400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Менің сыныбым – менің ұжымым.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


С адықова Жанат Асанқызы

ҚР Білім беру ісінің үздігі

Қ.А. Яссауи атындағы

№123 мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Өзін – өзі тану

Сабақтың тақырыбы: Менің сыныбым – менің ұжымым.


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «Ұжым», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

- ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

- өзара-татулық, сыйластық қарым-қатынастарын дамыту

- бірлікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.


Көренкі құралдар: оқулық, дәптер


Шаттық шеңбері: Оқушылар қол ұстасып бір-бірімен сәлемдесіп болған соң «Дос болайық бәріміз» әнін шырқайық.

  • Міне інде айтқандай біз бәріміз әрқашан біргеміз, доспыз. Біздің сыныбымыздың, ұжымымыз деп айтуға болады. Өйткені ұжым – мақсаты бір, бір-бірімен тең құқықты, сыйлы, сыйласымды адамдардың бірлестігі.


Әңгімелесу

  • Бірлік, сыйластық, түсіністік, ұйымшылдық, ұжымшылдықдеген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

  • Өз сыныбың несімен ұнайды?


Мәтінмен жұмыс

«Күмән»

Мұғалімнің оқуы

  • Әңгімедегі оқиғадан сынып оқушыларының қандай жақсы қасиеттерін көруге болады?

  • Олардың бойынан қандай жағымсыз қасиеттерді байқадыңдар? Сендер не істеген болар едіңдер?

  • «Сенімге кіру үшін оған қанша уақыт қажет болады» - дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өз сыныптарыңда осыған ұқсас оқиғалар болды ма?


Дәйексөз

«Ұжымда болу – бақыт»

Ә.Табылды

- жеке адамның жақсы мінез-құлқы ұжымда көпшіліктің ықпалының арқасында қалыптасады. Сынып ұжымындағы балалар бір-біріне көмек деру, сыныптастарын ренжітпеу, көпшіл болу, ұйымшыл болу кешірімді болу сияқты қасиеттерді бойларына сіңіруге көп мүмкіндік алады.


Жаңа ақпарат

«Оқушылар бірлесіп қоғамдық пайдалы іспен шұғылданса, бір-біріне көмектессе ұжымда бірлік, сыйластық болады»


Тыныштық сәті

Жағдаяттарды талдау

  1. Сенің сыныптас құрбың спорттық жарыстан «бас жүлде» алып жеңіспен оралыд. Қуанышында шек жоқ.

  • Оның қуанышын қалай бөлісер едің?

  1. Сыныптасың «білімнің шыңы» атты сайысқа қатысып жеңіліп қалды. Ол қатты ренжулі.

  • Оған қалай көмектесер едіңдер?

  1. Сынып балалары ылғи тәртіпсіздік жасайды. Осылыры үшін кезекші сынып оларды «Кірпі» газетіне шығарды.

  • Осыдан кейін қандай шешім қабілдар едің?


Дәптермен жұмыс

Тапсырма: дәптерде берілген бос жолдарға өз сыныбыңның үлгі етерлік жақтарын жазыңдар.

Оқушылар жазғандарын оқып талданады.


Қорытындылау

  • Біз бүгін сабақта сыныптастар арасында өзара сыйластық, достық түсіністік, кешірімділік болуы тиістігін ұғындық. Біз бір ұжым екенімізді сезіндік.


Жүректен жүрекке

Балалар сыныптастарына тілек айтады:

  • Мен сыныптас достарыма татулық тілеймін.

  • Мен сыныптастарыма бірлік тілеймін.

  • Мен сыныптастардың сыйластықта болуына тілектеспін.

Picture 11







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
1675
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі