400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Менің сыныбымның ғаламшары!

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптың ,ғаламшары тренинг сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы :«Менің сыныбымның ғаламшары» психологиялық сабағы»

Күні:

Мақсаты: 5 - 6 сынып оқушыларының орта буынға сәтті бейімделуі үшін әлеуметтік-психологиялық дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
1. Оқу мотивациясының және өзін-өзі бағалаудың тұрақты, оқу мазасыздығының төмен деңгейін қалыптастыру.
2. Оқушылардың әлеуметтік және қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
3. Қолдау табуға және қолдау көрсете білугеүйрету.
Көрнекіліктер:
— «Мектеп жолы» суреті салынған плакат
— доп
— «Сынып ғаламшары» суретін салуға арналған А3
— фломастерлер
— есімхатқа арналған үлестірмелер

Тренинг барысы:
Амандасу
Сә-ле-мет-сіз-дер-ме /балалар бір-бірінің қолынан ұстап, шеңбер құрып тұрып амандасады, соңынан қолдарын шапалақтайды/
Психолог сөзі:
Біздің алғашқы сабағымызда мен сіздерге психология ғылымы туралы және онымен айналысатын адамдар туралы қысқа айтып өтейін. Психология жалпақ тілмен айтқанда «жан» туралы ғылым. Әр адам ең бірінші өзінің жаны, яғни «мені» қызықтырады. Сондықтан әр адамды /оның ішінде сіздерде/ кішкене көлемде болса да психолог деуге болады. Ал нағыз психолог маманын жан тыныштығы мен қатар адам бойындағы есте сақтау, ерік-жігер, көңіл-күй, түйсік, елестету, ойлау, зейін сияқты қасиеттер де қызықтырады.
Психологтар адам бойындағы мінез, қарым-қатынас деңгейін, темпераментін арнайы құрылғылар арқылы зерттейді. Ол құрылғы «тест» деп аталады. Психологтар зерттеп, эксперимент жүргізіп қана қоймай, өзін және өзгелерді де қалыпты қарыс-қатынас қалыптастыруға, түсінуге, өзін ұстай білуге, т.б. қажетті дағдыларды үйретеді.
Бүгінгі тренинг сабағымызда осындай дағдыларды қалыптастыру үшін жұмыстанамыз. Жақсы жұмыстану үшін бірінші танысып алайық.

«Қарлы кесек» ойыны
Әр келесі ойыншы өзінен бұрын айтылған есімдерді атап /көзбен байланыс орната отырып/, соңында өз есімін айтып, келесі адамға қолын тигізе отырып кезек береді. Соңында кезек сынып жетекшісіне келгенде бар оқушының атын айтып, өзін таныстырады.
Психолог оқушылармен еркін қарым-қатынас орнату үшін есімхат үлестірмесін көркемдеуге нұсқау береді.
Есімхат үлестірмелері
Балалар сіздердің алдарыңызда қағаз кесінділері жатыр. Соған өз есімдеріңді жазып, қазіргі көңіл күйлеріңізді түстермен дөңгелетіп бояңыздар.
«Жасыл» түс –көңілді
«Көк» түс -қалыпты
«Қызыл» түс — мазасыздық

Тренинг ережесі:
-ортада өз ойыңды еркін айту
-басқалардың ойын мұқият тыідау
-ойындарға белсенді болу

Топқа бөлу
Оқушыларды суреттер арқылы бөлу және сол арқылы қызығушылықтарын анықтау (Оқу, табиғат, үй шаруашылығы)

Сөздікпен жұмыс
Әр топқа сөз тіркестері жазылған карточкалар беріледі: «Мазасыз бала, мазасыз мұғалім», «Ашулы бала, ашулы мұғалім», «Көңілді бала, көңілді мұғалім». Сұрақтар қойылады: 1. Бұл адамдар қандай болады? 2. Не себепті осындай болады?

Рефлексия. Топтар өз сөздерін қорғайды.

«Тау шыңы» аутотренинг жаттығуы
«Барлығымыз тұрамыз, көзімізді жұмамыз, терең дем аламыз -біз тау шыңына шығамыз, дем шығарамыз- шыңнан зырғып түсеміз» -3 рет қайталау
Оқушылар біз бүгін шын мәнінде шыңға шығамыз, ол- «Білім шыңы» деп аталады.
Білім шыңы
Тақтаға «мектеп жолы» плакаты ілінгеді.
Оқушыларға арқада ауыр жүкпенен тауға саяхат жасауға шақырады. Жолдың ең қиын бөлігінен өткендігі және іс жүзінде жол ортасына жеткендігі айтылып, демалыс жасалуы керек деген шешім қабылдады. Саяхатшылар өткен жолы еске алып, алдағы жолға ой жүгіртеді. Өткен жолда қандай қиындықтар болды, естеліктер қалды? (Аяқталмаған сөйлемді жалғастыруға ұсыныс беріледі: «бастауыш сыныпта менің есімде қалғаны…») барлық оқушылар бір-біріне доп лақтырып сұрақтарға жауап береді. Психолог оқушыларға үлкен мектеп тәжірибесі бар екендігін айта отырып, алдағы жолдың жеңіл болатындығына сендіреді. Шын мәнінде ол қандай болады? /Мен сыныпта … болғанын қалар едім/. Психолог оқушылардан 5 сыныпқа келгенде қандай жаңа өзгерістер болғанын және өзгерістер қызықты ма, қиын ба екендігін сұрай отырып, қиындығы мен қызығы көп алдағы жолда саяхатшылар тәжірибелі деп шешім қабылдайды.
Психолог 5-9 сынып аралығы мектеп өміріндегі негізгі буын екендігін айтады. Оқушылардан қандай жүк арқалап бара жатқандығы сұралады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қыркүйек
939
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі