Кітап дегеніміз-алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. «Кітап оқудан
тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік»-деген еді Ғабит
Мүсірепов.
Кітап таңдап, талғап оқи білу,
оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу-
әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын
алғы шарттардың бірі.
Көркем шығарма-адам
тәрбиелейтін басты әрі қуатты құрал.Ол адамгершілік қасиеттерді
қалыптастырады. Кітап оқу арқылы адамның мінез-құлық нышандары
өзгереді. Баланың қуану, аяу, өкіну, жақсы көру сезімдері оянады.
Көркем сөз арқылы Отанын, елін, өз отбасын сүю, адамды қадірлеу,
жан-жануар, табиғатқа деген қамқорлық сезімдері оянады, білуге
құштарлық сияқты қасиеттер дариды. «Көркем әдебиет-өмір айнасы»,
«кітап-білім бұлағы» дейтін теңеулерді ХХ ғасырдағы
ақын-жазушылардың үнемі айтқаны белгілі. Ал, бүгін ақпараттық
технология дамыған XXI ғасыр. Әр үйде теледидар, радио,
компьютер, интернет, яғни ақпарат алудың кітаптан басқа жүйесі
қарқынмен дамып келеді. Білім қуған жастардан бастап әдеби шығарма
оқуды әдетіне айналдырған кітапқұмар адамдардың баратын орны, яғни
білімін тереңдететін орталығы кітапхана.
Жұмбақ
шешіңдер:
Сөзі
дана, Үні
жоқ. Сөйлемейді, Тілі
жоқ. Қолыңа алсаң –
шешен, Ақылы асқан
көсем.
(Кітап)
- Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Менің
сүйікті кітабым»
Сабақтың барысымен
таныстыру. - Балалар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі
тақырыпты жазыңдар.
Жаңа сөздерді қатыстырып сөз
тіркестері,сөйлемдер
құрастыру. Сүйікті іс, кітап оқу, көңілді кейіпкер,
жақсылыққа үйретеді, әңгіме ұнайды, тез оқыдым, ертегі оқыдым, дана
адам.
Кластер
құру «Менің сүйікті
кітабым»
сүйікті
қызық
шығармалармен
таныстырады



оқыдым
тәрбие
береді

білім
береді
Кітап туралы қандай мақал-мәтелдер
білесіңдер?
*Кітап - алтын қазына.
*Кітап алтын сандық:
іші толған қазына, құт,
оқы, оқы, ойыңа тұт.
*Кітап - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
*Кітап - ғалым, тілсіз
мұғалім.
*Кітап көзі жұмыққа арзан,
көзі ашыққа маржан.
*Кітап - қаймақ, білім -
оймақ.
*Кітап - оқығандікі, білім
тоқығандікі
Викториналық
сұрақтар
1. Кітаптар тұрағы
қалай аталады? (Кітапхана)
2. Кітаптармен жұмыс
істейтін маман қалай аталады?
(Кітапханашы)
3. Кітапханаға барып
үнемі оқитын адам қалай аталады?
(Оқырман)
4. Балаларға
арналған қандай газет – журналдарды білесіңдер? («Ұлан»,
«Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Ақ желкен»
т.б.)
5. Кітап басып
шығаратын жер қалай аталады?
(Баспахана)
6. Мектеп
оқулықтарын қандай баспалардан шығады? («Атамұра», «Мектеп»,
)
7. Кітапты жазған
адамды қалай атайды? (Автор)
8. Халықаралық
балалар кітабы күні қай күн?
(2-сәуір)
9. Дүниежүзілік кітап күні қай
күн? (23сәуір)
|