400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің сүйікті қалам, Ел ордасы - Астанам»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 19.12.2018 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: «Астана-Отанымыздың жүрегі»

Топ: II- кіші тобы

Тақырып: «Менің сүйікті қалам, Ел ордасы - Астанам»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Елін, жерін, туған қаласын сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың қала, ауыл және Астана туралы түсініктерін сурет бойынша тиянақтап, ой-өрісін дамыту.

Оқыту: Балаларға Астана туралы түсінік беру.

Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Ауыл , қала туралы мазмұнды суреттер, хрестоматия, жұмыс дәптер.

Билингвалдық компонент: қала-город, ауыл-деревня.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері

Отаным менің кең байтақ,

Жайнаған сансыз қаласы.

Жайқалған жомарт даласы.

Ел –Отан біздің кең байтақ,

Отанның біздер баласы.

Негізгі бөлім: -Балалар айтылған өлең шумағы не туралы?

-Ендеше бүгін,ауылымыз,қаламыз және ел ордасыАстана туралы әңгімелесеміз.

-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстанның ел ордасы қай қала?

Астана қаласының әсем көрінісі бейнеленген суреттері бойынша әңгімелеу.

«Астана» өлеңін оқып беру.

Астана –арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жасыл болып,

Мен үлкен болғанда да.

Астана - сұлу қала.

Біз оны анамыздай

Сүйіміз шынында да.

-Өлең шумағында не туралы айтылған?

-Ал біз тұратын қала қалай аталады?

-Біз тұратын қаланың,ауылдың қандай көрікті жерлерін білесіңдер?

Сергіту сәті.

Апорт деген алманың,

Таттың ба сен бал дәмін?

Апорт деген тәтті алма,

Өседі ол бақтарда.

Алатауда өседі ол,

Оған тең жоқ деседі ел.

Ойын: «Ауылға саяхат»

-Балалар біздің ата-анамыз ауылда туып өскен.

-Сендердің ауылда қандай туыстарың бар?

-Ендеше біз қазір ата-әжелерімізге қонаққа барайық.

-Ауылға немен барамыз? Олай болса, жолымыз қысқарсын деп «Әже» туралы ән айтайық Әже

Сағындым, әже, өзіңді,

Мейріміңді көзіңді,

Ертегіңді сағындым,

«Құлыным» деген сөзіңді.

Сағындым,әже,сағындым,

Мейіріңе табындым,

Демалысқа шығамыз

Аяғында мамырдың.

Сағындым,әже,сағындым,

Ағайын,туған, бауырды

Қуат алып келейін

Топырағынан ауылдың.

Сағындым,әже сені шын,

Даналықтың кенісің,

Құрт-майыңды сағындым

Сақтап қойған мен үшін.

-Міне ауылға да келдік.

-Балалар әжем із бен атамыздың тұратын үйі қандай.

Қорытынды: -Енді бәріміз шеңберге тұрып,атамыз бен әжемізге жақсы тілектер айтып, оқу іс-әрекетімізді аяқтайық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
2170
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі