400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің сыныптасым.8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану мұғалімдері үшін.№19.Тақырыбы: Менің сыныптасым Құндылығы: Сүйіспеншілік Қасиеттері: Кешірімділік, шынайылық, жанашырлық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектебі: «Құмтүйін» жалпы орта мектебі

Күні: _______________

Мұғалімі: Жұмагелдиева Мақпал Асқарқызы

Сыныбы: 8

Оқушылардың саны:

№19.Тақырыбы: Менің сыныптасым

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Кешірімділік, шынайылық, жанашырлық.

Мақсаты: Оқушыларға Отбасын қадірлеудің қажет екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға кешірімділіктің маңызын түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды шынайылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

Үнтаспа, нақылдар, безендірілген слайдтар, және т.б.

Ескерту:

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №18 – сабақ. Отбасы туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №19, «Шекісу мен бекісу» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Жұбаныш Рәзиямен арада болған жағдайдан қандай сабақ алды деп ойлайсыңдар?

  2. Адамды өзгелерді сыйлауының мәні неде?

  3. Сыныптағы ұлдар мен қыздардың арасындағы өзара сыйластық қандай қасиеттерді арттырады?

  4. Өздерің сыныптас ұлдармен және қыздармен қаншалықты сыйласып жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер.

  1. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Адамдарға қалай болса да көмек келтіретін ой мен іс –ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе.

М. Жұмабаев

  • Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Неліктен ізгілікке ұмтылу адамның жаратылысының өзінде бар ?

Өмірдегі ақ пен қара түс сияқты, адамдардың да мінез-құлқы, ішкі әлемә әр түрлі болады. Біреу ақ жарқын, кең пейілді, өте мейірімді, ақ көңіл, жайдары, бауырмал, кішіпейіл болып келеді.   Ал біреулер тек өз пайдасын ғана ойлайтын өзімшіл , өр көкірек болып өседі. Мансап пен байлыққа , атаққа қол жеткізу үшін адамдар әр түрлі қулық пен жаман әрекеттерге барады. Мұндай адамдардың сөзі мен ісі келіспейді. Жақсы немесе жаман болу әркімнің өзіне байланысты. Қандай іске болсын адамгершілікпен қарап, өзгелерге қайырымдылық көрсете білген адамның мәртебесі қашан да биік болады.

Адам ізгілік туралы сөздерді жалаң айтпай, оны іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Жақсылық істеуден жалықпа, істеген жақсылығыңа өкінбе.   Ізгі ниет, ақ көңілмен жасаған ізгіліктің ізі бар екенін еске сақта. Ізгілік пайда үшін емес, адамдардың қуанышы үшін жасалады.

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым

1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Адамгершілік1

Ұстаз айтты:

– Адамгершілік деген не?

– Адамдарға махаббат.

– Білім деген не?

– Ол – адамдарды білу. Адал кісіні адал еместерден биік қойсаң, адал еместерді адалдыққа тартасың.

Ұстаз айтты:

– Адам баласы жанымыздан ағып өтіп бара жатқан өзен суы сияқты: біздің жанымыздан өтіп кеткенмен күндіз-түні өзінің жүрісін тоқтатпайды.

Ұстаз айтты:

– Ғалым кісі табанды әрі тиянақты болмаса болмайды, өйткені оның өзіне артқан жүгі ауыр және жүрер жолы ұзақ. Оның жүгі – адамгершілік, ол ауыр болмай қалай болсын. Ол өз жолын өлгенде ғана аяқтайды – бұдан ұзақ жол бар ма?!

Ұстаз айтты:

– Ақылды кісіні көрсең, соған ұқсауға ұмтыл. Ақылсыз адамды көрсең, өзіңді онымен іштей салыстырып көр де, ойлан.





Ұстаз айтты:

– Оқымысты кісі деп мінезінде ұялу бар, өзге елге барғанда өз елінің абыройына қызмет етуге жарайтын, ата-анасына, үлкенге құрметпен қарайтын, сөзі шыншыл, әрекеті батыл адамды айтамыз.

Ұстаз айтты:

- Ізгі кісі мына ойды есінде тұтады:

- қараған кезде анық байқады ма;

- естіген кезде дұрыс естіді ме;

- өзінің бет-әлпеті тартымды ма;

- сөзі шын ба;

- іске дұрыс көңілмен қарай ма;

- күмән туса, ақылдасуға дайын ба;

- ашуланса, соңы теріске айналып кетпей ме;

- қандай жетістіктерге болса да жеткенде, онысы әділетті бола ма?

Ұстаз айтты:

– Адамдар үшін адал қызмет ете алдым ба? Мінез-құлқым жұртқа жайлы ма? Достарыммен қарым-қатынаста адалмын ба? Маған үйреткенді қайталап айтып, өнеге алып отырмын ба? – деп мен өзімнен күніне үш рет сұраймын.

Ұстаз айтты:

– Жас адамдар ата-анасын ардақтауға, жасы үлкендерді сыйлауға, өз ісіне ыждағаттылықпен қарауға, халқына махаббатпен қарап, адамдарды бір-бірімен жақындастыруға міндетті. Осы міндеттерден арылған уақытта кітап оқысын.

Сұрақтар:

  1. Өз ойларыңды ұстаздың сөздерімен байланыстырып көріңдер,қандай ұқсастықтар бар екен?

  2. Ұстаздың бойындағы дұрыс әрекетті қалай байқауға болады?

  3. Өмірде қандай адамдарға еліктеп, ұқсауға тырысуымыз керек екен?

  4. Егер ұстаздың орнында сен болсаң не айтар едің?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Тапсырма: Төменде берілген сөздерді пайдалана отырып, ұлдардың және қыздардың бойына тән қасиеттерді теріп жазыңдар.

Қажетті сөздер: алғыр, өр мінезді, айбатты, батыл, сабырлы, қамқор, ұяң, өжет, жомарт, ақылды, ұқыпты, ақкөңіл, жайдарлы, инабатты, парасатты, шыншыл, адал, қайырымды, нәзік, сыпайы, сезімтал, жанашыр, кешірімді.


6. Топпен ән айту.

Бір досың керек екен

Жабығып қалғанымда, 

Таусылып талғамымда, 

Арыны бауыр мұңның 

Бір сәтке алдануға.   

 

Қайырмасы: 

Қасымда бір болатын, 

Жасысам сынға алатын, 

Жапанда жаяу қалсам , 

Аямас мінген атын. 

Көңілге нұр беретін, 

Өмірге бір келетін, 

Не көрсе бір көретін, 

Бір досым керек екен. 

  

Жалғыздық батқанында, 

Атпай бір ақ таңымда, 

Көңілім тұманданып, 

Құлазып жатқанында, 

  

Қайырмасы: 

 

Шаттығым кернегенде, 

Елге дес бермегенде, 

Шарықтап сөйлегенде, 

Қолыңды сермегенде. 

 

Қайырмасы: 



7. Үй тапсырмасы.

«Менің сыныбым – менің мақтанышым» тақырыбында эссе жазу. №20, «Жексен» мәтінін оқып келу.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет!

Баяу музыка




1Конфуций. – Даналардан шыққан сөз. – Үрімжі: Жастар баспасы. – 2003. – 123 бет.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
3476
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі