400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің төрт аяқты достарым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

20-ұОқ. мЕніҢ төРт АЯқты дОстАРым

мектеп/мұ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

сынып/топ:

қатысқандардың саны:

қатыспағандардың саны:

ұОқ-нің оқыту мақсаттары

0.1.2.1. Жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру.

        1. Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию (жолақтарды тіктөртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың бұрыштарын қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып алу).

        2. Симметриялы емес заттарды бейнелеу үшін суреті салынған немесе қиялдағы контур бойынша сұлбаларды қию.

0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әртүрлі қағаздар).

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-симметриялы емес заттарды бейнелеу үшін суреті салынған немесе қиялдағы пішін бойынша сұлбаларды қиюға бейімделген;

-сюжеттік жапсырма құрастыра алады;

-желімді пайдалану дағдыларын қолдана алады.

Көптеген тәрбиеленушілер:

-бейнелерді қағаз бетіне жапсыруды алдымен ірі бөліктерінен бастап, кейін ұсақ, ерекше бөліктерімен толықтыра алады;

-тиянақты ойын сақтап, өзінің әрекеттерін жоспарлай отырып, жұмысын соңына дейін жеткізе алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

-өз бастамасымен түрлі бейнелеу тәсілдерін біріктіре алады;

-өз қиялын жеткізе алады.

тілдік мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-сөзбен түсіндіру арқылы композицияны нақтылау;

-жұмыс тәсілдері мен реті жөнінде айтып беру;

-түпкі ойын түсіндіру;

-өзінің және өзгелердің жұмыстарын талқылау және түсіндіру;

-түстің, пропорционалды қатынастардың өзіндік мәнін сөзбен айқындау;

-тақырыпқа қызығушылық тудыратын көркем сөзді зейін сала тыңдау;

-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау бойынша бастапқы біліктерді меңгереді.

Көптілділік: күшік – щенок – puppy.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-сюжетті композиция, заттарды орналастыру, қию тәсілдері, геометриялық пішіндер, сұлбалар.

талқылауға арналған сұрақтар:

Заттарды параққа қалай орналастыру керек? Қандай геометриялық пішіндерді білесің?

Шаршыны, дөңгелекті, үшбұрышты қалай қиып алуға болады? Неліктен ит пен мысықты «үй жануарларына» жатқызады?

Алдыңғы білім

Адаммен бірге өмір сүретін жануарлар туралы білімдер. Объектілерді мөлшеріне қарай қатынасын бере білудің, түрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылысын, пропорцияларын көре білудің қарапайым дағдылары. Техникалық дағдылар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

і. Оң көңіл күй орнату.

0–1 минут

(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.

  • Хал-жағдайың қалай? – Мынадай!

  • Қалай жүзесің? – Былай!

  • Жауап күтемісің? – Осылай!

  • Қол бұлғаймысың? – Былай!

  • Қалай жүгіресің? – Осылай!

  • Таңда ұйықтап жатасың ба? – Осылай!

  • Алысқа қарайсың ба? – Осылай!

  • Қалай тентек боласың? – Осылай!

  • Ал қалай отырасың? – Былай!

Музыкалық сүйемелдеу.


II. өмірлік тәжірибені

(ұ) Педагог балаларға жұмбақ жасырады: Көзін жұмады,

Көзін ашады. Сыбысын білдірмей, Ақырын басады.

(Мысық) Өзі жуас, өзі момын, Бір шешпейді тонын.

(Қой) Өзі үлкен жануар, Үстінде екі тауы бар.

(Түйе)

Тәрбиеленушілер бүгін сабақта не істейтіндерін түсінген/ түсінбегендерін сұрайды? Сабаққа дайындықты тексереді.

Үй жануарларының

өзектендіру. мақсат

суреттері.

қою.


2–5 минут



(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс.

Балалар суретке қарап, жануарларды атайды, олардың дене мүшелерін анықтайды.

Проблемалық сұрақ: Осы жануарларды неліктен

«үй жануарлары» деп атайтынын білесіңдер ме?

Педагог жапсырмадағы басты кейіпкерлер ірі болып, ашық түстермен берілгеніне балалардың назарын аудартады.

(ұ) саусақтарға арналған

«марғаулар» жаттығуы.

Тікірейіп құлағы Менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп Беті-қолын жуады.

Қасымнан бір қалмайды. Көзін қысып алдайды.

Ойнатсам да күнімен Ойыны бір қанбайды.


(ұ, Ж) Аппликацияны орындау технологиясы.

Педагог ауызша көркем сөзді пайдаланып, затқа сенсорлық зерттеу жүргізеді. Мысалы, мысықты сипаттау кезінде жотасынан бастау керек, мысықтың жотасы доға іспетті, мойны қысқа және т. б. Қию барысында балалар ақырын (немесе ішінен) жұмыс барысының ретін

айтып отырады. Педагог балалардың назарын геометриялық пішіндерді қиюдың өздеріне мәлім тәсілдеріне аударады.

Педагог бір баланы шаршыны немесе дөңгелекті әзірлеу тәсілін көрсету үшін тақтаға шақырады, тәрбиеленушілер білгендерін бекітуі және жұмыс ретін қайталауы үшін сол баланың әрекеттерін нақтылап, түсіндіріп отырады.

Дөңгелек пішіндерді (дөңгелек, сопақша) шаршыдан, тіктөртбұрыштан және жолақтан қиып алады, ол үшін барлық төрт бұрышты дөңгелетіп қияды.

Сопақша – қағаз тіктөртбұрышты екіге бүктейді, бүгу сызығынан ұстай отырып, бұрыштарын дөңгелете қияды, алдымен бір бұрышын, сосын екінші бұрышын. Қағазды жазған кезде сопақша шығады.

Үшбұрыш – шаршыны диагоналінен бүктейді, сосын жазып, бүгу сызығы бойымен қияды.

Суреті салынған симметриялы емес пішіндерді – жеміс сүйегін және т.б. контур бойынша қиюды көтермелейді.

Желім қарындашты пайдалануға болады.

Сюжеттік композицияны керек бөлшектермен толықтырады. Тәрбиеленушілер негізгі-парақта алдын ала орналастырудан кейін жапсыруға кіріседі. Педагог кейбір қию тәсілдерін көрсетеді. Жақсы білетін тәсілдерін естеріне түсірген тәрбиеленушілерді мадақтайды. (ұ) қауіпсіз жұмыс ережелері.

Жұмыс кезінде қайшы жүзінің қозғалысын бақыла.

Қайшымен ойнама, қайшыны бетіңе жақындатпа. Қайшыны мақсатына қарай пайдалан.

Әліппе-альбом.

III. ұОқ-нің

тақырыбы бойынша жұмыс

6–25 минут



Үй жануарларының фотосуреттері.



Музыкалық сүйемелдеу.




Түрлі-түсті қағаз, жай қарындаштар, қайшы, ПВА желімі (не желімді қарындаш), желім жаққыштар, сүрткіштер, клеенка.









Жадынама.

IV. ұОқ

(ұ, ө) Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар жұмыстарды

Танымдық белгілер

қорытындылау.

талқылап, үздігін таңдайды.


Рефлексия.

Түрлі түсті танымдық белгілер қолдану: жапырақ, қар, гүл, бағдаршам.


26–30 минут





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
2310
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі