Менің таңдауым - Павлодар! эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің таңдауым - Павлодар! эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің таңдауым -Павлодар! туралы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің таңдауым Павлодар!

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.
Жастық алтын, қайтып келмес күнімде
Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер.
Мағжан Жумабаев

Өмір қызығы, жастық шақтың қайнап тұрған, жалындаған жүректен өз Отаным, туған жерім, кіндік тамған жерім, бала күнім, ойын қуған кезім, өскен орнымды еске алсам ақынша өлең жазып, толғана кететініме сенімдімін.
Мен үшін Павлодар қаласы өте ыстық. Себебі, әжем бала күнімде Кереку қаласын ертегідей әңгімелеп беретін. Қайта-қайта тыңдауға жалықпай қызыға тыңдап, кейін мектеп қабырғасында Павлодар туралы көп кітап беттерін оқып, ақпарат жинадым. Менің түйсігімде «Кереку» деген атау құлағыма жақсы естіліп, керемет сипаттарға кеңеле жүретінмін. Керекуге әжеңмен барып қыдырып, Ертіс өзен бойымен жалғаса салынған биік қатарлас үйлер көздің жауын алады. Балалық шақтың ең қызық, бақытты күндері естен кетпейді.

Павлодар қаласының тарихы 1720 жылдан басталады. Осы уақытта Ертіс өзенінде Коряков форпосты пайда болды, бұл атауға ие болу себебі Коряков өзенінде табылған тұзға байланысты болатын. 1838 жылы ол Коряков елді мекеніне айналады, ал 1861 жылдың сәуір айында Коряковка «Павлодар атты штаттан тыс қала» деген мәртебеге ие болады.
200 жылдан астам кезең ішіндегі қала тарихында көптеген өзгерістер болып өтті. Қазіргі заманға сай, жасыл әрі әсем, ол Қазақстанның ең әдемі қалаларының біріне айналып, көркейіп келеді. Бүгін Павлодар қаласы Ертіс өзені жағасы жазығында, Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан облыстағы ең үлкен қала. Теміржол мен автомагистральдар тоғысқан қиылыста орналасып Павлодар қаласы облыстың барлық елді мекендерімен, Қазақстанның облыстық орталықтарымен, таяу және алыс шетел (Ресей Федерациясы, ҚХР, Германия) елдерінің қалаларымен транзиттік мүмкіндікке ие. Қала әуежайынан республика бойынша, сондай-ақ, Ресейге, Германияға, Түркияға, Қытай мен Араб Эмираттарына үздіксіз әуе рейстері ұшып тұрды.
Қуатты өнеркәсіптік, экономикасы мен мәдениеті дамыған орталық болып табылған Павлодар өзінің әлеуеті бойынша республикада жетекші орындардың бірі. Павлодарда экспортты бағыты бар болат пен бүтін құбырларды жасап шығаратын металлургиялық кәсіпорындар, сондай-ақ, мұнай өңдеу, электрлік, электрондық және оптикалық жабдықтарды жасап шығаратын, қайта өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары жұмыс істейді.
Шағын кәсіпкерлік саласын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер экономиканың аталған секторында қалыптасып жатқан оң үрдістердің айғағы. Павлодар қаласының білім беру жүйесі түрлі бағыттағы оқу мекемелерінің желісі болып табылады. Бала бақшадаға балалар.
Қалалық денсаулық сақтау жүйесіне емдеу-сауықтыру ұйымдары. Павлодар спорт орталығы. Салауатты өмір салтын қалаушылар спортпен белсенді шұғылдануда. Атақты спортшы жерлертерімізбен мақтан етемін. Олардың ішінде Нагана қаласында өткен XVIII қысқы Олимпиадасының қола жүлдесінің иегері Людмила Прокашева; келешегі алда, жас шаңғышылар, Қазақстанның бірнеше мәрте чемпиондары, Турин қаласында (Италия) өткен XX қысқы Олимпиада ойындарының қатысушылары, Республика құрамасының мүшелері Головко Андрей және Кривушкин Денис; Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан құрама командасының мүшесі, Қазақстан Республикасының және Азиат (Тайланд) ойындарының чемпионы Валиев Роман; дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионы, «А» тобындағы Әлем Кубогының қола жүлдегері Әлмұқашев Саят және т.б. Павлодар қаласының спорттағы мақтанышы, Қазақстанның бес мәрте чемпионы, республиканың премьер-лигасында ойнайтын «Ертіс» футбол командасы.Театрлар, мұражайлар, кітапханалар, мәдени-демалыс мекемелері павлодарлықтар үшін мәдени қызмет көрсету орталықтары болып табылады. Қалада Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры және А. П. Чехов атындағы облыстық драма театрлары, 5 мұражай Г. Н. Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайы, облыстық көркем сурет мұражайы, Бұқар Жырау атындағы әдебиет пен өнер облыстық мұражайы, П. Васильев атындағы мұражай үйі орналасқан. Достық үйі ашылып, басқа мәдениет ошақтары үлкен өз үлестерін қосуда. Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясының 18 ұлттық мәдени орталықтары өз қызметін атқаруда. Қаланың қазіргі заманғы келбетін дәстүрлі сәулет стилінің элементтері үйлесімді толықтырады, атап айтқанда, соңғы жылдары салынған Мәшһүр Жүсіп атындағы Орталық мешіт пен Благовещенск кафедралық соборы көріп беріп тұр. Қаланың, әсіресе қала тұрғындарының демалыс орындарын көгалдандыру мәселесіне үлкен назар аударылаған. Бүгінгі күні Павлодар қаласына отбасыммен келіп, демалыс орындарда көңіл көтеріп, әжемнің айтқан әңгімелерін айтуға тырысамын. Павлодар көркі қаланың бірі екеніне жыл сайын көзім жетіп, көңілім толып, өсіп келе жатқан ұрпаққа қызыға қараймын. Бақытты өмірде сүріп жатқаныма, Аллаға ризашылығымды білдіремін. « Кереку» қаласы атанса шексіз риза болып, балалық шақтағы арманым, әжемнің әңгімесі орындалама екен...

Смагулов Ербол Машрапұлы

«Ertis» Жоғары инновациялық аграрлық

колледжі ФШ-11 тобының студенті

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2021
1319
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі