«Менің тәуелсіз –
Қазақстаным»
Мақсаты: ҚР рәміздері туралы
түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын
дамыту. Тәуелсіздік жайлы
балалардың ойларын дамыту арқылы
Отанымызды қорғайтын азаматтар
тәрбиелеу.
Көрнекілік: ҚР рәміздері, Астана суреті,
слайд.
Әдіс-тәсілдер: ҚР туралы әңгімелеу,
сұрақ-жауап, мақал-мәтел, тақпақтар
айту.
Тәрбиеші: Балалар біздерге қонақтар
келіпті, алдымен амандасып алайық!
Балалар: Сәлеметсіздер
ме?
Тәрбиеші: Амансызба
достарым,
Сендерді көрсем
қуанам,
Қуан, шаттан
алақай!
Қуанатын кез
келді.
Күліп шықты күн
бүгін,
Қайырлы таң,
балалар!
Тәрбиеші: Ал, қанеки, балалар! Біз бүгін
достық шеңберінде бір-бірімізге
жылы лебімізді, достық
сенімдерімізді білдірейікші. (Тәрбиеші
балаларларға гүл шоғын
ұсынады.)
Балалар: Аспанымыз ашық
болсын,
Деніміз сау
болсын
Еліміз тыныш
болсын,
Туымыз көк аспанда
желбіресін
Береке-бірлік
болсын,
Нанымыз көп
болсын,
Елімізде тыныштық
болсын.
Еліміз бай
болсын,
Әрқашан күн
сөнбесін,
Әке-шешеміз аман
болсын,
Бәріміз дос
болайық.
Тәрбиеші: Балалар сендер тілектерің мен
достық сенімдеріңді тамаша
жет-
кіздіңдер. Ендеше мен де жақсы
тілегімді айтқым келеді.
Күніміз ашық
болсын
Түніміз тыныш
болсын,
Ауамыз таза
болсын
Суымыз мөлдір
болсын.
Бәріненде денсаулығымыз мықты
болсын! – деп осы гүл шоғын
ортаға қойғым
келеді.
Тәрбиеші: Жақсы балалар, өз орындарыңа
бара қойыңдар!
(Әнұран
орындалады.)
Тәрбиеші: Бүгінгі біздің сабағымыз
ерекше. Өйткені біз бүгін тәуелсіздік
мерекесіне арнап, келген
қонақтарға өз отанымыз жайлы айтып
береміз.
Тәрбиеші: Біз қай мемлекетте
тұрамыз?
Балалар: Қазақстан.
Тәрбиеші: Біз қандай
мемлекетпіз?
Балалар: Тәуелсіз.
Тәрбиеші: Біздің ұлтымыз
кім?
Балалар: Қазақпыз.
Тәрбиеші: Біз қай тілде
сөйлейміз?
Балалар: Қазақ
тілінде.
Тәрбиеші: Біздің мемлекетіміздің
астанасы қай қала?
Балалар: Астана
қаласы.
Тәрбиеші: ҚР елбасы
кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.
Тәрбиеші: (Осы жерде слайд көрсетіледі.
Астана қаласына қысқаша шолу.)
Балалар кім Отан жайлы
тақпақтар біледі?
Бала:Отанды біз
Атамекен
Деп аялап
атаймыз
Өйткені оны мекен
еткен,
Бабамыз бен
Атамыз.
Бала:Отан деген –
Атамекен,
Отан деген – Туған
жер,
Отан –
Ана
Отан –
үлкен
Қазақстан – туған
ел.
Бала:Отан менің
ата-анам
Отан – досым,
бауырым,
Отан – өлкем,
астанам,
Отан – аудан,
ауылым.
Тәрбиеші: Ал, енді кім Отан туралы
мақал-мәтел айтады?
Балалар: Отан оттан да
ыстық.
Бала:Отансыз адам – Ормансыз
бұлбұл.
Отан елдің
анасы.
Туған елдей – ел
болмас.
Туған жердей – жер
болмас.
Сергіту
сәті:
Көтеріліп
шаңырақ.
Керегелер
керіліп,
Өрімдей боп
өріліп,
Бәріміз жүрсек
айналып,
Киіз үй боп
көрініп.
Тәрбиеші: Балалар, әр мемлекеттің өз
рәміздері болады. Біздің еліміздің ҚР
рәміздерін білесіздер
ма?
Балалар: Ту, Елтаңба,
Әнұран.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. ( Слайд
көрсетеді. Рәміздерді балалардан сұ-
рау. Пішіні, түсі, авторлары
жайында толықтай түсінік беріледі.)
Тәрбиеші: Ал, енді қысқаша ғана
көрінісімізді тамашалайық.
Бөлме іші кілем, төсек, стол,
домбыра, тері, шашбаулар макетімен безендірілген күй әуенімен
қолында ұршығы бар әже келіп отырады. (Аққу
күйі.)
Қолында қамшысы бар бала атқа
мініп, ойнап жүреді.
Ол әжесіне жүгіріп келіп
мойнына асылып еркелейді.
Бала: Әже, не істеп
отырсыз?
Әже: Ой, құлыным мен ұршық иіріп
отырмын. Кел, отыр ойыннан шаршаған
боларсың.
Бала: Әже, біз балабақшада
Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып
жатырмыз. Әнұранды
орындадық.
Әже, Тәуелсіздік деген
не?
Әже: Е, құлыным-ау! Тәуелсіздік
деген бұл үлкен әңгіме. Осы күнге жету
үшін, қазақ халқы талай
қиыншылықты бастан кешірді. Қайсар батыр
аға-апаларымыздың арқасында
егеменді ел болдық. Тәуелсіздік алғаны-
мызға 23 жыл болды. Өзіміздің
туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
Аллаға
шүкір!
Бала: Әже мен сізге тақпақ айтып
берейін бе?
Әже: Айта ғой,
құлыным!
Бала: Күміс күй мен әнге толып тұла
бой,
Қуанышқа кенелтеді асыл
ой.
Шаттандырған баласы мен
бабасын,
Тәуелсіздік күні бүгін – ұлы
той!
Әже: Ой, ақылдым, өркенің
өссін!
Бала: Әже, мен ұйықтап алайыншы,
шаршадым!
Әже: Ұйықтай ғой, құлыным! (Орнынан
тұрып кетеді.)
Алтын
адам: (Алтын адам кіреді, баламен
амандасады.)
Бала: Ассалаумуағалейкум, ата! Сіз
кім боласыз?
Алтын
адам: Мен сіздердің бабаларың
болам,
Аман қалған шабуылдан
жүздеген,
Батыр халық екенбіз ғой біз
деген
Аямаған жұрттан нанын,
тұзбенен,
Жомарт халық екенбіз ғой біз
деген.
Өзіңдікі – елің
де,
Өзіңдікі – жерің
де.
Өзіңдікі – өзің еткен
бақ.
Тәуелсіздік
төрінде.
Ей, балақай қазақ халқының
болашағы сендерсіңдер, «Қазақ» деп соққан жүректерің осы алаудай
мәңгі өшпесін! (Қолындағы шырақты береді.)
Бала: (Ұйқысынан оянады.) Әже, әже
қайдасың?
Әже: Оу, құлыным, не болып
қалды?
Бала: Мен түс
көрдім!
Әже: Айналайын, қандай түс
көрдің?
Бала: Мен түсімде Алтын адамды
көрдім. Ол маған жанып тұрған
«шырақ»
берді.
Әже: Оу, құлыным, жақсы түс көрген
екенсің. «Шырақ» деген бұл біздің
еліміздің биіктен көрінуі.
Әне, әне, жарқырап күн де шықты. Тәуелсіз-
діктің таңы атып келеді.
Туымыз да биікте желбіреп тұр. (Әже баланы
ертіп кетіп
қалады.)
Тәрбиеші: Балалар, рәміздер туралы
тақпақтар білеміз бе?
Бала:Мен бақытты
баламын
Қазақстан
елінде,
Қазақстан
жалауын.
Көтеремін
жоғары.
Бала:Көк аспандай
көкпеңбек.
Қазақстан
жалауы.
Көк емес ол
тектен-тек,
Елдің ашық
қабағы.
Бала:Бұлт баспасын
күнімді.
Еркіндігім
елтаңбам.
Тәрбиеші: Балалар, бізге тәуелсіздік
оңай келген жоқ, осы жолда
ата-аналарымыз, аға-апаларымыз
көп күресті. Олар: Қайрат Рыс-
құлбеков, Ләззат Асанова,
Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамед-
жанова апаларымыз бен
ағаларымыз. Олар тәуелсіздік жолында
жандарын қиды. Міне, осы
аға-апаларымыздың арқасында
Тәуелсіз мемлекетке қол
жеткіздік. Біздің жақсы өмір сүріп, білім
алып отырғанымыз осы
аға-апаларымыздың арқасы. 1991 жылы
16 желтоқсанда Тәуелсіздікке
қол жеткіздік.
Қорытынды: Балалар, бізде қандай
мереке?
Балалар: Тәуелсіздік
мерекесі.
Тәрбиеші: Балалар, желтоқсан оқиғасы қай
уақытта болды?
Балалар: 1991 жылы 16
желтоқсан.
Тәрбиеші: Осымен сабағымыз аяқталды,
қош, сау болыңыздар!
(Балалар хор
Атамекен)
Тарылмасын
өрісім,
Биік ұстау
туымды,
Қасиетті
борышым.
Бала:Тәуелсіздік
жолында.
Талай-талай тер
төккен,
Билігім өз
қолымда.