жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің талпыныстарым
Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Мектеп:А.Асқаров атындағы жалпы орта мектебі Күні: 12. 04. 2018 жыл
Тақырыбы: Менің талпыныстарым Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа Мұғалім: Абдинурова А.М.
Сыныбы: 5 Оқушылар саны:
|
Мақсаты: оқушыларға талпыныстар ұғымы туралы мағлұматтар бере отырып ,ішкі тыныштық құндылығының мағынасын ашу. Міндеттері: - оқушыларға адам өміріндегі талпыныс ұғымының маңыздылығы туралы түсінік беру; -оқушыларды талпынысқа жетелейтін ізденімпаздық,еңбекқорлық қасиеттерін дамытуға ықпал ету; -еңбекқорлылыққа , ізденімпаздыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) |
|
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу. «5 Т» ережесін еске салу. 1.Тәртіп 2.Талап 3.Тыныштық 4.Тазалық 5.Татулық Сабақтағы жағымды күйге келу Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолдарыңызды айқастырмаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды ,әр сезіміңізді, тілек-қалауыңызды айтып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсылық, жақсы ізгі істерді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға , тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты жақсы ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын алып нұрлана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Іштей айтыңыз: «Мен нұрмын ...Нұр менің ішімде ...Мен нұрмын». Осы осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет! |
Ескертулер
Жағымды әуен тыңдау |
|
2.Үй тапсырмасын сұрау. «Мен қандай адам болғым келеді?» деген сұраққа жауап іздеу. Менің қалауым не? Мен нені жақсы көремін? Мені не қызықтырады? |
|
|
3.Жағымды ой-пікір. Дәйексөз « Ізденген жетер - мұратқа » Халық нақылы |
|
|
4.Оқиға айту. Мұғалім сыйы. Патшаның даналығы (Аңыз) Бір дана патша өмір сүріпті. Оған оның ұлы бір күні: – Әке сені елдің бәрі дана, көрегені көп, ақылды деп сыйлайды, сен осы сол даналықты қайдан оқып білдің, қандай кітаптар оқыдың,сені қандай мұғалімдер оқытты,-деп сұрақ қояды. Сонда әкесі: – Ұлым мен ел оқыған, сен де оқып жүрген кітапты оқыдым. Менің де ұстаздарым сен білім алып жүрген ұстаздар болды. Бірақ ел айтып жүрген парасаттылық, ақылдылықты тек олардан ғана емес өмірден, табиғаттан да алдым. Құмырсқаларды байқап жүріп, олардың еңбекқорлығына, шыдамдылығына, қайтсе де алдыға қойған мақсатқа жетудегі талпыныстарына қызықтым. Бүркітке қарап байқағыштыққа, тез шешім қабылдай алушылыққа үйрендім. Барыстан - ептілік пен шыдамдылықты. Бөдене құсқа қарап сүйіспеншілікті үйрендім. Қоршаған адамдарға қамқорлық жасап, сүйіспеншілікпен еңбектеніп жүрмін,- дейді. Нағыз даналық пен ақылдылық әр кезде біздің қасымызда жүреді. Тек адамның көзі, құлағы, жүрегінің есігі оған ашық болуы керек,- дейді.
Адам алдына нақты мақсат қоя білуі керек. Мақсаты айқын адам оған қол жеткізуге талпынады. Мақсатқа жетуге талпыныс – адамды сенімді, жігерлі, күшті етеді. Күшті адам бұл ішкі тыныштығы бар адамдар. |
Қосымша материалдан
|
|
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс 1-топ
Берілген сөздерді оқыңдар. Өзіңнің не үшін талпыныс жасайтыныңды, не нәрсеге ұмтылатыныңды таңдап жаз. ● мейірімді болу үшін, ● әділ болу үшін, ● тәтті тамақ жеу үшін, ● жылтырақ киімдер кию үшін, ● терең білім алу үшін, ● адал еңбек ету үшін, ● өзімді өзім тану үшін, ● көбірек ойнау үшін. 2-топ «Біздің арманымыз» тақырыбында сурет салу . 3-топ 3-тапсырма «Менің арманым» тақырыбында эссе жазу. |
|
|
6.Топпен ән айту Жақсы адамдар Әні: А. Оралов
Сөзі:
Ж.Оспанұлы
Жақсы көрем сендерді жақсы
адамдар,
Күйіп кетсін көре алмас
бәтшағарлар Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп кетсін көре алмас
бәтшағарлар Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы
адамдар, Жақсы адамдар. |
|
|
7.Үй тапсырмасын беру «Менің талпыныстарым» тақырыбында эссе жазыңдер. Эссе жазу кезінде мынандай мәселелерді ескеріңдер: басты мақсатың қандай? өз талпыныстарыңның тізбесі? өз бойыңдағы жақсы қасиеттер ? қол жеткізген жетістіктерің ? |
|
|
8.Сабақтың қорытынды сәті Балаларды тыныштыққа шақырып, бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіп, жүректе сақтаймыз. |
|
Тексерілді:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген