иә, балалар бүгін біз сіздермен сүйікті ойыншықтарымыз
туралы айтамыз!Ойыншықтармен қалай ойнау керек екенін білеміз бе?
(балалардың жауабы)Мына керемет ойыншықтар барлығы балалар үшін
жасалған. Олар үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады.Күнделікті
ойыншықтарымыздың неден жасалатынын білеміз бе? Иә, онда мына
ойыншықтарымызға мұқият қарайықшы. Ойыншықтардың мынадай түрлері
бар екен. Ойыншықтардың түрлерімен таныстырып кетейін. 1.
пластмассалы 2. резиналы 3. матадан 4. ағаштан 5. темірден Балалар
сендер енді өздеріңнің ойыншықтарыңды неден жасалатынын білдіңдер
ме? Сергіту
сәті: Тікірейіп екі
құлағы, Менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп, Беті қолын жуады.
Секірем деп үстелден, Құлап жүрме мысығым.
«Ойыншықты
сипатта»
ойынның
шарты бойынша ортаға шыққан баланың көзін байлап қолына ойыншық
ұстату, оның қандай ойыншық екенін қолымен сипап көру арқылы
атау. Сабақты
қорытындылау: Балаларды мадақтау
Орнымыздан тұрайық, Түзу сызық құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау -
саламат болайық!