«Бекітемін»
№ 32
«Қуаныш»МДҰ
меңгерушісі
А.Е
Ескалиева
______________
«Рухани жаңғыру»
бағдарламасына арналған
іс-шаралар
«Менің сүйікті
Отаным»

( тақырыптық
сағат)
«Бәйшешек» ортаңғы
тобы
Тәрбиеші: Сүйінбаева Ж.
Қ.
Ақтөбе
2020
Мақсаты: Отанымыз-Қазақстан
туралы алғашқы мағлұмат беру. Еліміздің кең байтақ жері, сұлу
табиғатымен таныстыру. Ойын әрекеті кезінде қоршаған ортаға
қызығушылығын дамыту. Туған елін, жерін сүюге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ағаштың, жабайы аңдардың ,
гүлдердің, құстардың, балықтардың суреттері.Сары, жасыл, көк түсті
мата таспалар.
Тәрбиеші: әр адамның жер бетінде өзінің туған
жері болады. Бұл жер-Отан деп аталады. Сондай-ақ «Кішкентай Отан»
деген сөз бар, бұл-біздің кең байтақ жеріміздің бір бөлігі:бұл біз
тұратын қала, көше, тіпті біздің балабақшамыз. Балалар, кім біледі,
біз тұратын қала қалай аталады? Ол
қандай?
Балалардың
жауаптары.
Тәрбиеші: дұрыс, біздің қаламыз үлкен. Оның
айналасы көптеген ағаштармен, бұталармен, әдемі гүлдермен
қоршалған. Біздің аймақты түрлі аңдар, құстармен балықтар мекен
етеді. Біздің аймақтың табиғаты туралы білу үшін мен сендерге
ерекше саяхатқа баруды ұсынамын. Біз саяхатқа немен барамыз?
(балалардың жауаптары) Ұшақпен
барайық.
Тәрбиеші: балалар, ұшақ әуеге ұшқан кезде
бізге бәрі өте кішкентай болып көрінетінін ұмытпаңдар. Қараңыздар:
көгілдір таспа-бұл біздің өзен-көлдеріміз, жасыл таспа-ормандар, ал
сары таспа-жазық далалар мен жайылымдар екен. Ал енді, ұшуға
дайынбыз ба?Бәріміз қолдарымызды жанымызға жайып, ұшаққа айналамыз
және ұшамыз. (балалар шеңбер бойымен ұшақ болып, ву-ву деп
дыбыстап, ұшады)
Тәрбиеші: біз орманға келіп жеттік.
(орындарына балалар отырады)
Балалар, орманның өз ережелері бар: шу
шығармаңыз және айқайламаңыз. Себебі, орман-біздің үйіміз сияқты,
өсімдіктер, құстар мен аңдардың
үйі.
Біздің орманда қандай ағаштар өсетінін білу
үшін, алдымен жұмбақтар шешу
керекпіз.
Жұмбақтар
шешу:
Бұл ағаш өссе
далада,
Жаңбырда болар сая да.
(емен)
Жасыл ине
киімім,
Жайлаймын тау
биігін.
Жаңа жылды
тойласаң,
Төріңдемін
үйіңнің.
Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар! Орманда
ағаштармен бірге орман тұрғындары да бар екен. Сендер қандай
орманда тұратын аңдарды білесіңдер? (балалардың жауаптары). Дұрыс.
Олардың барлығы орманда тұрады екен. Бұларды бір сөзбен қалай
атауға болады?
Балалар: жабайы
аңдар
Тәрбиеші: неге олар
жабайы?
Балалар: өйткені олар орманда
тұрады.
Орманда тағы нелер
тұрады?
Балалар:
құстар
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар балалар. Қандай
құстарды білесіңдер? (балалардың
жауаптары)
Тәрбиеші балалармен бірге құстарды (үкі,
сауысқан, тоқылдақ, бұлбұл) ағаштарға , төменгі жеріне аңдарды (аю,
қоян, қасқыр, түлкі, тиін, кірпі)
орналастырады.
Сергіту
сәті:
Ормандағы ағаштар биік болып өседі (балалар
қолдары жоғары көтеріп
созады)
Орман аңдары қоян құлақтарын қозғайды
(қолдарын төбелеріне қойып, алға-артқа
қозғайды)
Ормандағы түлкі тәрізді жүреміз (аяқтарының
ұшымен жәй басып жүреді)
Ал қасқыр болса жан-жағына қарайды (бастарын
оңға-солға бұрады)
Тышқандар болса жәймен ғана өз індеріне
жүгіреді (балалар орындарына келіп
отырады)
Тәрбиеші: балалар, енді мына көк таспаға
қарайықшы. Бұл не болуы
мүмкін?
(балалардың болжамдары) Бұл- қаламыздағы Елек
өзені. Суда нелер болады? Қандай балықтарды білесіңдер? (көксерке,
сазан, алабұға)
Ойын: Судағы
балықтар
Тәрбиеші көк мата төселген қорапшаны
балаларға «Өзен» деп
түсіндіреді.
Ойын шарты: балықтарда тәрбиеші өзі суда
ойнатады. Жоғары су бетіне көрінген балықты балалар суретке түсіруі
керек, яғни қолдарын
шапалақтайды.
Тәрбиеші балалардың назарларын келесі сары
түсті таспаға аударады.
-Енді мына сары түсті таспаға қарайықшы. Бұл
не екенін кім есіне түсіре алады? Бұл сары түс-біздің өрістер мен
жайылымдар, жазық далаларымыз. Біздің даламыз гүлдер мен
жидектерге, саңырауқұлақтарға толы. Балалар сары түске гүлдер мен
саңырауқұлақтарды
орналастырады.
Тәрбиеші таныс түстерді балаларға көрсетіп,
қайталап сұрайды, бекітеді.
Тәрбиеші: ал балалар, біздің бақшаға қайтатын
уақытымыз болды, кәне бәріміз ұшақ болып қайтайық. Ұшағымызды
оталдырайық. Балаларшеңберге тұрып, ұшақ болып
ұшады.
Қонатын мезгіл болды,
қонамыз.
Қорытынды.Тәрбиеші: біз қайда бардық , немен
бардық? Нелерді көрдік? (балалардың
жауаптары)



