400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің сүікті ойыншықтарым.

Материал туралы қысқаша түсінік
БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНЕ ДРАМА ҰОІҚ -НЕ АРНАЛҒАН ТЕХ.КАРТАЛАР ЖИНАҒЫ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация.

Білім бөлімі:Драма

Тақырыбы: Достық – біздің тірегіміз (халықтар достығы)

Мақсаты: Әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіру, оны адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалау дағдыларын жетілдіру.

Алдын ала жұмыс: əртүрлі музыкалар жинақтау ойын-жаттығулар қарастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, үнтаспа.

Билингвальді компонент: музыкалық аспап – музыкальный инструмент

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивац

иялық қозғаушы:

- Балалар, Айару бүгін бізге сиқырлы сандық алып келді.Сандықты ашып көру үшін

сиқырлы сөздер айтайық.

1-тапсырма. Сиқырлы сөздерді əртүрлі екпінде айт.

Ақ сандығым, ашыл!

Ішінен жібек шашыл!

Сандықты ашқанда ішінен əртүрлі музыкалық аспаптар алып көрсетеді, оларда ойнап көруді

ұсынады.

2-тапсырма. Суреттегі аспаптарды ата. Əр аспап қандай дыбыс шығарады?

Ым-ишарамен жəне даусыңмен аспапта қалай ойнайтынын көрсет.

- Балалар, бүгін Айару бізге музыкалық қойылымдарда ойнауды үйретеді. Қалай

ойлайсыңдар, біз музыкаға сəйкес қимыл-əрекеттер жасай аламыз ба? Музыкалық театрда ойнау үшін, бишілердей билеп,

əртістерше əн айта білуіміз керек.

Музыка тыңдау: Айару бізге үнтаспадан музыкаларды тыңдап, оның көңіл күйін ажыратып беруді тапсырады.

Қызығушылық танытады.

Балалар сиқырлы сөздерді

əртүрлі екпінде айтады

(ақырын, қатты, сыбырлап).

Балалар өздеріне таныс

аспаптарды атайды.

Аспаптарда кезекпен ойнап

көреді.

Балалар жарты шеңбер

болып отырады.

Аспаптарды атайды жəне

осы аспапта ойнауды

бейнелейді.

Балалардың əрекеті.

Музыканы тыңдайды,

əуендерді дұрыс ажыратады,

біріншісі - көңілді əуен,

екіншісі - көңілсіз əуен.


Іздену ұйымдастырушы бөлімі








Айарумен бірге орманға серуенге баратындарын айтады.Қояндар мен аюлар қай

жолдармен жүретінін, музыкалық

қимылдар арқылы олардың жүрісін көрсетуді сұрайды.

Сергіту сəті: «Шаршасақ, дем алайық».

Бастапқы қалып: аяқтарыңды иық

деңгейінде қойып, қолды босБалалар тапсырманы орындап, аюлар үлкен

жолмен, қояндар кішкентай жолмен жүретінін айтады.Аяқтың ұшымен көтеріліп, қолымызды көтеріп,тыныс аламыз. Босаңсыған денемізді төмен бос жібереміз де,түзуленбей-ақ үш рет: «ох-ох-ох» деп, қалған ауаны шығарамыз.

Ойын: «Кел, билейік». Қояндарға би

қимылдарын үйретіп, қимылдарды бір уақытта қайталауды тапсырады.

Ойын: «Əн салған кім?»

Көп бала бар бөлмеде

Біреуі əн салады.

Ал сырттағы біреуі

Кім екенін табады.


Аю мен қояндардың жүрісін

елестете отырып, музыкаға

сəйкес аю сияқты жүреді,

қоянша секіреді.

Сөздерді қайталайды.

Қимылдар жасайды.

Қол дене тұсында, бір

орында қосаяқтап секіреді.

Қол жоғарыда, бір орында жіберіңдер. айналып, қосаяқтап секіреді.Қол дене тұсында, қосақтап шеңбер бойымен секіру.

«Тоқта» деген белгіге тоқтап, екі қолды бүйірге қойып, бөксемен билейді.Енді осы қимылдардың

барлығын музыка ырғағына

салып қайталайды.

Балалар шеңбер бойымен

отырады. Бір бала сыртқа

шығып тұрады. Біреуі əн айтады. Сыртқа шыққан бала əнді кім орындағанын табады.



Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау :

-Бүгінгі сабақта оларға не ұнағанын, не қызықты болғанын айтуды ұсынады.

Балаларды мадақтау.


Балалар қорытынды сұрақтарға жауап береді.

Əсерлерімен бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: кейіпкерлердің мінез-құлқын ым-ишара, қимыл-əрекет арқылы;

түсінеді: дене қимылдары арқылы өзінің эмоциялық күйін жеткізеді;

қолданады: өз қимылдарын музыкаға үйлестіре түрлі əдіс-тəсілдерді.

















































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация.

Білім бөлімі:Драма

Тақырыбы: Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі

Мақсаты: Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау дағдыларын қалыптастыру. Сазды сахналық қойылым балалардың бойында адамның көңіл күйін, бет-пішінін, қимыл-қозғалыстарын дауыс ырғағына қарай тани білу қабілеттерін дамыту; музыканы тыңдай отырып кейіпкердің бейнесін бере білу; балалардың бойында достық,адалдық, батылдық, жанашырлық қасиеттерін тəрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: əртүрлі музыкалар жинақтау ойын-жаттығулар қарастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, үнтаспа.

Билингвальді компонент: музыкалық аспап – музыкальный инструмент

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивац

иялық қозғаушы:

- Балалар, Айару бүгін бізге сиқырлы сандық алып келді.Сандықты ашып көру үшін

сиқырлы сөздер айтайық.

1-тапсырма. Сиқырлы сөздерді əртүрлі екпінде айт.

Ақ сандығым, ашыл!

Ішінен жібек шашыл!

Сандықты ашқанда ішінен əртүрлі музыкалық аспаптар алып көрсетеді, оларда ойнап көруді

ұсынады.

2-тапсырма. Суреттегі аспаптарды ата. Əр аспап қандай дыбыс шығарады?

Ым-ишарамен жəне даусыңмен аспапта қалай ойнайтынын көрсет.

- Балалар, бүгін Айару бізге музыкалық қойылымдарда ойнауды үйретеді. Қалай

ойлайсыңдар, біз музыкаға сəйкес қимыл-əрекеттер жасай аламыз ба? Музыкалық театрда ойнау үшін, бишілердей билеп,

əртістерше əн айта білуіміз керек.

Музыка тыңдау: Айару бізге үнтаспадан музыкаларды тыңдап, оның көңіл күйін ажыратып беруді тапсырады.

Қызығушылық танытады.

Балалар сиқырлы сөздерді

əртүрлі екпінде айтады

(ақырын, қатты, сыбырлап).

Балалар өздеріне таныс

аспаптарды атайды.

Аспаптарда кезекпен ойнап

көреді.

Балалар жарты шеңбер

болып отырады.

Аспаптарды атайды жəне

осы аспапта ойнауды

бейнелейді.

Балалардың əрекеті.

Музыканы тыңдайды,

əуендерді дұрыс ажыратады,

біріншісі - көңілді əуен,

екіншісі - көңілсіз əуен.


Іздену ұйымдастырушы бөлімі








Айарумен бірге орманға серуенге баратындарын айтады.Қояндар мен аюлар қай

жолдармен жүретінін, музыкалық

қимылдар арқылы олардың жүрісін көрсетуді сұрайды.

Сергіту сəті: «Шаршасақ, дем алайық».

Бастапқы қалып: аяқтарыңды иық

деңгейінде қойып, қолды босБалалар тапсырманы орындап, аюлар үлкен

жолмен, қояндар кішкентай жолмен жүретінін айтады.Аяқтың ұшымен көтеріліп, қолымызды көтеріп,тыныс аламыз. Босаңсыған денемізді төмен бос жібереміз де,түзуленбей-ақ үш рет: «ох-ох-ох» деп, қалған ауаны шығарамыз.

Ойын: «Кел, билейік». Қояндарға би

қимылдарын үйретіп, қимылдарды бір уақытта қайталауды тапсырады.

Ойын: «Əн салған кім?»

Көп бала бар бөлмеде

Біреуі əн салады.

Ал сырттағы біреуі

Кім екенін табады.


Аю мен қояндардың жүрісін

елестете отырып, музыкаға

сəйкес аю сияқты жүреді,

қоянша секіреді.

Сөздерді қайталайды.

Қимылдар жасайды.

Қол дене тұсында, бір

орында қосаяқтап секіреді.

Қол жоғарыда, бір орында жіберіңдер. айналып, қосаяқтап секіреді.Қол дене тұсында, қосақтап шеңбер бойымен секіру.

«Тоқта» деген белгіге тоқтап, екі қолды бүйірге қойып, бөксемен билейді.Енді осы қимылдардың

барлығын музыка ырғағына

салып қайталайды.

Балалар шеңбер бойымен

отырады. Бір бала сыртқа

шығып тұрады. Біреуі əн айтады. Сыртқа шыққан бала əнді кім орындағанын табады.




Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау :

-Бүгінгі сабақта оларға не ұнағанын, не қызықты болғанын айтуды ұсынады.

Балаларды мадақтау.


Балалар қорытынды сұрақтарға жауап береді.

Əсерлерімен бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: кейіпкерлердің мінез-құлқын ым-ишара, қимыл-əрекет арқылы;

түсінеді: дене қимылдары арқылы өзінің эмоциялық күйін жеткізеді;

қолданады: өз қимылдарын музыкаға үйлестіре түрлі əдіс-тəсілдерді.












































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация.

Білім бөлімі:Драма

Тақырыбы: Аялайық гүлдерді

Мақсаты: Жұбымен келісе отырып, сезім ырғағы мен қозғалыс үйлесімін сақтау дағдыларын қалыптастыру. «Түлкі мен қоян» ертегісінің барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету;

кейіпкерлердің іс-əрекеттері мен дауыс ырғақтарын сəйкестендіре дұрыс

сөйлеуге баулу; достыққа, бірлікке баулу, адамгершілікке, мейірімділікке

тəрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: «Түлкі мен қоян» ертегісін оқып беру,ойын-жаттығулар қарастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, қойылымға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар.

Билингвальді компонент: қоян – заяц, түлкі – лиса.


Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивац

иялық қозғаушы:

Психологиялық дайындық. - Балалар, Айару бүгін бізді ғажайыптар əлеміне саяхат жасауға

шақырады.Көзімізді жұмып, тынышталайық.

Көз алдымызға ғажайыптар əлеміндегі гүлдерге қонған көбелектерді, сайрап ұшқан

құстарды, тауда жүрген аңдарды елестетейік. Ал енді көзімізді ашайық. Ғажайыптар əлеміндегі көріністі бірге тамашалайық.

- Балалар, мен көзімді жұмып,жортып жүрген коянды көрдім,сендер ше?



Балалар жарты шеңбер болып

отырады.

Көздерін жұмып, педагогтің

айтқандарын көз алдарына

елестетіп, əңгімелейді.

- Мен ұшып жүрген көбелектерді

көрдім.

- Мен тауда жүрген аңдарды,

түлкіні көрдім.

- Мен ағаштың түбінде отырған

қоянды көрдім.

- Мен жайқалып тұрған гүлдерді

көрдім.


Іздену ұйымдастырушы бөлімі








Алдын ала түрлі түсті қағаздан кішігірім көбелектер үлгісін дайындалып, оларды жіпке

бекітеді.

– Келіңдер, ғажайыптар əлеміндегі көбелектер мен құстарды ұшырып ойнайық.

Тыныс алу жаттығулары:

1. Балалар, біз өзімізді гүлдер бағында жүрміз деп елестетейік.Гүлдер əдемі жəне хош иісті болады.Кəне, гүлдерді иіскеп көрейікші.

Тамаша!

2. Балалар жіп ұстаған қолдарын жоғары көтеріп, көбелекті ерін деңгейінде ұстайды. Сол мезетте мұрын арқылы ауа жұтып, ауа

ағымын көбелекке қарай, оны «ұшыру» үшін бағыттайды.

– Балалар, бір əуен естілген сияқты.Тыңдап көріңдерші.Ертегі ханшайымы билеп келеді.

– Сəлеметсіңдер ме, балалар,ғажайыптар əлеміне қош келдіңдер!Бұл жерде қызыққа толы ойындар мен ертегілер көп, ойнағыларың

келе ме?

Ойын: «Көңілді қояндар».

Қояным, жүрші,

Ұйқыңнан тұршы,

Беті-қолыңды жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы,

Айналаңа қарашы,

Бір баланы таңдашы.

Ойын: «Жануарлардың дауысын сал».

Жануарлардың дауысын ұқсастырып, бір деммен айтуларын тапсырады.

Бұзау қалай дыбыстайды?

Қозы қалай дыбыстайды?

Күшік қалай дыбыстайды?

Бота қалай дыбыстайды?

Құлын қалай дыбыстайды?

Марғау қалай дыбыстайды?

- Балалар, мен сендерді ғажайыптарəлеміндегі «Түлкі мен қоян» ертегісін сахналауға шақырамын.

- Ертегіде не туралы айтылды?

- Достар қандай болу керек?

- Түлкінің жасаған əрекеттері дұрыс па?

- Сен болсаң, не істер едің?

Ойын: Суретте «Түлкі мен қоян» ертегісінің қай кезеңі бейнеленген? Түлкі мен қоянның көңіл күйін ым-ишара арқылы көрсет. Осы үзіндіні жұбыңмен ойнап беріңдер.


Балалар түрлі түсті

көбелектерді тамашалайды.

Балалар жаттығуды қайталайды,

жаттығу 2-3 рет қайталанады.

Балалар жарты шеңбер болып

отырады. Ғажайыптар əлемін

тамашалап, Ертегі ханшайымын

тыңдайды.

Дөңгеленіп қол ұстасып тұрады,

ортада бір бала қоян болады.

Балалар барлығы бірлесе қоянды

оятуға тырысады.

Қимыл-əрекеттерді қайталайды.

Балалар жарты шеңбер болып

тұрады, ортасында тұрған

педагог балаларға доп

лақтырып, бір жануарды атайды.

Бала допты қағып ап, сол

жануардың дыбыстауын еске

түсіріп айтады.

Балалардың карточкаларды

бөліп алып, рөлдерге бөлініп,

қуыршақтарды алып, сахнаға шығып

ойнауын ұйымдастырады. Суреті

жоқ бос карточка алған балалар

көрермен болады.

Бұзау: Мө-мө-мө

Қозы: Мə-мə-мə

Күшік: Əуп-əуп

Бота: Бө-бө-ө

Құлын: Ио-о - ио-о

Марғау: Мияу-мияу

Балалар ертегіні зейін қойып

тыңдайды. Сұрақтарға жауап

береді.

Түлкі мен қоянның достығы

туралы айтылды.

Түлкі қоянды үйінен қуып

шықты.

Достар əрқашан бірге болу керек.

Сөздерді қайталайды.

Суреттерді қарастырады.

Ертегіден үзіндіні ойнап

көрсетеді: түлкі ашулы, жаман

дауыспен қоянға ұрысып, қуады,

ал қоян қорқып, түлкіден қашып

кетеді.

Сандықшадағы ертегі

кейіпкерлерінің рөлдерін бөліп

алады.

Бөлінген рөлдері бойынша

ертегіні конус театры арқылы

сахналайды.

Көрермен балалар шапалақ

соғып қошеметтейді.



Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау :

-Бүгінгі сабақта оларға не ұнағанын, не қызықты болғанын айтуды ұсынады.

Балаларды мадақтау.


Балалар қорытынды сұрақтарға жауап береді.

Əсерлерімен бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: дұрыс дыбыстау, мəнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады;

түсінеді: кейіпкерлердің іс-əрекеттері мен дауыс ырғақтарын сəйкестендіруді;

қолданады: қуыршақтарды түрлі қарқында қозғалтуды.

















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация.

Білім бөлімі:Драма

Тақырыбы: Өнер көзі халықта

Мақсаты: Театрландырылған әрекеттің басқа да жұмыс түрлері (саусақты, үстел үсті, көлеңкелі және тағы басқа) туралы ұғымдарын қалыптастыру. Саусақ театры арқылы балалардың саусақтары мен қол буынының

ұсақ қол моторикасын жақсарту, жалпы қозғалыстық белсенділікті арттыру; қолдың,

саусақтың қимылдарының үйлесімділігін дамыту; қиялын, логикалық ойлауын, көру

жəне есту қабылдауларын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру;

Алдын ала жұмыс: ойын-жаттығулар қарастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, қойылымға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар.

Билингвальді компонент: саусақ театры – пaльчиковый театр.

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивац

иялық қозғаушы:

Психологиялық дайындық. - Сəлеметсіңдер ме,

балалар! Көңіл күйлерің қандай?

- Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

- Жағымсыз, жаман сөз естігенде көңіл күйлерің қандай болады?

- Білесіңдер ме, адамдардың көңіл күйлері əртүрлі болады: жабырқау, көңілді, жайдары.

Көңіл күйлерді ым-ишара арқылы көрсетейік.

1. Қабақтарыңды түйіп, ашулы

адамның кейпін көрсетіңдер.

2. Қатты қорқынышты. Қасқырдан қорыққан қоянды немесе ұядан түсіп қалған балапанды,

мысықтан қорыққан тышқанды жəне иттен қорыққан баланы бет-əлпетіңмен көрсет.

3. Жылап тұрған адамды көрсет.

4. Жай күліп тұрған адамды жəне қатты күліп тұрған адамды көрсет.

5. Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсету.

Педагогті тыңдайды, сұрақтарға

жауап береді.

Көңіл күйіміз жақсы

Қуанамыз

Ренжиміз, мұңаямыз

Балалар тапсырмаларды

тыңдап, қорқу, жылау, ренжу

кейпіндегі көңіл күйлерді

бет-əлпетімен көрсетеді.


Іздену ұйымдастырушы бөлімі








Айару балаларды қуыршақтар жиналған сөреге шақырады.

- Біз қуыршақтар театрына келдік. Бұл жерде əртүрлі қуыршақтар тұрады. Олар өте

мейірімді, ойнағанды жақсы көреді.

- Алдымен қуыршақтармен

танысайық.

- Мынау – үстел үсті театры.Біз олармен өткен оқу қызметтерінде танысқанбыз.

- Неге үстел үсті театры деп аталған?

- Тағы қандай театр түрлері бар?

- Мынау – қуыршақ театры.Қуыршақ театрында қуыршақтарға адамның қолында

жан бітіп, тіріледі.

- Балалар, бұл жерде басқа да қуыршақтар өте көп. Мына театрға қараңдаршы. Сендер осы

əр қуыршақтармен ойнағыларың келе ме?

Бұл – саусақ театры.Бұл қуыршақтарды басқару үшін,қолымызды, саусақтарды

дайындап алайық.

Топ-топ-топ (саусақтарды тез

қимылдатып жүгіртеді.)

Тук-тук-тук (əр саусақпен үстел

үстін тықылдатады).

Ойын: «Саусақтар серуендейді».

- Балалар, саусақтар серуенге шығады, біз оларға жол көрсетейік.

- Олар жолмен қалай жүреді? Топ-топ-топ.

- Жаңбыр жауатын сияқты,саусақтар қалай жүгіреді:топ-топ, топ-топ, топ.

- Енді саусақтар үйлеріне кіреді:тық-тық-тық.

Саусақ ойыны:«Барабанда ойнаймыз».

«Біз – ұстамыз». «Дүрбілер».

- Енді қуыршақтармен ойнап

көрейік.

- Балалар, əр кейіпкердің өзіне тəн дауысы болады, сонны ұмытпаңдар. Өздерің таңдаған

қуыршақты тірілтіп, сөйлетуге тырысып көріңдерші.

- Мысық тамақ сұрағанда қалай дыбыс шығарады?

- Аюды оятып жіберсек, қалай ақырады?

- Көңілді бақалар қалай бақылдайды?

- Əтеш таңертең қалай шақырады?

- Жарайсыңдар, сендер жануарлардың дауысын келтіруді өте жақсы орындадыңдар.

1-тапсырма.

Айару: Саусақ театрында қуыршақтарды саусақтарға кигізіп, ойнатады. Суретке қара.

Саусақтардың аттарын атап үйрен.

Жұмбақтарды шеш.

Жазда қыдырады,

Қыста тынығады. (Аю)

Бейқам елді іздейді,

Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр)

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)

Ағаштан-ағашқа секірген,

Кішкентай ғана шапшаң аң. (Тиін)

Өзі айлакер, өзі бір қу,

Жүрген жері айқай да шу. (Түлкі)

– Балалар, бізге тек

саусақтарымызды қимыл- қозғалысқа келтіріп қана қоймай,мəнерлі сөйлей білуіміз керек.

Сонда ғана қуыршақтар саусақта еркін қимылдап, сөйлейді.

Ойын-жаттығу: «Саусақтар сөйлейді».

Айару балаларды санамақ айтуға

үйретеді.Тақпақтың сөзін айта отырып

саусақтарын бір-бірлеп ашып отыруларын ескертеді (тақпақтың сөзіне сəйкес аша береді).

2-тапсырма. Саусақтарға жұмбақта айтылған

кейіпкерлердің бет-əлпетін сал.

Қайда болдың?

Мынау үлкен ініммен

(Сұқ саусағын ашады)

Орманда болдым бүгін мен.

Мына бір ініммен

(Ортаңғы саусағын ашады)

Ас пісірдім бүгін мен.

Одан кейінгі ініммен

(Аты жоқ саусағын ашады)

Ботқа жедім мен енді.

Ал мына ініммен

(Шынашағын ашады)

Айттым əн мен өлеңді.

Балалар ойыншықтарға жақын

жиналып тұрады.

Балалар сөредегі қуыршақтарды

алып қарайды.

Қуыршақтар үстел үстінде

өнер көрсетеді.

Қуыршақ театры, конус театры,

көлеңке театрлары бар.

Балалар қуыршақтарды

саусақтарына киіп көреді, саусақты кезекпен бас бармаққа

түйістіріп амандасады.

Педагогтің көрсеткен

жаттығуларын қайталап,

саусақтарын үстел үстімен

жүргізеді.

Балалар саусақтарын бүгіп, яки

жұдырықтарын түйіп, кеуде

тұсынан сəл төмен ұстайды.

Содан соң сұқ саусағын жазып,

тік ұстап көрсетеді де,

«барабанда ойнаймыз» деген

педагогтің белгісі бойынша сұқ

саусағын жоғары-төмен

қозғалтады. Балалар екі

жұдырығын түйіп, сол қолымен

«шеге», ал оң қолымен «балға»

ұстап, балғамен шегені ұрады.

Балалар бас бармағы мен сұқ

саусағын біріктіріп шеңбер

жасайды да,

«дүрбімен қарайық» деген

белгісі бойынша саусақ

шеңберінен жан-жағына

қарайды.

Мияу-мияу!

А-а-а-а!

Бақ-бақ-бааақ!

Ку-ка-ре-ку!

Балалар саусақтарын атайды.

1-саусақ – Бас бармақ,

2-саусақ – Балаң үйрек,

3-саусақ – Ортан терек,

4-саусақ – Шылдыр шүмек,

5-саусақ – Кішкентай бөбек.






Балалар жұмбақтарды

шешеді: аю, қасқыр, қоян,

тиін, түлкі.

Сөздерді қайталайды.

Жаттығуды қайталайды.

Бас бармақтай балақай,

(Басбармақты ұстап)





















Балалар саусақтарға жұмбақта

айтылған кейіпкерлердің

бетпердесін салады (аю,қасқыр, қоян, тиін, түлкі).



Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау :

Балалар, сендерге саусақ театрын ойнаған ұнады ма?

Тапсырманы орындағанда саусақтарды қимылдату қиындық туғызды ма?

Бүгінгі сабақта оларға не ұнағанын, не қызықты болғанын айтуды ұсынады.

Балаларды мадақтау.


Балалар қорытынды сұрақтарға жауап береді.

Əсерлерімен бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: жаттығуларды орындауда саусақтарын қимылдатып, сюжет жасайды;

түсінеді: ойын барысында үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас

жасап, олардың ойын, əрекеттерін түсінеді;

қолданады: саусақ ойынын ойнау барысында қуыршақтарды қолдана алады.




































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация.

Білім бөлімі:Драма

Тақырыбы: Қазақстанның салттары мен дәстүрлері

Мақсаты: Адамгершілік нормалары туралы түсінік беру. Өз ойын білдіріп, басқалардың пікіріне құлақ асып, ұлдар мен қыздарға тән мінез-құлық ерекшелігін талқылау. «Театр əлемі» ойынында балалардың театр жəне оның ерекшелігі туралы түсініктерін қалыптастыру; өз сезімін ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы бере білуге үйрету;ертегілерді пайдалана отырып ойын дамыту; мейірімді, адал, шыншыл болуға тəрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: «Түлкі мен қасқыр» ертегісін оқып беру, сахна алаңдарын безендіру, ойын-жаттығуларын қарастыру, қуыршақтарды дайындау.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар.

Билингвальді компонент: ұшақ – самолет.


Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивац

иялық қозғаушы:

Психологиялық дайындық. - Балалар, бүгін біз қиялымызбен армандап көрейік. Сиқырлы ұшаққа отырып, қаламыздың көрікті жерлерін аралайық. Ұшақтың дауысы қалай еді, есімізге түсірейікші.

Балалар көз алдарына ертегідегі сиқырлы ұшақты елестетіп,

қолдарын жайып, ұшуға тырысады. Ұшақтың

дауысын шығарып көреді.

Іздену ұйымдастырушы бөлімі








Айарудың тапсырмалары.

1-тапсырма. Айнаға қарап,артикуляциялық жаттығуды жаса.Ол ұшақтың əнін үйренгісі келді. Ол күлімсіреп, барлық тістерін көрсете

аузын кең ашты, дауысын қосты,тілдің ұшын таңдайға тіреп, суық жел жіберді: «Р-р-р-р» – бірге қайталайық.

- Қараңдаршы, алыстан театр үйі

көрініп тұр. Театр екенін айтпай-ақ білуге болады. Жап-жарық алаң,айналасында адамдар көп, мұнда үнемі музыка ойнап тұрады.

- Балалар, қараңдаршы, театр алдында

нені көріп тұрсыңдар, бұл қандай сурет? (Афишаны көрсетеді.)

- Иə, бұл бетперделердің суреті,қараңдаршы, бетперделер қандай көңіл күйді білдіріп тұр?

- Бетперделердің меңзеп тұрған күйлерін ым-ишара арқылы көрсете аласыңдар ма?

- Балалар, театрға билет жоқ сияқты,

адамдар өте көп, қалай кіреміз?

- Ол үшін Айарудың тапсырмаларын орындайық.

- Менің қолымдағы əдемі қорапшаны

көрдіңдер ме, қарайықшы, оның ішінде не бар екен?

- Мына кереметті қараңдар, Айару бізге қоянның, түлкі мен аюдың киімдерін жіберіпті. Ендеше, ертегі кейіпкерлеріне айналып, олардың қимыл-əрекеттерін салып көрейік.

- Жарайсыңдар, балалар, келесі

тапсырманы орындап көрейік.

Педагог қорапшаның ішінен сиқырлы айнаны алып көрсетеді.

- Айнаға жақын келіп қараңдаршы,сиқырлы айна бізге қандай тапсырмалар дайындапты.

2-тапсырма. Ертегі кейіпкерлерінің көңіл күйін қайталап көрсет.

- Дымбілместің таңғалған күйін

көрсет.

- Қар ханшайымы сияқты қабағыңды түйіп, ашулан.

- Қасқырдан қорыққан қызыл телпекті қызды келтір.

- Қуанған баланың түрін көрсет.

Педагог келесі тапсырмаларды орындау үшін, қорапшадан мысықтар мен тышқандардың бетпердесін алып көрсетеді.

Ойын: «Жұбыңды тап».

- Бүгін ұлдар – мысықтар, ал қыздар –

тышқандар болады. Мысықтар тышқандарды биге шақырады.

- Міне, балалар, Айарудың тапсырмаларын өте жақсы орындадыңдар.

Енді кассаға барып, билет алайық.

- Қараңдаршы, қандай үлкен, биік

зал, өте жарық, əдемі екен.

Жүріңдер, киімілгішке өтейік. Мұнда

адамдар сыртқы киімдерін өткізеді.

- Киімдері ауысып кетпес үшін, əркім

нөмір қағазын алады. Сендер де киімдеріңді өткізіңдер.

- Тыңдаңдаршы, бірінші қоңырау соғылып жатыр, бізге тезірек орындарымызға жайғасу керек.

- Мынау – көрермендер залы.

Орталық орынды сахна алаңы алады.Сахнаға актерлер шығып, рөлдерде ойнайды.

- Айтыңдаршы, көрермендер қандай

ережелерді білуі керек?

- Дұрыс айтасыңдар, сонымен бірге

қойылым барысында қол соғып, қошемет көрсетеміз, спектакль соңында өнері ұнаған актерге гүл сыйлап, құттықтауға болады.



«Түлкі мен қасқыр» ертегісін тамашалауды ұсынады.

Тіл өз үйшігінде тұрыпты.

Артикуляциялық

жаттығуды орындайды.

Педагогті тыңдап,

қиялдайды.



Афишаны қарайды, онда көңілді жəне көңілсіз бетперделер бейнеленгенін айтады.

Балалар ым-ишара арқылы

көңілді жəне көңілсіз күйді

көрсетеді.

Балалар театрды көруге

қызығушылық танытады.







Балалар түлкі жылмаңдап

болып жүреді, қоян болып

секіреді, аюдың қорбаңдаған жүрісін салады.





Балалар сиқырлы айнаның

тапсырмаларын орындап,

адамның көңіл күйін білдіретін эмоцияны ым- ишара арқылы көрсетеді(таңғалу, ашулану, мəз-

мəйрам болу).

Ертегі кейіпкерлерінің көңіл күйін қайталап көрсетеді.

Бетперделерді киіп көреді.

Кейіпкер бейнесіне еніп,

мысықтар тышқандарды

биге шақырады. Мысық

тышқанға қолын ұсынып,

басын иеді. Тышқан да

иіліп, қолын ұсынады.

Музыка ырғағына қимыл-

əрекеттер жасап, жұп биін

билейді.

Балалар кассаға билет алуға

келеді.

- Сəлеметсіз бе! Бізге билет

беріңізші.

- Неше билет аласыз?

- Он билет.

- Міне, алыңыз.

- Рақмет.

Балалар бірінің артына бірі

тұрып, киімілгішке

киімдерін өткізеді.

Ертегінің мазмұнын еске түсіреді.

Педагог театр қалпақтарын таратады.

Нөмір жазылған

қағаздарын алып, рақмет

айтады.

Балалар билетте

көрсетілген геометриялық

пішіндерге қарап,

орындықтарға отырады.

Тыныштық сақтап,қойылымды күтеміз

Балалар рөлдерге бөліну үшін сандықшадан текшелерді таңдап алады.

Текшедегі суреттерге қарап

рөлдерге бөлінеді.



Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау :

Бүгінгі сабақта оларға не ұнағанын,не қызықты болғанын айтуды ұсынады.

Балаларды мадақтау.

Балалар қорытынды сұрақтарға жауап береді.

Əсерлерімен бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: кейіпкерлердің мінез-құлқын ым-ишара, қимыл-əрекет арқылы;

түсінеді: театр, оның ерекшелігі туралы;

қолданады: шығармашылық тапсырмаларды орындауда түрлі дауыс күшін.


.






Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация.

Білім бөлімі:Драма

Тақырыбы: Электроника әлемі

Мақсаты: Әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіруге үйрету. Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас туралы түсінік беру«Шалқан» (ертегіні сахналау) түрлі мəтіндерді дыбыстағанда дұрыс тыныс алу дағдыларын қалыптастыру; сахналау барысында кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез-құлқын келтіру.

Алдын ала жұмыс: «Шалқан» ертегісін оқу, ертегі желісі бойынша суреттер қарау, мультфильмін көру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, қойылымдарға керекті

көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар.

Билингвальді компонент: шалқан – репка.


Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивац

иялық қозғаушы:

Психологиялық дайындық.Құлаққа жағымды əсем əуен қойылады, балалардың көздерін жұмдырып, көз алдарына керемет жаздың

шуақты күнінде шалғында жүргендерін елестету.

– Балалар көздеріңді жұмып, жеңіл əрі терең дем алыңдар. Ауада баяу қалықтап

жүргендеріңді сезініп,рахаттаныңдар.Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнен төмендегі

гүлдерге қонып, сол гүлдердің иісін сезініңдер.

Қане, гүлдерді иіскейікші,ішімізге демді тартайық.Гүлдің жұпар иісімен дем

алыңдар!Енді көздеріңді ашыңдар!


Балалар көздерін жұмып,жаздың шуақты шалғынын елестетеді.

Балалар кезекпен өздерінің сезімдері жайлы айтады.


Іздену ұйымдастырушы бөлімі








Музыкалық жаттығу.Музыка əуенімен балалар

түрлі қимылдар жасап билеуі керек. Əуен тоқтағанда бастарын иеді.

Айарудың тапсырмалары.

1-тапсырма. Жаңылтпаштыəртүрлі екпінде қайтала.Кім білмейді шалқанды,Талайлар оған таңқалды.

Ойын-жаттығу: «Айна».Ойынның шарты: Екі балабір-біріне қарама-қарсытұрады. Алдымен біреуі кез келген іс-қимыл, пішін, көңіл күйді көрсетеді, ал екінші бала – дəл сол баланың

қалпын қайталап көрсетуі керек. Екіншіде рөлдерді ауыстырып ойнау керек.

2-тапсырма. «Шалқан» ертегісін сурет бойынша есіңе түсір. Ертегі кейіпкерлерін

ата. Кейіпкерлердің бір-бірін қалай көмекке шақырғанын, жүрісін, эмоцияларын ойнап

көрсет.









Ғажайып сəт. Айару сандықша алып келеді.

Сандықшада ертегі кейіпкерлері бейнеленген

жəне бос карточкалар бар.Балалардың карточкаларды бөліп алып, рөлдерге бөлініп,


Балалар музыка əуенімен

түрлі қимылдар жасап

билейді. Əуен тоқтағанда

бастарын иеді.

Жаңылтпашты əртүрлі

қарқында дауыстап,

сыбырлап айтады.

Балалар серігінің қимыл-

қозғалысын айнытпай

қайталап жасауға

тырысады.

Шалқан ертегісін суреттер бойынша еске түсіреді.

Кейіпкерлердің бір-бірін

қалай көмекке шақырғанын, атаның екі жаққа теңселіп жүрісін,

қарлығыңқы дауысын, сол сияқты барлық кейіпкерлерді салып

көрсетеді.

Сөздерді қайталайды.

Қызығушылық танытады.

Сандықшадағы ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін

бөліп алады.



Бөлінген рөлдері бойынша

ертегіні сахналайды.

атрибуттарын киіп, сахнаға

шығып ойнауын ұйымдастырады.

Көрермен балалар шапалақ соғып,

қошеметтейді.



Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау :

-Балалар, бүгін қандай ертегіні сахналадық?

-Бүгінгі сабақта оларға не ұнағанын, не қызықты болғанын айтуды ұсынады.


Балаларды мадақтау.

Балалар қорытынды сұрақтарға жауап береді.

Əсерлерімен бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: тіл ұстарту жаттығуларын жасайды;

түсінеді: отбасы мүшелері, достар бір-біріне көмектесуі қажеттігін;

қолданады: кейіпкерлердің рөлін сомдау кезінде түрлі дауыс күшін, эмоциясын, қимыл-қозғалысын қолданады.








































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация.

Білім бөлімі:Драма

Тақырыбы: Ғажайыптар әлемі (өлі табиғат құбылыстары)

Мақсаты: Түрлі эмоцияларды білдіру үшін интонациямен дыбыстау, түрлі мәтіндерді дыбыстағанда дұрыс тыныс алу дағдыларын қалыптастыру. «Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?» кейіпкерлердің іс-əрекеттері мен дауыс ырғақтарын сəйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу; шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету; балаларды татулыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тəрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: «Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?» ертегісін оқып

беру, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау;

қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау, қойылымдарға керекті

көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, жұмсақ ойыншық мысық.

Билингвальді компонент: мысық – кот, торғай – воробей.


Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивац

иялық қозғаушы:

Педагог жұмсақ ойыншық мысықты алып келеді.

- Балалар, қараңдаршы, Айарудың мысығы бізге қонаққа келді. Мысық бүгін көңілсіз. Мысықты сипап, еркелетіп, мейірімді сөздер айтайық.


Қызығушылық танытады.

Балалар мысықты алып

сипалайды, еркелетеді.

Мейірімді сөздер айтады.


Іздену ұйымдастырушы бөлімі








- Балалар, мысық баласын қалай шақырады?

1-тапсырма. «Мияу-мияу!» дегенді

түрлі екпінде айт (ақырын, қатты, сыбырлап). Мысық сияқты еркелеп,оның қимыл- əрекеттерін жаса.

Ойын: «Мысықтар ұйқыдан оянды».

Балалар көздерін жұмып, қолдарын тізесіне қойып отырады.

- Енді мысық сияқты ақырын керілеміз, одан кейін көзімізді уқалап, сілкінеміз.

Осы қимылды бірнеше реет қайталайды.

Музыка ойналып, мысықты ойнатуға шығады.

Ойын: «Мысықтар ойнайды».Ойын шарты: Балалар шеңбер бойымен тұрады. Бір бала мысық болып, шеңбердің сыртында тышқан

аңдып жүреді. Тышқандар шеңбер бойымен жүріп əндетеді.

Мысыққа қарасақ,Құйрығы сұр, тамаша.

«Мияу-мияу!» дегенді түрлі екпінде айтады

(ақырын, қатты, сыбырлап).

2-тапсырма. Артикуляциялық жаттығуды жаса. Мысық сүт ішеді. Мысықтың сүтті

тілімен қалай жалап ішетінін көрсет.Тілін шығарып, астыңғы жəне үстіңгі ернін жалайды.Мысық ренжулі. Екі ұрты да

томпитып, алдымен біреуін, кейін екіншісін саусақпен басып, ауыздағы желді шығару.

- Балалар, бүгін біз «Мысық неге

тамақ ішкен соң жуынады?» ертегісін сахналайық.

- Ертегі сендерге ұнады ма?

- Торғай мысықты қалай алдады?

Торғай мен мысықтың бейнесіне еніп, диалог ретінде ойнап көрейік.

Балалар жаттығуды қайталап, қимылдар жасайды.

Балалар ойынға қызығушылық танытады.

Ойынға белсене қатысады.

Əн орындайды.

Жебедей-ақ ұштары,

Көзін жаймен ашады.

Тышқан іннен шығады,

Мысық оны қуады.

Педагогке қарап,жаттығуды жасайды.

Ертегінің мазмұнын еске түсіреді, сұрақтарға жауап береді.

Мені жемес бұрын алдымен беті-қолыңды жуып кел. Сенің

қожайындарың тамақ жемес бұрын жуынып алады ғой.

Сөздерді қайталайды.

Диалог түрінде ертегіні

сахналайды.



Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау :

- Бүгінгі театрдан қандай əсер алдыңдар?

-Ойын барысында қандай тапсырмалар қиындық туғызды?

Балаларды мадақтау.

Педагогті тыңдайды.

Балалар жеткен жетістіктеріне қуанады.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: кейіпкерлердің мінез-құлқын ым-ишара, қимыл-əрекет арқылы;

түсінеді: театр жəне оның ерекшелігі жайлы;

қолданады: сахнада еркін қозғалудың түрлі тəсілдерін.













































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация.

Білім бөлімі:Драма

Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз

Мақсаты: Әңгіме желісін ретімен орындау дағдыларын қалыптастыру. « Екі əтеш» түрлі мəтіндерді дыбыстағанда дұрыс тыныс алу, кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мəнерлілік құралдарын қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, ертегінің мазмұнын түсініп, кейіпкерлерге мінездеме бере білуге үйрету, достық қарым-қатынас жəне өзара көмек көрсете білуге тəрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: «Екі əтеш» ертегісін оқып беру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, үстел үсті театрының түрлері.

Билингвальді компонент: əтеш – петух.


Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивац

иялық қозғаушы:

Психологиялық дайындық.

– Балалар, шеңберге тұрайық,

Қол алысып, қане, біз,

Достасайық бəріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!


Балалар шеңберге тұрып, жылы

жүзбен бір-біріне қарап, өлең

жолдарын айтады.


Іздену ұйымдастырушы бөлімі








Айару балаларды үстел үсті театры түрлерімен таныстырады.

1. Конус театры.

2. Қуыршақ театры.

3. Суретке түсірілген театр.

1-тапсырма. Қандай ертегілер бейнеленген?

Таңғажайып сəт (аудиотаспадан əтештің дауысы естіледі).

- Балалар, ненің дауысын естіп тұрсыңдар?

Айару əтешті алып келеді.

«Əтеш» саусақ ойыны. Бас бармақ пен балаң үйрек саусақтарын қоса отырып, қалған саусақтан əтештің айдарын бейнелеу.

Алтын айдарлы əтеш ояныпты,

Тым ерте тұрыпты,

Ойқастап жүріпті,

Жан-жаққа қарапты,

Айдарын тарапты.

- Енді, балалар, əтешті шақырып, жжем шашайық: шеп-шеп-шеп!

«Шөжелерім» əніне жаттығу жасауды

ұсынады.

Айарудың тапсырмалары.

2-тапсырма. Жаңылтпашты əртүрлі екпінде қайтала.

Əтеш əнге басады,

Əтеш ұйқы ашады.

Балалардың көңілін бейнетаспаға аударту.

- Қандай құсты көріп тұрсыңдар?

- Дұрыс, қанша əтеш көріп тұрсыңдар?

- Ендеше, «Екі əтеш» ертегісін естеріңе түсіріңдерші. Екі əтеш ертегісін үстел үсті театры арқылы көрсету.

- Қойылым сендерге ұнады ма?

3-тапсырма. «Екі əтеш» ертегісінде əтештер неге таласты?

-Олар неден айырылып қалды?

-«Таласқанға тас та жоқ» деген сөзді қалай түсіндірер едің?

-Екі əтештің дауысын, қимыл- қозғалыстарын келтір.


Балалар үстел үсті театрымен

танысады.

Қызығушылық танытады,

сұрақтарға жауап береді, ертегілерді атайды: «Қолғап»,

«Бауырсақ», «Шалқан».

Əтештің дауысы.

Сөзді қайталайды.

Бас бармақ пен балаң үйрек

саусақтарын қоса отырып, қалған

саусақтан əтештің айдарын бейнелей отырып өлең жолдарын айтады.

Бəрі бірге «Шеп-шеп-шеп!» – деп

бірнеше реет қайталайды.

«Шөжелерім» əніне билейді.

Балалар жаңылпашты қайталайды.

Бейнетаспаға қарап, жауап береді.

Əтештерді

Екі əтеш

Қызығушылық танытады, театрға

қарайды.

Əсерлерімен бөліседі.

Əтештің дауысын салады.



Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау :

Бүгінгі сабақта оларға не ұнағанын, не қызықты болғанын айтуды ұсынады.


Балаларды мадақтау.

Балалар педагогтің сұрақтарына

жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: саусақ ойынын орындайды;

түсінеді: кеңпейіл, тату болу керектігін, қызғаншақ болмау керектігін;

қолданады: кейіпкерлердің дыбысын салу үшін дауыс күшін қолданады.








































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация.

Білім бөлімі:Драма

Тақырыбы: Айналамыздағы өсімдіктер

Мақсаты: Көркем әдебиет шығармалары бойынша драмалық дағдыларды дамыту. «Біздің көңіл күйіміз» көңіл күй туралы түсініктерін бекіту; өзінің, басқа адамдардың көңіл

күйін түсіну қабілеттерін, мəнерлі сөйлеу, ым-ишара арқылы көңіл күйін бере

білу дағдыларын дамыту; ересектермен жəне құрдастарымен өзара əрекетте

мəдениетті мінез құлық-дағдыларына тəрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: «Қасқыр жəне жеті лақ» ертегісін оқу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, əртүрлі көңіл күй бейнеленген қырлы текше Билингвальді компонент: көңіл күй – настроение.


Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивац

иялық қозғаушы:

Ойын-жаттығу: «Көңіл күйіңмен бөліс».

Балалар, көңіл күйіміз жақсы болғанда, не істейміз?Менің көңіл күйім бүгін өте

тамаша болып тұр. Осы көңіл күйіммен сендермен бөліскім келіп отыр. Шеңбер бойымен бір-бірімізге жақсы көңіл күйімізді жымию арқылы береміз (педагог тұрған балаға жымиып қарайды, ал ол бала келесі жанындағы тұрған балаға жымиып қарайды, солай жалғаса береді).

Балалар шеңберге тұрып,

жылы жүзбен жымиып,

бір-біріне қарайды.


Жымиямыз.


Іздену ұйымдастырушы бөлімі








- Айару бізді «Көңіл күй еліне» саяхатқа шақырып отыр.

Ойын-жаттығу: «Сиқырлы текше». Текше қырларында əртүрлі көңіл күй бейнеленген

смайликтер жапсырылған.

Бір бала ортаға шығып, «Айнал, дөңгелен, бір

қабырғаңа жат!» деп айтып, текшені ортаға лақтырады.

Сергіту сəті. Ойын: «Теңіз толқиды».

Толқиды теңіз – бір,

Толқиды теңіз – екі,

Толқиды теңіз – үш,

Толқындар, бір пішінге көш. Осы ойында барлық бала бет- əлпеттерімен бір көңіл күйді

көрсетуі керек.

«Қасқыр жəне жеті лақ» ертегісін еске түсіру.

Ойын: «Қандай екенін айт».

-Қасқыр қандай?

-Ешкі қандай?

«Қасқыр жəне жеті лақ» ертегісіндегі

кейіпкерлердің көңіл күйін сипатта, қайталап көрсет.Жұбыңмен ертегі сюжеттерін ойнап көрсет.


Балалар текшенің бетіндегі

суретке қарап, көңіл күйді

салып береді, ортаға шыққан

бала көңіл күйге сəйкес

эмоциямен өзі білетін бір

тақпақ айтып беруі керек.

Балалар Айарудың алып

келген ойынын

қызығушылықпен

ойнайды.

Əртүрлі көңіл күйге

сəйкес эмоциямен тақпақ

айтады.

Сөздерді қайталайды.

Балалар өлең жолдарын

қайталап айтады.

Ертегі кейіпкерлерінің бір

көңіл күйін салып,

қозғалмай тұрып қалады.

Ертегі кейіпкерлерін еске түсіріп, атайды. Сөздергесай сын есімдерді таңдап, ойынға араласады.

Қасқыр - ашулы, жауыз.

Ешкі – қайырымды , қамқор.

Балалар ертегі кейіпкерлерінің көңіл күйін интонация, ым-ишара, мимика арқылы көрсетуге тырысады.


Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау :

Кім ертегідегі көңіл күйді жақсы сомдады?

Бүгінгі сабақта оларға не ұнағанын, не қызықты болғанын айтуды ұсынады


Балаларды мадақтау.

Өздеріне ұнаған көңіл күйді көрсеткен балаларды атайды.

Бүгінгі сабақта не ұнағанын, не қызықты болғанын айтады.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: текшедегі əртүрлі көңіл күйді қайталап көрсетеді;

түсінеді: өмірдегі болып жатқан құбылыстарға байланысты əртүрлі көңіл күйдің болатынын;

қолданады: кейіпкердің рөлін сомдау кезінде түрлі дауыс күшін, эмоциясын,

қимыл-қозғалысын қолданады.





















































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация.

Білім бөлімі:Драма

Тақырыбы: Астана – Отанымыздың жүрегі

Мақсаты: Әдеби кейіпкерлерді дене пластикасы, ым, дауыс, мимика арқылы құру дағдыларын қалыптастыру. «Ойын ойнап, əн салмай» ұжыммен бірігіп жұмыс жасай білуде, өзін-өзі көрсете білуде жеке шығармашылық қабілеттерін таныту, өзіне деген сенімділікті нығайту, мəселені

талдап, ортақ шешім қабылдай білуге үйрету, ішкі көңіл күйін ым-ишарат арқылы бере білу дағдыларын қалыптастыру; қиялдай білуге, шығармашылыққа тəрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: ойын- жаттығулар қарастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, сəн көрсетуге түрлі атрибуттар: көзілдірік, галстук, парик, орамал.

Билингвальді компонент: сұлба – силуэт.


Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивац

иялық қозғаушы:

Психологиялық дайындық.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Айару балаларға «Ғажайып қалта» алып келгенін

хабарлайды.

Қалтаның ішінде кəмпит; сəн көрсетуге арналған түрлі атрибуттар: көзілдірік, галстук, парик, орамал т.б. бар екенін көрсетеді.


Балалар шаттық шеңберіне

жиналып, бір-біріне жымия қарап, өлең жолдарын айтады.



Балалар қызығушылық

танытады.


Іздену ұйымдастырушы бөлімі








Ойын: «Тəтті кəмпиттер».Санамақ арқылы бір баланы бастаушы етіп сайлау. Бір

қорап кəмпит алып келгенін айтып (қиялындағы),

балаларға кезекпен үлестіргендей болады.

Айарудың алып келген ойындарын ойнауды ұсыну.

«Неге ұқсайды?» ойыны. Суреттерге қара. Бұлттар неге ұқсайды?Сипаттап бер.Бұлттардың аспанда қалай қалқып жүретінін көрсет.





Ойын: «Не істегенімізді айтпаймыз, бірақ көрсетеміз».

Бір баланы бастаушы етіп сайлау. Бастаушы бөлмеден шығып кетеді, қалған балалар

не істеу керектігін ойластырады. Бастаушы

балаларға келіп:

– Сендер бүгін не істедіңдер?

Бастаушы осы іс-əрекет қимылары арқылы олардың не істегенін табады. Тапса, келесі

бала бастаушы болып сайланады, таба алмаса қайта кетеді, балалар басқа іс-əрекет ойлап табады.



Ойын-жаттығу: «Дефиле –сəн үйі».

Балалар «Ғажайып қалтадағы» көзілдірік,галстук, парик, орамал т.б.атрибуттарды қолданып,

сəн көрсетеді.

Балалар ол кəмпитті алғандай

болып, рақмет айтып, қағазын

ашып жейді. Кəмпиттің дəмін

ым-ишара арқылы көрсетеді.

Балалар кəмпит жегенін,дəмін ым-ишара арқылы салып көрсетеді.

Суреттерді қарап,

қиялдайды, неге ұқсайтынын табады.

Бұлттар саңырауқұлаққа,

атқа, мысыққа, құсқа т.б.

ұқсайды.

Балалар шеңберге тұрып,

не көрсететінін ақылдасып,

бастаушы келгенде:

Не істегенімізді айтпаймыз, бірақ көрсетеміз! – деп,

Балалардың жауабы:

– Не істегенімізді айтпаймыз,

бірақ көрсетеміз! – деп,

ойластырған іс-əрекеттерін

көрсетеді (суда жүзіп жүрген,

жер қазып жатқан, домбыра

тартып отырған жəне т.б.).





Балалар сəн үйінде өнер

көрсететін модельдер сияқты

бір-бірден шығып, өз

киімдерін көрсете білуі керек.

ойластырған іс-əрекеттерін көрсетеді(суда жүзіп жүрген, жерқазып жатқан, домбыра

тартып отырған жəнет.б.).

Қалған балалар шапалақ

соғып, қошемет көрсетеді.


Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау :

-Балалар, сендерге қай ойын

ұнады?

-Кім жақсы өнер көрсетті?

Балаларды мадақтау.

Педагогті тыңдайды, өз

əсерлерімен бөліседі.

Өздеріне ұнаған ерекше

ойындарды айтады.



Күтілетін нәтиже:

жасайды: ым-ишара арқылы іс-əрекет түрлерін жасайды;

түсінеді: көңіл күйді ым-ишара арқылы бере білуді;

қолданады: өзін-өзі көрсете білуде жеке шығармашылық қабілеттерін танытуды.








































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация.

Білім бөлімі:Драма

Тақырыбы: Тарихқа саяхат

Мақсаты: Адамдардың сезімі мен қарым-қатынасын көрсету дағдыларын қалыптастыру. Қуыршақты сөйлеуге үйретеміз Дұрыс сөйлеуді үйрету, тілдегі дыбыстарды дұрыс айту біліктерін жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, тапсырмаларды орындай отырып сезім ырғағы мен қимыл-қозғалыс үйлесімділігін сақтауды қалыптастыру, достық қарым-қатынасқа жəне өзара көмек көрсетуге тəрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: қуыршақтар, ойыншықтар бұрышын жабдықтау, ойын- жаттығулар қарастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, күлдіргіш, қуыршақтар,айна .

Билингвальді компонент: қуыршақ – кукла, достық – дружба.

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивац

иялық қозғаушы:

Айару балаларды ойыншықтар бұрышына саяхат жасауға шақырады.


Қызығушылық танытады.

Ойыншықтар бұрышына

жиналады.


Іздену ұйымдастырушы бөлімі








Ғажайып сəт. Топқа күлдіргіш келеді.

- Сəлеметсіңдер ме, балалар! Неге қуыршақтар мұңайып қалған, олар неге көңілсіз?

-Қалай олардың көңілін көтерсек

болады?

-Келіңдер, алдымен қуыршақтармен амандасып

алайық.

Балаларды ойынға шақырып, қуыршақтарды алып,олармен билеуді ұсынады.

Би: «Қуыршақтар».

Күлдіргіш қуыршақтардың көңілі көтерілгенін, олардың күлімдей бастағанын айтады.

- Балалар, қуыршақтарды анық,

дұрыс сөйлеуге үйретейік.

1-тапсырма. Айнаға қарап,артикуляциялық жаттығуларды жаса.Əдемі күлімдеу. Əдемі баланың күлкісі де əдемі. Қатты дауыс

шығармай, əдемі жымиып қана күлейік. Езу тартып, жымиямыз, сосын бастапқы қалыпқа келеміз.Бірден тез күлу. Ернімізді сүйірлеп аламыз да, соңынан тісімізді түгел көрсете күлеміз.

Күлдіргіш: Сөйлемейсің сен неге,

Тілің жоқ па, қуыршақ?

Жуынбайсың сен неге,

Кірің жоқ па, қуыршақ?

Аяғың бар, сен неге

Жүре алмайсың, қуыршақ?

Күлдіргіш балалармен қоштасады.


Ойын-жаттығу: «Айтамыз жəне көрсетеміз».

Оң қолымды – иыққа,

Сол қолымды – беліме,

Қолдарымды – жан-жаққа,

Түсіремін төменге,

Оңға бұрыламын.

Сол қолымды – иыққа,

Оң қолымды – беліме,

Қолдарымды көтеремін,

Түсіремін төменге,

Солға бұрыламын.

2-тапсырма. Қуыршақтарды боя.

- Балалар, қуыршақтардың ұйқысы келді, біз оларды ұйықтатайық.

«Əлди, əлди, ақ бөпем» өлеңін түрлі екпінде айтуды ұсынады (қатты, ақырын, сыбырлап).

Əлди, əлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем.

Əнін тыңдап анаңның,

Ұйықтай қойшы, жан бөпем!


Күлдіргішпен амандасады.

Тыңдайды.

Балалар қуыршақтармен

əртүрлі интонацияда

амандасады.


Қуыршақтарды алып,

«Қуыршақтар» əуенініне

түрлі қимылдар жасайды.







Балалар педагогтің көрсеткен жаттығуларын 2-3 рет қайталайды.





Тақпақтарды қимыл-əрекет

жасап айтады.











Балалар шеңбер бойына

жиналады. Педагог

көрсеткен жаттығуларды

екі-үш рет қайталайды.



Балалар көңілді қуыршақтың суретін бояйды.




Сөзді қайталайды.

«Əлди, əлди, ақ бөпем» əнін

түрлі екпінде əндетіп айтады.

Қуыршақтарды

орындарына жатқызады.



Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау :

- Бүгінгі оқу қызметіміз сендерге

ұнады ма?

Балаларды мадақтау.

Педагогті тыңдайды, өз

əсерлерімен бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: артикуляциялық жаттығуды жасайды, дыбыстарды анық шығаруға

тырысады, қимыл-əрекеттер жасайды;

түсінеді: қимыл-əрекетті музыка ырғағымен орындауды;

қолданады: сөздерде дыбыстардың айтылуын дұрыс қолданады.





























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация.

Білім бөлімі:Драма

Тақырыбы: Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік

Мақсаты: Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау дағдыларын қалыптастыру. Театрлық іс-əрекетте ертегілерді пайдалана отырып баланың ой-өрісін дамыту, сөйлеу қабілеттерін жан-жақты жетілдіру, өзінің қимылын музыка ырғағына қарай сəйкестендіре білуге үйрету; балаларға театр, əртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік беріп, қызығушылығын ояту,

бірлікке, достыққа тəрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: «Дос іздеген бота» ертегісін оқып беру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, ертегі желісі бойынша атрибуттар, театр қалпақтары,

Билингвальді компонент: дос – друг, достық – дружба.

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивац

иялық қозғаушы:

Достық» туралы өлең жолдарын оқу.

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз,

Қашан да, қайда да

Сенімді боламыз.

Балдырған балалар

Достықты бағалар.

Балалар жарты шеңбер жасай

отырып, педагог оқыған

тақпақты қайталайды, қимыл-

козғалыс жасайды.


Іздену ұйымдастырушы бөлімі








- Өлеңде не туралы айтылды?

- Достар қандай болу керек?

Ойын: «Достық».Педагог балаларды шаттық шеңберінешақырады. Əркім өзінің досы жəне

оның ерекшелігі туралы айтуын

ұсынады.

Айарудың тапсырмалары.1-тапсырма. Суреттерге қара.Досыңның қандай болғанын қалайсың(көңілді, жабырқау, ренжулі)?

Досыңмен бірге қандай ойынды

ойнағанды ұнатасың? Əңгімеле.

Ойын: «Досыма сыйлық».

Педагог балаларды шеңбер бойына жинайды. Бір баланы ортаға шығарып, қимыл мен ым-ишара арқылы досына сыйлық сыйлауды ұсынады.

«Дос іздеген бота» ертегісін естеріне

түсіру.

- Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті?

- Кішкентай бота өзіне дос таба алды ма?

- Ертегіде кездескен кейіпкерлердің дауысын салып көрейікші.

Мысық: мияу-мияу

Ит: əуп-əуп,Лақ: мə-мə-ə,Бақа: бақ-бақ,

Əтеш: ку-ка-ре-ку

2-тапсырма. Мақалды жаттап ал.

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

Педагог «Дос іздеген бота» ертегісін музыкалық театр арқылы сахналайтындарын айтады.

Балаларға театр қалпақтарын таратады.





Сахнада өздерін еркін ұстап, бір-біріне достық сезіммен қарым-қатынас жасағандарын еске салады.

Дос туралы айтылды.

Достар əрқашан бірге жүреді.

Бір-біріне көмек береді.

Ойыншыққа таласпайды.

Шеңбер бойына тұрып, қол

ұстасып, достары туралы

айтады.

Менің досым –Айшуақ. Мен оны жақсы көремін. Ол өте

мейірімді.

Балалар суреттегі бетперделерге қарап, өзі

қалаған досты таңдап белгілейді.

Балалар шеңбер бойымен

тұрады. Ортаға шыққан бала

сыйлықтың ерекшеліктерін

қимыл-əрекетімен түсіндіреді.

Қалған балалар оның қандай

затты меңзеп тұрғанын табады.

Ертегінің мазмұнын естеріне

түсіреді.

Боталы түйе, мысық, ит, əтеш,

бақа, лақ, қозы

Ақылды, мейірімді, шыншыл

достар тапты.

Кейіпкерлердің дауысын салып

көрсетеді.

Сөздерді қайталайды.

Балалар сахна алаңына

жиналады. Сандықшаның

ішінен текшелер таңдап алады.

Текшедегі кейіпкерлердің

суреттеріне қарап, рөлдерге

бөлінеді.

Ертегіні сахналайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау :

-Балалар, бүгінгі театрдың қандай ерекшеліктері болды?

-Сендерге ұнады ма?


«Дос болайық бəріміз» əнін бірге айтып аяқтайық.

Балаларды мадақтау.

Педагогті тыңдайды, өз

əсерлерімен бөліседі.

Балалар қорытынды

сұрақтарға жауап береді.

Əнді бірге айтады.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: музыка ырғағына сай түрлі қимыл-əрекет жасай алады;

түсінеді: кейіпкер бейнесін жасауда ым-ишараны пайдалануды;

қолданады: ертегі кейіпкерлерін рөлдерде ойнайды жəне серігімен əңгімелесу кезінде түрлі дауыс күшін қолданады.





































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация.

Білім бөлімі:Драма

Тақырыбы: Өзім туралы Бір қазан сүт (сахналау)

Мақсаты: Ұсынылған мазмұн бойынша сахналауға үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің ерекшеліктерін ажырата білуге,көркем сөйлеуге үйрету, балалардың дауыс интонациясын қадағалау, сахналау

барысында кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез-құлқын келтіру, түрлі эмоцияларды білдіру үшін интонациямен дыбыстауды қалыптастыру, ертегіні есте сақтауға, шығармашылыққа тəрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: «Бір қазан сүт» ертегісін оқып беру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, ертегі желісі бойынша атрибуттар, айна, Билингвальді компонент: сүт – молоко, қазан – казан.

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивац

иялық қозғаушы:

Психологиялық сəт.

Біз ерекше баламыз,

Біз əдепті боламыз.

Досымызды көргенде,

Қуанып қарсы аламыз.

Балалар шеңберге тұрып,

жылы жүзбен бір-біріне қарап, өлең жолдарын айтады.



Іздену ұйымдастырушы бөлімі








Айарудың тапсырмалары. 1-тапсырма. Суретке қарап, ертегі кейіпкерлерінің дауысын жəне қимылын салып көрсетуі керек.

2-тапсырма. Тіл ұстарту жаттығуын əртүрлі екпінде қайтала:

Лек-лек-лек, Гүлге қонды көбелек.

Ға-ға-ға, Тал басында қарға.

Қан-қан-қан, Ала қанат сауысқан,

Құртты ұрлап тауысқан.

Ақ-ақ-ақ, Түнде ұшар жапалақ.

Ыл-ыл-ыл,Жүні əдемі қырғауыл.

Ойын-жаттығу: «Ненің дауысы?»

Аудиотаспадан құстардың сайраған дауысы естіледі, балалар қандай құс екенін табуы керек.

(Ертегі кейіпкерлеріндегі құстардың даусын алу керек, салыстыруға тышқанның дыбысын алуға болады, ол құс па?)

«Бір қазан сүт» ертегісін еске түсіру. Балаларға ертегі кейіпкерлерінің ойыншықтарын жəне басқа

ұсақ ойыншықтар таратылады, басқа ойыншық алған балалар көрермендер болады.

Автор педагогтің өзі болады.


Балалар ертегі кейіпкерлерінің атын атап, дауысын жəне қимылын салып көрсетуге

тырысады.

Тіл ұстарту жаттығуларын

қайталап айтады.


Балалар құстардың дыбысын танып, қандай құс екенін айтады.

Құстардың қимылын

салып, дауысын келтіреді.

Қайталайды.

Балалар ертегіні еске

түсіреді. Ойыншықтарды

бөліп алып, өз рөлдері

бойынша бастарына

атрибуттарды киіп, сахнаға

шығуға дайындалады.

Қалған балалар көрермен.

Ертегіні сахналайды.

Көрермен балалар

қойылым біткенде қол

шапалақтайды



Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау : Балалар, біз бүгін қандай

ертегіні тамашаладық?

Кім ертегіні жақсы сомдады?

Құстардың қандай пайдасы бар?

Балаларды мадақтау.

Педагогті тыңдайды, өз

əсерлерімен бөліседі.

Балалар қорытынды

сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: тіл ұстарту жаттығуларын; құстардың қимылын салып, дауысын келтіреді;

түсінеді: құстардың өздеріне тəн ерекшеліктерін, пайдасын;

қолданады: кейіпкерлердің рөлін орындау кезінде түрлі дауыс күшін, эмоциясын

қимыл-қозғалысын.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация.

Білім бөлімі:Драма

Тақырыбы: Өзіңе және өзгелерге көмектес.

Мақсаты: Достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру

Қолғап театрының түрлерімен таныстыру, ертегі қойылымы арқылы сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту, сахналау барысында кейіпкердің бейнесіне еніп, олардың мінез-құлқын келтіру, түрлі эмоцияларды білдіру үшін интонация мен дыбыстауды қалыптастыру; балаларды жанашырлық,

мейірімділік, адами қасиеттерге тəрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: «Шынайы достық» ертегісін оқып беру, ертегі желісі бойынша атрибуттар дайындау.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, киілмелі қолғап театры түрлерінен слайд, бұғы, тасбақа, құстың жəне аңшының қуыршақтары

Билингвальді компонент: аңшы – охотник, бұғы – олень.

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивац

иялық қозғаушы:



Психологиялық сəт.

Қол алысып, қане, біз,

Достасайық бəріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Балалар шеңберге тұрып,

қолдарын ұстасып, өлең

жолдарын айтады.


Іздену ұйымдастырушы бөлімі








-Балалар шеңберге тұрайық:

-Айару балаларға киілмелі (қолға киіп ойнайтын) театр түрлерін алып келіпті.Киілмелі қолғап театрының түрлерімен таныстырады.Қолғап театрын актерлер қолдарына киіп, қуыршақтарға

жан бітіріп, сахнада ойнатады. Екі қуыршақ шыққан кезде қайсысы сөйлеп тұрғанын

ажырату үшін, сөйлемей тұрған қуыршақты қозғалтпай ұстайды.

Балаларға киілмелі қуыршақтармен екі баладан

бөлініп, сəлемдесіп, сөйлесу т.б. іс-əрекеттерді көрсетіп ойнату.

Айарудың тапсырмалары.1-тапсырма. Қолғап

театрымен таныс бол.

-Қандай ертегі бейнеленген?

2-тапсырма. Өзіңе ұнаған ертегіні таңдап алып,

жұбыңмен қолғап театры бойынша кейіпкерлердің көңіл күйін, дауыс ырғағын, қимыл- қозғалысын салып көрсет.

Сергіту сəті: «Гүл».Балалар əр жерде отырады.

Педагог: Балалар, біз бəріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер

жайлап ашылып, өсіп келеді.Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады.Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастады,гүлдер тоңып, бүрісіп

жабылады. Бір уақытта қайтадан күннің

көзі күлімдеп шығады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап, ашыла бастайды.

3-тапсырма. Тіл ұстарту жаттығулары. Түрлі екпінде анық жəне дұрыс айт(сыбырлап жəне қатты).алып, серігімен сахналап ойнайды.

Ғы-ғы-ғы, Мүйізі үлкен бұғы.

Ұс-ұс-ұс, Бүркіт үлкен құс.

Шы-шы-шы, Аң аулайды аңшы.

Педагог «Шынайы достық» ертегісінің мазмұны бойынша əңгіме айтады.

- Қандай жануар аңшының торына түсіп қалды?

- Бұғы бірінші қай досын шақырады?

- Аңшы тасбақаны не істейді?

- Қапты бұғы несімен іліп алып кетеді?

- Құс қапты қалай теседі?

- Сөйтіп, достар ненің арқасында бір-бірін

қиыншылықтан құтқарып қалады?

Осы қолғап театры арқылы «Шынайы достық» ертегісін рөлдерге бөліп, ойнату.

Рөлдерді жұмбақ жасыру арқылы бөлу.

Жұмбақтар:

Асты тас, Үсті тас,

Ортасында жанды бас. (Тасбақа)

Жапырағы жоқ бұтасында,

Қос емен өсіп тұр бір басында(Бұғы)

Өмірі көкте, Азығы жерде. (Құс)

Балалар слайд арқылы киілмелі театр түрлерімен танысады.

Балалар өздеріне ұнаған

қуыршақтарды таңдап сахналайды.



Сəлемдесу, сөйлесу, иілу

т.б. шығармашылықпен

образдарды береді.



Балалар қуыршақтарға

қарап, ертегілерді тауып

айтады.


Сөздерді қайталайды.

Барлығы шеңбер бойына

отырады,қолдарын созады.

қолдарын жан-жаққа

шайқайды.Қолдарын тізелерінің

үстіне қойып, бүрісіп

отырады.Балалар үлкен шеңбер

жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады.






Тіл ұстарту

жаттығуларын

орындайды.



Сұрақтарға жауап береді,

кейіпкерлердің көңіл-күйін, дауыс ырғағын,қимыл-қозғалысын көрсетеді.









Жұмбақтың шешуін тапқан бала осы рөлді алады, қалған балалар көрермендер болады.

Қуыршақтарды қолдарына киіп, ертегіні сахналайды.



Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау : Балаларға өз достарына жəне

жақын адамдарына əрдайым көмекке келу керектігін айту. Достарын ешқашан қиыншылықта тастамау керек. Бүгінгі сабақта оларға не ұнағанын, не қызықты болғанын айтуды ұсынады.

Балаларды мадақтау.

Педагогті тыңдайды, өз

əсерлерімен бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: тіл ұстарту жаттығуларын айтады;

түсінеді: жақын адамдарын қиыншылықта тастамау керектігін түсінеді;

қолданады: тірі организм мен табиғи құбылыстар бейнелерін ым-ишара

жəне дененің ырғақты қимылы арқылы жасауды, кейіпкерлердің рөлін орындау

кезінде эмоциясын, қимыл-қозғалысын қолданады.

























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация.

Білім бөлімі:Драма

Тақырыбы: Менің отбасым, ата-аналар еңбегі

Мақсаты: Түрлі эмоцияларды білдіру үшін интонациямен дыбыстау.

Алдын ала жұмыс: əңгімені оқып беру, əңгіме желісі бойынша суреттер дайындау.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, əңгіме желісі бойынша суреттер, орман дыбысының музыкасы.

Билингвальді компонент: шие – вишня, теру – собирать.


Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивац

иялық қозғаушы:



Психологиялық сəт. - Балалар, жайғасып

отырып, көзімізді жұмамыз, еркін тыныс

аламыз. Баяу əуен: ағаш жапырақтарының

сыбдыры, сайраған құстардың дыбысы,

сылдырлап аққан судың дыбысы бар музыка қосу.

- Ғажайып орман, жасыл желек жамылған ағаштар, құйқылжыта сайраған құстар, сылдырап аққан өзен, жерде жайқалып

шөптер, гүлдер өсіп тұр, гүлдердің иісі аңқиды,

жидектер пісіп тұр. Көбелектер гүлден гүлге ұшып-қонып жүр, шырша түбіне қоян отыр, тиіндер ағаш басында жаңғақ теріп жүр. Гүлдерді иіскеп, таза ауаны жұтып, беттеріңді желдің өтіне ұстап, ормандағы дыбыстарды тыңдаймыз. Орман іші қандай тамаша, керемет! Ал енді көзімізді ашып, терең тыныс аламыз.

-Көз алдарыңа не елестеттіңдер?

Балалар көздерін жұмып, музыка əуенімен қосыла

естілген орман дыбыстарын тыңдап, орман тынысын көз

алдарына елестетеді.

Өз елестерімен, алған əсерлерімен бөліседі.


Іздену ұйымдастырушы бөлімі








- Орманда не өседі?

-Қандай жеміс- жидектер өседі деп ойлайсыңдар?

- Қандай жан-жануарлар болады?

- Ормандағы құстардың сайраған дыбысын,

аңдардың дауысын есімізге түсірейікші.

- Олардың дыбысын салу үшін алдымен

Артикуляциялық жаттығулар жасайық.

Айарудың тапсырмалары.

1-тапсырма. Айнаға қарап, артикуляциялық

жаттығуларды жаса.Кейіпкерлердің көңіл

күйін, дауыс ырғағын, қимыл-қозғалысын салып

көрсет.

Тіл өз үйшігінде тұрыпты,Ол құстардың, жəндіктердің, аңдардың, дыбысын салуды үйренгісі келді. Ол барлық тістерін көрсете күлімсіреп, есігін кең ашты, дауысын қосты, тілдің ұшын тез жоғарыға лақтырып, суық желді жіберді. «Р-р-р!» депдірілдеді. Арыстанның əнін бірге айтайық: «Р-р-р!»

Сергіту сəті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Үлкен болып өседі.

Суреттен көрсете отырып «Шие тергенде» əңгімесін еске түсіреді.

2-тапсырма. Əңгімедегі қай баланың іс-əрекеті

дұрыс? Əңгімедегі кейіпкерлердің: Жанаттың, Қанаттың жəне атасының көңіл күйін ым-ишарамен көрсет.

3-тапсырма. Дəмін ым- ишарамен көрсет

(лимон, шие, құлпынай, қарақат, сарымсақ).

Орманда ағаштар,гүлдер, шөптер, бүлдірген, шие,

құлпынай, қарақат т.б. өседі.



Қоян, тиін, аю,арыстан,

жолбарыс т.б.

Балалар қызығушылық танытады.






Артикуляциялық жаттығуларды

жасайды.





Өлең жолдарына байланысты қимыл- қозғалыстар жасайды.



Балалар қызығушылық танытады.

Сөздерді қайталайды

Сұрақтарға жауап береді.

Кейіпкерлердің көңіл-күйін, дауыс ырғағын, қимыл-қозғалысын салып көрсетеді.

Лимон, шие, құлпынай, қарақат, сарымсақ жегендегі мимиканы

салып көрсетеді.


Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау :Балаларға өз туыстарына, достарына жақсы көңіл күй сыйлауға, қуантуға

тырысу керектігін айту.

Бүгінгі сабақта оларға не ұнағанын, не қызықты болғанын айтуды ұсынады.


Педагогті тыңдайды, өз

əсерлерімен бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: артикуляциялық жаттығуларды жасайды, р дыбысын айтады;

түсінеді: жақын адамдарына қуаныш сыйлау жақсы іс екендігін;

қолданады: кейіпкерлердің диалогін орындау кезінде түрлі дауыс күшін,

эмоциясын, қимыл-қозғалысын.




































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация.

Білім бөлімі:Драма

Тақырыбы:Менің балабақшам

Мақсаты: Балаларды театрмен таныстыру. Көркем әдебиет шығармалары бойынша драмалық дағдыларды дамыту.

Алдын ала жұмыс: қуыршақ театрынан қойылымдар көрсету, цирктегі күлдіргіштің өнерін көрсету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ ертегі қойылымы бар дискі, қуыршақ

күлдіргіш, Айару қуыршақ,

Билингвальді компонент: күлдіргіш – клоун, актер – актер.

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивац

иялық қозғаушы:



Психологиялық сəт. «Комплимент» ойынын

ұйымдастыру.

Педагог балаларға шеңберге тұрып, жанында

тұрған баланың атын атап,комплимент айту керектігін түсіндіреді.


Балалар шеңберге тұрып,

жанында тұрған баланың

атын атап, комплимент

айтады, мақтайды,

ерекшеліктерін айтады.

- Айымай, сен əдемісің.

- Нұрхат, сен алғырсың.

Іздену ұйымдастырушы бөлімі








Таңғажайып сəт: күлдіргіш кіреді.

- Балалар, бұл кім?

- Күлдіргішті кімдер ойнайды?

- Балалар, актер деп кімді айтамыз?

- Актер қайда жұмыс істейді?

- Актерлер түрлі рөлдерді ойнау үшін өздерін қалай өзгертеді?

- Сендер де актер болып ойнап көргілерің келе ме?

- Ал сендер қандай кейіпкер болып, қандай костюмдер киіп ойнағыларың келеді?

Педагог балалардың қандай ертегі кейіпкеріне

айналғысы келетін таңдауларын қолдап,

мадақтайды.

-Балалар бізге Айару қуыршатан хат келіпті,хатта ол сендерге тапсырма бері жіберіпті.

1-тапсырма. Күлдіргішке қажетті заттарды тауып топтастыру;

Күлдіргіш балаларға ойын ойнауды ұсынады.

Жүргізуші таңдалып, оған күлдіргіштің қалпағы

кигізіледі.

Ойыннан кейін педагог балаларға мимика, ым-

ишара арқылы дауыс шығармай сөйлесуге

болатынын айтады.

2-тапсырма. Жұбыңмен ым-ишарамен сөйлесіңдер.Мына сөздерді ым-ишарамен көрсет:

-Мұнда кел!

-Болмайды.

-Сəлем!

-Сау бол!

Сергіту сəті: «Не келе жатыр?» ойыны:

Педагог аяғымен қатты тарсылдатып, аюдың

жүрісін, қимылын көрсетеді.

Педагог аяғын ақырын басып, қонжықтың қимылын көрсетеді.(Балалар өздері бастаушы болып ойнауға болады.)

Тыныс алу жаттығуы.

Актерлер дұрыс, анық сөйлеу үшін тыныс алу

жаттығуларын орындайды.

Мұрынмен ойын.

1) Мұрын серуенге шықты. Мұрнымыз терең тыныс алу үшін аузымызды жауып қоямыз. Мұрнымызбен тыныс алып, мұрынмен дем

шығарамыз.

2) Мұрын ойнайды. Тыныс алғанда сұқ саусақпен мұрын қанатынан ақырын соққылайды. Өлең айтады.

3) Мұрын жақсы иіс иіскегісі келеді. Мұрын тесігін кезек-кезек басу арқылы жаттығу

орындайды.

4) Мұрын өлең айтады. Балалар ым-ишармен

сөйлесу түрлерін көрсетеді.Сұқ саусақпен бір мұрын қанатын жауып, өлең айтамыз.

5) Мұрынмен ойнау. Сұқ саусақпен мұрын

қанатын сипау, жоғары- төмен сипалау.

Уқалау жаттығуы. 6) Мұрнымыз қайтып оралды.


Балалар қызығушылық

танытады.

Күлдіргіш.

Актерлер.

Актер – сан қилы іс-

шараларда əртүрлі

кейіпкерлерді көрсететін

əртіс.


Педагогті тыңдайды,

сұрақтарға жауап береді.

- Сахнада өнер

көрсететін адамдар.

- Сахнада, кинода

ойнайды.

- Костюмдер киіп, грим

жасап, парик киеді т.б.

- Батырдың киімін киіп.

- Ханшайым болып,

т.б.

Балалар шеңберге тұрып,

педагогтің жұмбағын

шешеді, жануарлардың

іс-қимылын қайталап

көрсетеді.

Балалар қызығушылық

танытады.



күлдіргіштың костюмін, шариктерін, кегли т.б. заттарын тауып топтастырады.

Жүргізуші əртүрлі қимылдар көрсетеді, балалар не екенін табады.

Тыныс алу жаттығуларын

орындайды.



Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог қорытындыжасайды. Балаларды

мадақтайды. Бүгінгі сабақта оларға не ұнағанын, не қызықты болғанын айтуды ұсынады.

Балаларды мадақтау.

Педагогті тыңдайды,

əсерлерімен бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: тыныс алу жаттығуларын орындайды;

түсінеді: сөздерді ым-ишара, дененің ырғақты қимылдары арқылы көрсетуге

болатынын;

қолданады: мимика, ым-ишараларды қолданы п кейіпкер бейнесін жасауды


























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация.

Білім бөлімі:Драма

Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншықтарым

Мақсаты: Түрлі мәтіндерді дыбыстағанда дұрыс тыныс алу. Достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсетуге үйрету.

Алдын ала жұмыс: қағаздан (басқа материалдан) жасалған жұлдызшалар.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, Бауырсақ (қуыршақ),қағаздан жасалған жұлдызшалар, жүрекшелер.

Сөздік жұмыс: есім, танысу.

Билингвальді компонент: есім – имя, танысу – знакомиться, сəлемдесу –здороваться.

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушы:







Іздену ұйымдастырушы бөлімі








Шаттық шеңбері: Армысың алтын күн!

Армысың асыл жер!

Армысың достарым!

Міне менің қолым

Жылуыңа жылу қос.

Топқа Айару қуыршақ келеді. Қуыршақпен таныстыру.

Айару:- Сəлеметсіңдер ме, балалар!

Сəлеметсіңдер ме, достар!Менің атым – Айару.

Танысып, тіл табыссақ,Қуанышымыз көп болар!

Мен театр əлемінен келдім.Ол əлемде қуыршақтарға жан бітіп, сөйлеп, əн айтады,

билейді, қозғала алады.Сендерді театр əлеміне

менімен бірге саяхат жасауға

шақырамын.

– Балалар, Айарумен танысып, театр əлеміне

саяхатқа шыққыларың келе ме?

Ойын-жаттығу: «Таныс болайық».

– Кəне, балалар, барлығымыз бірге есімімізді Айаруға сыбырлап айтайықшы. Екі-үш...

Айару:- Ой, естімедім...

Педагог: Ендеше, қаттырақ дауыстап айтайық, екі-үш...

Айару:- Түк түсінбедім.

Педагог: Енді не істесек екен? Иə, барлығымыз бір уақытта сөйлесек, естілмей қалады екенбіз. Сондықтан бір-бірден, кезекпен сөйлеу керек. Балалардың қолына қуыршақ Айаруды беру арқылы əрбір баладан өзінің атын айтып,үйде ата-анасы қалай еркелетіп айтатынын сұрайды.

Педагог қиналған балаларға көмектеседі.

Айару:- Балалар, сендердің есімдерің қандай керемет! Ата-аналарың сендерге жақсы есімдер таңдапты.

– Балалар, бізге не үшін есім береді, атымызбен атайды?

Айару сендерге қызықты тапсырмалар дайындаған екен. Сол тапсырмаларды

бірге орындаймыз.

– Балалар, «Сəлем сөздің анасы» демекші, бейтаныс адаммен танысу үшін алдымен сəлемдесіп алу керек. Қалай сəлемдесеміз?

1-тапсырма. «Сəлемдесу» ойыны. Өз жұбыңмен бірге бала мен баланың сəлемдесуін, үлкен адам мен үлкен адамның, бала мен үлкендердің танысуын ойнап көрсет.

Айару өзінің достарымен ертегілер əлемінен келгенін,балалармен танысқысы келетінін айтады.

2-тапсырма. Айару Бауырсақты көрсетеді.

- Бұл қай ертегі?

- Бауырсақ өзін қандай аңдарға таныстырып еді?

- Ертегі кейіпкерінің өзін қалай таныстырып, қалай өлең айтқанын еске түсірейік.

-Танысу үшін т.б.-Сенің атың (есімің) кім?

Танысайық т.б.

Ертегі кейіпкерлерінің диалогін досыңмен бірге

орындап бер.

Ойын-жаттығу: «Достасу». Балаларға шапалақ соғылады,оны санап үлгеріп, сонша баладан дос табу керектігін түсіндіреді.

Педагог екі рет шапалақ ұрғанда екі-екіден жұптасып тұру керек. Үш рет шапалақ ұрса, үш бала қол ұстасып,топ құру керек. Төрт рет

шапалақ ұрса, төрт бала қол ұстасып, топ құру керек.

Ойын 2-3 рет қайталанады.

Айару балаларға риза болып,мадақтап, əкелген сыйлығын,қағаздан жасалған əдеміжұлдызша, жүрекшелерді таратады.

Балалар шеңберге тұрады,өлең жолдарын айтады.



театр əлемінен келген Айарумен танысады.

Қызығушылық танытады.









Балалар шеңберде тұрып,өз аттарын бірге сыбырлап айтады.

Өз аттарын бəрі біргеайғайлап айтады.

Балалар кезекпен өздерінің атын айтып, танысады.Менің атым Айшуақ.Мені аннам «боташым» деп атайды.

Мен ақылды Асылханмын.

Мен Айымаймын, əкем мені «айдай сұлу қызым» дейді.







Бір-бірімізді тану үшін.

Сөйлесу үшін.

Бір затты сұрау үшін.




Балалар екі-екіден бөлініп, бала мен баланың сəлемдесуін,үлкен адам мен үлкен адамның сəлемдесуін,бала мен үлкен адамның сəлемдесуін рөлге бөлініп ойнап көрсетеді.

Сөздерді қайталайды.

Қуыршақты тыңдайды,

қызығушылық білдіреді.

«Бауырсақ» ертегісі.

Ертегі кейіпкерлерін

атайды: қасқыр, аю, түлкі.


Менің атым – Бауырсақ,

Қаймаққа иленгем,

Майға пісірілгем,

Терезе алдында суығам. Ұстатпай кеттім Атама,

Ұстатпай кеттім Əжеме...


Балалар шашырап тұрады.

Ертегіден көріністер

көрсетеді .


Балалар шашырап тұрады.

Шапалақ санын санап,

екіден, үштен, төрттен топ

құрып, достасады.

Балалар риза болып,

рақмет айтып,сыйлықтарды алады..


Рефлексиялық-түзетушілік

Танысу арқылы өздеріне көп достар таба білетінін, бір-бірін жақсы білетіндерін айту.



Балаларды мадақтау.

Балалар өзінің жəне жолдастарының жетістіктеріне қуанады.

Сəтті шыққан қойылымдарын айтып, талдайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу : өз есімдерін атайды, танысуды диалогті түрде ойнайды;

Түсінеді: танысу арқылы өздеріне достар таба білетінін;

Қолданады: сəлемдесу түрлерін ойнағанда, кейіпкердің бейнесін беруде, олардың

мінез-құлқын келтіруде түрлі дауыс күшін қолданады




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қараша
760
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі