Тәрбиеші
:Балалар біз ненің белгісін жасап
жатырмыз?
Дұрыс айтасыңдар
балалар.
Күн жер әлеміне жылуын
шашады екен.
Балалар сендер ұйқыдан
тұрғанда қайырлы таң деп айтадыма
мамаларың?
Қане олай болса
бізде салемдесіп алайық.
Шаттық
шеңбері:
Қайырлы таң көздерім
ояныңдар,
Қайырлы таң құлағым
ояныңдар.
Қайырлы таң қолдарым
ояныңдар,
Қайырлы таң баршаңа
достарым,
Бәрекелді, балалар!
Орындарыңа жайғасып отыра қойыңдар.
Балалар қазір жылдың
қай мезгілі?
-Көктем
мезгілі.
Көктем мезілінде неше
ай бар?
-Үш ай
бар.
Дұрыс айтасыңдар
балалар өте тамаша.
Ал балалар менің
қолымда не зат?
-Асық.
Дұрыс айтасыңдар
балалар бұны ұсақ малдың асықты желігінен алынған жұмыр сүйек
алынады.
Балалар қане мен
сендерге асық жайлы қысқаша айтып кетейін асық төрт түлік малдан
алынады Балалар бұл асықпен ұлттық асық ойнауғада болады. Иіргінде
түскен қалпын қарай асық-алшы, тәйке,бүк, шік, омпы деп, ал атауға
арналған
Бірақ балалар менің
қолымдағы жай асық емес, бұл алтын сақа, осы алтын сақа асықтың
ішінде бізге арналған көптеген тапсырма бар екен. Сол тансырмаларды
орындасақ Ғажайып менің асықтар әлеміне барады
екенбіз.
Олай болса мен алтын
сақаны ашып тапсырманы айтайын.
Бірінші тапсырма
ойын:Түстерді ажырат.
-Қызыл, сары,
жасыл.
Дұрыс айтасыңдар балалар сендер алтын сақаның тапсырмасына өте
жақсы жауап бердіңдер.
Ой балалар көрдіңдер
мен мына жақта көптеген тапсырмалар бар екен қане көргілерің келе
ме? Олай болса қазір ойын ойнаймыз.
Дидактикалық
ойын «Моншақ
жасау».
Шарты: Тәрбиеші түрлі түсті
жип береді балалар сол жіпке асықты қадау арқылы моншақ
жасайды.Ойын осылай жалғасады. Көрдіңдер ме балалар біздің жасаған
ойынымыз ұнадыма?
Біз не
жасадық?
Моншақты неден
жасадық?
Бәрекелді
балалар.
Балалар мына жақта тағы
тапсырма бар екен көргілерің
келеме?
Балалар асықтан
музыкалық дыбыста шығаруға болады
екен.
Мен сендерге әуелі
көрсетейін. Оң қолымызға асықты алып, сосын сол қолымызға аламыз
сүйтіп екеуін ұру арқылы дыбыс
шығарамыз.
Осылай асық арқылы
дыбыс шығаруғада болады екен.
Қане олай болса
шаршасақ бой сергітіп алайық.
Сергіту
сәті
Тербеледі
ағаштар,
алдымнан жел
еседі.
Кіп-кішкентай
ағаштар,
Үп-үлкен болып
өседі.
Жарайсыңдар,
балалар!
Орнымызға жайғасып
отырайық Балалар тағы ойын ойнағыларың келеді
ме?
Дидактикалық
ойын: «Асықты қорапшаға
жина»
Шарты: Үстел-үстінде тұрған
түсіне сайкес қорапшаға сол түсіне сайкес асықты салып жинау. Ойын
осылай жаалғастыру.
Жарайсыңдар,
балалар!
Балалар көрдіңдер мен
біз енді менің асықтар әемінен қайтатын уақытымыз болды енді біз өз
тобымызға қайтайық.
Балалар біз бүгін немен
таныстық?
Алтын сақадағы тансырма ұнады
ма?
Асықты қайдан алады кенбіз?
Асық не істеуге болады
екен?
Асықтан біз не жасадық?
Біз қайда бардық?
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар
сендер бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар, Олай болса
алтын сақаның сендерге дайындаған сыйлығы бар екен ала
қойыңдар
|