400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Менің сыныбымдағы орным

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг оқушыға "менің сыныбымдағы орным"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг тақырыбы: Менің сыныбымдағы орным

4-ші сыныптар арасында

Тренинг мақсаты: Оқушылардың позитивтік көңіл-күйін көтеру, жүйке жүйесін демалдыру, бір-біріне деген құндылық , сергектік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру, ұжымды біріктіру, бірін-бірі түсінуге шақыру, татулыққа тәрбиелеу

Амандасу

1.«Қолшатыр» жаттығуы.

Қолшатыр ұстап, әр бала өз атын айтып, қасындағы сыныптасына ілініп тұрған конфет пен бірге жақсы тілек тілейді. Солай кезекпен жалғасады .

2.Өміршеңдік ережелер. Өз күшіңе деген сенімсіздікпен қалай күресуге болады? Кез келген іске төмендегідей көңілмен кірісейік: иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен, іштей табысқа жетуге талаптанып:

· Жігер деген – Мен.

· Күш деген – Мен.

· Махаббат деген – Мен.

· Кешірім деген – Мен.

· Құдырет деген – Мен.

· Жасөспірім деген – Мен.

· Жастық деген – Мен.

· Даналық деген – Мен.

· Денсаулық деген – Мен.

· Жарқындық деген – Мен.

· Бар ғажайып деген – Мен.

· Бәрі маған байланысты.

· Бәрі менің қолымда !!! – деп өзіңізді сендіріңіз.



3.«Жасырын хат, ойлан тап!»

Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш

Қатысушылар 3 топқа бірігіп отырады.

Жүргізуші: Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдардар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әрбір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:

«Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» - 1-ші топқа арналған хат;

«Бүгін сабақтан кейін кинотеатрға барайық» - 2-ші топқаарналған хат;

«Жексенбі күні сағат 3-те менің туған күніме кел» - 3-ші топқаарналған хат.

4.«Дыбыстық гимнастика»

Нұсқау: Психологтың нұсқауы бойынша берілген әріптерді хормен қайталау. Психолог айтылған әріптердің адам ағзасы үшін маңыздылығын түсіндіреді.

А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады

Е – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді

И –ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады

О –жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді

Х- барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі

Ха – ха – көңіл күйді көтереді.



Рефлексия:

Шырақ жағылып, бірінші тұрған оқушыға беріледі. Ол бүгінгі психологиялық сабақ туралы өз ойын, алған әсерін 3 сөзбен ғана білдіріп, шырақты келесі балаға береді. Шырақ барлығының қолынан өткеннен кейін, жүргізуші шырақты өз қолына алып, барлық қатысушыларға алғысын білдіреді.

Қорытынды:

Психолог: Балалар біз бүгін тақырыбыз айтып тұрғандай барлық тапсырманы бірлесе отырып орындадық және сол тапсырмалар арқылы бір-бірімізді қаншалықты түсінетініміз, бір-біріміздің қандай арман-мақсаттарымыз бар екендігін және сыныптастарыңызбен қандай қарым-қатынаста екендіктеріңді, сыныптағы алар орындарыңыздың маңызды екендігін, сіздер арқылы бұл сынып құралып тұрғандығын көрсеттіңіздер. Бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға рахмет.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.05.2024
302
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі