"Менің тілім мәңгілік - тіл" тақырыбындағы эссе(шығарма) мақала жұмысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің тілім мәңгілік - тіл" тақырыбындағы эссе(шығарма) мақала жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұтып, басқа ұлттарға насихаттау керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің тілім – мәңгілік тіл !

Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұтып, басқа ұлттарға насихаттау керек. Өйткені, халықтың даналығы, жырлары, шежірелері сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болмасын қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына Ана сүтімен дарып, қалыптасады. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза , ең бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. «Ана тілі- халық болып жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп –өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі». Менің бойыма дарыған Ана тілімді , туған анамның ақ сүтімен келгенін кіщкентай ғана жүрегім сезеді. Мен өзім мектеп табалдырығын аттағалы ұстаздарымның берген тәлім-тәрбиесінен білетінім міне, осы тілге деген махаббатым, құрметім биік болса, сол биіктік – менің бойыма өшпес із қалдырған – ұлағатты ұстаздарым деп білемін. Менің тілімнің мәңгілік екенін, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқып, біліп, Отанымызға, тілімізге деген жыр, өлеңдерімізді арнап, эссе жұмыстарын орындап, білімімізді шыңдай түсеміз. Сыныптастарым да бірінен бірі қалмай арнау жазып, ұстазымыз болса «Бөреме әдісін» пайдаланып, үнемі бізді – білімпаздыққа , шапшаңдылыққа, тіл шеберлілігіне, ақындыққа баулу мақсатында жұмыстар жүргізеді. Осындай әдіс арқылы менің тіл туралы өлең жазып, Ана тіліме деген жанашырлығым оянды. Мен өз тілімді мақтан тұтудан еш шаршамаймын. Ана сүтімен бойыма дарыған туған тілім құрып кетпес үшін, аяқ асты болмас үшін, мен өз тілім жайында оқығаным мен тоқығанымды айта бермекпін.

Қармақшы ауданы Төретам кенті №85 мектептің 5 «Б» сынып оқушысы Нагиметуллева Ұлту. Жетекшісі : қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакипова Назира

































































































































































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2021
3921
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі