Материалдар / «Менің танымдық әлемім»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Менің танымдық әлемім»

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісін дамыту. Қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру. Іс – әрекет барысында өз ойын жүйелі, дұрыс жеткізе білуге баулы. Ойын арқылы ойлау тәсілдері, заттарды салыстыра білу қабілеттерін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
348
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Менің танымдық әлемім»
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісін дамыту.

Қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру. Іс – әрекет барысында өз ойын жүйелі, дұрыс жеткізе білуге баулы. Ойын арқылы ойлау тәсілдері, заттарды салыстыра білу қабілеттерін арттыру.
Қолданылған құрал – жабдықтар: ақпараттық коммуникативтік технология құралдары интерактивті тақта, сурет қиындылары, ойынға қажетті алма, банан, лимон
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі сабаққа психологиялық дайындық
Балалар шаттық шеңберіне жиналып (қолдарында шырағы бар), жылы шыраймен сәлемдесіп, мына өлең жолдарын бәрі бірге айтады.
Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Психолог: Балалар олай болса мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай – салаға толады.
Ағаш басы бүршік шашып,
Гүл, бәйшешек толады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
- Қазір жылдың қай мезгілі болып тұр?
- Көктем
Көктемде ауа рай қандай болады?
- Жылы, қар еріп, жылғалардан су ағады, құстар ұшып келеді, жаңбыр жауады т.б.
Ендеше балалар тақтаға назар аударып, тақтада берілген көктемнің ерекшелігін сипаттайтын құбылыстарды қимыл арқылы көрсетейік.
Балалар менің алдымда 3 түрлі бейне бар. Әрқайсысың осы заттардың бейнелерін қалауларын бойынша таңдап алыңдар.
- Балалар біздің таңдап алған бейнелеріміз қандай мультфильмде кездеседі? Кімнің киіміне, затына ұқсайды? (Аю, Маша, Бал)
Балалар таңдап алынған бейнелер бойынша топтарға бөлінеді.
Осы кезде хат келді деген дыбыс шығып, психолог балалардың назарын тақтаға аударады.
- Балалар бізге интернет арқылы хат келген секілді. Сендер хаттың кімнен келгенін, онда не туралы жазылғанын білгілерің келе ме?
- Иә.
- Ендеше тақтаға назар аударайық!
Құрметті:
«Гүлдер» Мектепке дейінгі ұйымының бүлдіршіндері!
Мен сендердің сүйікті «Маша мен Аю» мультфильмдеріндегі Аюмын. Сендерге Маша екеуміздің басымыздан өткен оқиғаларымызды бейнетаспа арқылы жолдап отырмын. Мен сендерді тәртіпті, әдепті және өте зерек балалар деп естіп Машаны жіберіп отырмын. Сол себепті сендерден Машаға үлгі болып, қателіктерін түзеп, тапсырмаларды дұрыс орындауға көмектесулеріңізді сұраймын. Сендерге үлкен үміт артып, көмектесер деген ойдамын.
Сәлеммен: достарың Аю.
Балалар, Аю бізге Машаны жіберіпті. Міне Машаның өзі де келді. Кел, Маша қош келдің. Балалар Машамен амандасып алайық. Ендеше балалар Машамен бірге Аюдың бейне материалына назар аударайық.
Осы жерде интерактивті тақтадан «Маша мен Аю» мультфилімінің үзінді көрсетіледі.
Бейне таспа көрінісін талдау:
Психолог: Балалар Аю Машаны кешіру үшін оған тапсырма берген екен.
- Балалар, аюдың тапсырмасына назар аударайық?
1 тапсырма. Жаттығу. «Есте сақта»
- Мақсаты: көріп есте сақтау (қысқа мерзімдік) қабілеттерін арттыру, зейінін дамыту.
- Аю: Балалар Маша осы күні өте қатты ұмытшақ болып кетіпті. Машаға көрген заттарын есінде сақтауға көмектесіңдерші.
1. Интерактивті тақтадан бірнеше суреттер көрсетіледі. Балалар суреттерді атайды. Кейін суреттер жасырылып, балалар естеріңе сақтаған суреттерін қайта жаңғыртады.
2. Бірнеше пішіндер орналасады. Пішіндерді атап, саның және пішіндердің орналасу тәртібі бойынша атау. Кім көбірек есте сақтағаны анықталады.
2 тапсырма Ойын « Бұл не?»
Мақсаты: сезім мүшелері арқылы заттарды ажырату, заттарды негізгі қасиетіне қарай жіктей білуін дамыту.
Ортаға 2 бала шығады, көздері орамалмен байланады. Бір балаға банан, екінші балаға лимон беріледі. Балалар сезім мүшелері арқылы әуелі заттың пішінін, иісін, дәмін, қатты жұмсақтығын ажыратады. Сосын заттың атын айтады. Осылайша барлық бала кезекпен қобдиша ішінен көзі байлаулы күйінде затты таңдап, сипаттайды.

3 тапсырма: «Менің достарым»
Мақсаты: шығармашылық қиялдарын шыңдау Көрнекі әрекеттік ойлауын арттыру. Ұжымдық еңбекке баулу.
Осы жерде интерактивті тақтадан Аюдың балаларға тапсырмасы орындалады.
- Балалар тентек Маша менің достарымның суреттерін де жыртып тастапты. Сендер оны Машаға құрастыруға көмектесесіңдер ме?
- Иә.
Психолог: Ендеше тақтаға назар аударайық. Тақтадан Аюдың достарының тұтас суреттері көрсетіледі. Балалар қиындыларды үстел үстінде құрастырады. (Аю, Арыстан, Жираф, Қасқыр, Маша).
4 тапсырма.
- Балалар сендер шаршаған боларсыңдар барлығымыз демалып, психологиялық жаттығу жасап алайық.
Психологиялық жаттығу: «Ғажайып орманға саяхат»
Балалар, мен 1, 2, 3 дегенде Машамен бірге ертегі әлеміндегі ғажайып орманға саяхатқа барамыз. Барлығы шеңбер бойымен жүреді. (Барлығы қимыл қозғалыс арқылы көрсетіледі.) Күн қандай керемет. Шайдай ашық. Жолда ойдым – ойдым жерлермен, көпірден өтеміз, Абайлаймыз, мұқият. шалшық сулардан секіреміз, аяғымызға жабысқан балшықтарымызды сілкейміз. кедергілерден өтеміз., Балалар қандай керемет гүлдер... гүлдер тереміз. Енді барлығы 1, 2, 3 дегенде терең тыныс алып, балабақшаға оралады.
Олай болса балалар аюдың келесі тапсырмасын тыңдайық.
5 тапсырма.
Суреттер берілген. Сол суреттердің түстерін тауып, бояуымыз қажет. Заттардың түсі қандай болуы керек?
- Балалар тапсырманы талдап, түстерді ажыратып, өз түсімен бояйды.
1 – топ суретті акварель краскамен,
2 – топ жіптерді жапсыру арқылы,
3 – топ бояумен безендіреді.
Жұмысты аяқтаған соң әр бала өзінің нені, қандай түспен бояғанын айтады және суретте неше зат бар екендігін санайды.
Қорытынды:
Енді балалар біз сабағымызды қорытындылай келе, ортаға шығып мына жердегі смаиликтердің өздеріне ұнағаның таңдап алыңдар. Сол смаиликтерді ұстап тұрып бүгінгі тренинг сабағы ұнады ма, Машамен бірге қандай тапсырмалар орындағанымызды, нені үйренгенімізді айтайықшы.?
Балалар жауап береді және Маша нені үйренгенің айтып балалармен қоштасады. Сау болыңыз айтып Машаны шығарып салу.
Балалардың назарын тақтаға аудару.
Маша Аюға:- Мен балалардан көп нәрсені үйрендім. Жіберген қателіктерімді енді қайталамаймын. Балалар секілді мен де зерек боламын.
Аю: - Ендеше мен барып балаларға алғысымды білдірейін Маша – деп Аю балаларға келіп алғыс хаттар мен өзінің сыйлығын тарту етеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!