15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Менің таңдауым осы.Тренинг
Тренинг тақырыбы «Менің таңдауым осы»
Тренинг мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту.
Тренингтің жүргізілу барысы
І.Психологиялық ахуал
«Сені қалай атаймыз» жаттығу
ІІ. Сұрақ жауап ой қозғау.
ІІІ. «Менің баспалдағым» жаттығуы
ІV. «Менің арманым.....» жаттығуы
V . «Өрмекшінің торы» жаттығуы
І. Психологиялық ахуал «Сені қалай атаймыз» жаттығу
Әрбір қатысушы өзінің есімін айтып, есімі өзіне ұнайды ма, жоқ ұнамайды ма немесе топта өзін қалай атағанды жөн көретіндігі туралы айтуы керек.
ІІ. Сұрақ -жауап Ой қозғау.
Жүргізілу барысы: ортада тұрған орындықтардың үстіндегі сұрақтарға жауап беру қажет. Ол сұрақтарға жауап беру үшін, сол орындықты таңдап, артына тұру қажет.
-
Кім дамыған аймақта жұмыс жасағысы
келеді?
- Кім көп ақша тапқысы
келеді?
- Кім мемлекеттік
мекемеде жұмыс жасағысы келеді?
-
Кім жұмыс жасағысы келмейді?
-
Кім ата-анасының жолын жалғастырғысы
келеді?
- Кім бастық болғысы
келеді?
- Кім атақты болғысы
келеді?
Нәтижесі: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге, мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастырады. (Оқушыларды ортадағы дөңгелек үстелге 15-15 тен отырғызу).
ІІІ. «Менің баспалдағым» жаттығуы
Жүргізілу барысы: оқушылар алдындағы парақта берілген 7 баспалдаққа болашақтағы өзінің арман, мақсатын жазу.
Нәтижесі: оқушылар мақсат қоя білуге қалыптасады.
ІV «Менің арманым.....» жаттығуы
Мақсаты: Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру, жауапкершілік, міндеттілік, зерттеушілік әрекетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейту, оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі тануын қамтамасыз ететін болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасау
Жүргізілу барысы: оқушыларға ақ парақ және қарындаш таратылып беріледі.
- Оқушылар, алдымыздағы парақты басымызға қоямыз. Қарындашпен параққа сурет саламыз. Ол сурет: ЖОО бітіріп, өзіміз қалаған мамандық иесі атанып, сол бойынша жұмысқа орналастық. Ол жұмыс орнымыздың ғимаратын парақтың дәл ортасына саламыз. Ғимараттың жоғарысына Мемлекеттік Туымызды ілеміз. Ғимараттың кірер есігіне өзіміздің суретімізді саламыз. Ал, енді, сол парақтарыңызды алып қараңыздар.
Нәтижесі: оқушылар арманына жетуге ұмтылысы артады.
V . «Өрмекшінің торы» жаттығуы
Мақсаты: Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тани білуге үйрету.
Жүргізілу барысы: Өрмек жібек құрты жібіне ұқсас, ауада тез қатады, серпімді және жабысқақ келеді. Өрмекті өрмекшелердің кейбір түрі жемін ұстауға, тор құруға, жауынан жасырынатын баспана жасауға, жемін шырмауға қолданады. Сол өрмекшінің торы секілді біз де, бір-бірімізге жылулық сыйлау, көмектесу, қамқор бола білу барысында, жіптен тор құрамыз. Ол үшін, мен жіптің басын ұстап, сіздерге тілек айтамын «Өздеріңіз армандаған мамандыққа түсіп, үлгілі, жеке тұлға ретінде қалыптасуларыңызға тілектеспін!» айтамын да, келесі адамға жіпті беремін. Осылайша кезектесіп жіпті бір-бірімізге береміз.
VІ .Қорытынды сөз: Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті. Сондықтан сіздерге мамандық таңдау жолында адаспай, өмірден өз орындарыңызды тауып, дүниенің бір кірпіші болып қалануларыңызға шын жүректен тілектеспіз
Көк
жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең
бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!
Ең қиын мамандық - адам боп қалу» демекші мамандық таңдауда адаспай, адамдық биіктен аласармай, жақсы азамат болуларыңа тілектеспін.
«Менің таңдауым осы» атты тренингіміз аяқталды. Естелікке барлығымыз плакатқа өзіміздің қолымызды суретпен салып, болашақ мамандығымызды жазып қалдырайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген