Білім
беру саласы:Ті дамыту.
Тақырыбы:
«Менің сүйікті үй жануарларым»
Мақсаты:Үй
жануарлары туралы түсінік беру.
Б.М:Үй
жануарлары және олардың төлдері туралы
білімдерін бекіту.Олардың бір-бірінен
ажырата білуге үйрете отырып,олардың
пайдалары туралы айтып түсіндіру.
Д.М:Үй
жануарларына байланысты тамақ,мақал-мәтелдерді
қайталап отырып, сұрақ-жауап арқылы тіл
байлығын дамыту.
Т.М:Үй
жануарларына жанашырлыққа,қамқорлыққа
тәрбиелеу.
Көрнектіліктер:Үй
жануарларының суреттері,бетперделер,жайлаудағы
үй,үй жануарлары және жабайы аңдар
ойыншықтары.
Әдіс-тәсілі:Сұрақ-жауап,түсіндіру,көрсету,ойнау.
Жылулық
шеңбері:
Қуан шаттан,алақай
Күліп шықты күн берік
Қайырлы таң,қайырлы күн!
Сәлеметсізбе,есенсізбе?
Бәріміз күндей жанайық,
Бәріміз тату болайық!
Балалар шеңберде тұрып бір-біріне жылы
лебіздерін білдіреді.
Жылдың
қай мезгілі?
1.Көктем
мезгілінде неше ай бар? (Үшеу)
2.Көктем
айларын атаңдаршы? (Наурыз,Сәуір,Мамыр)
3.Бір
аптада неше күн бар? (7 күн бар)
Қане,балалар апта туралы санамақ
айтайықшы?
Балалар
бүгін үй жануарлары туралы әңгімелесеміз.Үй
жануарларын айтайықшы.Суретті көрсете
отырып,балалардан сұрау.
Мынау
не?Жайлауда жайылып жүрген үй жануарлары
мен төлдерінің суреттерін көрсете
отырып,төлдердің қалай аталуын сұрау?Енді
балалар сергіту сәтін жасайық.
Қане
қанат жазайық Қолдарын
жазу.
Құс
болып ұшайық Құс болып
қолын сермейді.
Ұшып-ұшып
алайық Құс болып ұшады.
Орнымызға
қонайық. Орындарына
отырады.
Жандандыру:
Қой
маңырайды мә-мә-мә
Сиыр
мөңірейді мө-мө-мө
Түйе
боздайды бө-бө-бө
Ешкі
бақырады бе-бе-бе
Үй
жануарларының адамға қандай пайдасы
бар?
Б.Соқпақбаевтың
«Саққұлақ»өлеңін айту,жаттаумен- моника
әдісі бойынша.
Күшігім
менің саққұлақ
Келеді
әне шапқылап
Сақтығыңды
көрейін
Қойшы
атайға берейін
Дидактикалық
ойын «Төлін тап»
Мақсаты:Үй
жануарларының және төлдерінің атауын
игеріп,бір-бірінен ажырата білуге
үйрету.
Ойынның
шарты:Балалар бір-бірден шығып,жануарларды
төлдерімен табыстырады.
Балаларды
мадақтау. Біз не білдік?
Үй
жануарларының адамдарға үлкен пайдасы
бар.
Мысық,ит-үй
жануарлары.