400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің тұңғыш-Елбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
басқалар мен тәжірибе бөлісейн деп
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Менің тұңғыш елбасым»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

А) Қазақ халқының тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы,туып өскен,оқып білім алған қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.

Ә) Елбасының өмір жолын үлгі ала отырып,Отанын халқын сүюге,ер жүректілікке,азаматтыққа,патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Б) Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілікті ояту,құрметтеу.

Оқу іс-әрекетінің әдісі: Түсіндіру, көрсету, ұйымдастыру.

Оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту, көркем әдебиет.

Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта.

Оқу іс әрекетінің көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың портреті, еліміздің рәміздерінің суреттері, нақыл сөздер, Қазақстан Республикасының картасы, ақын-жазушылардың кітаптары.

І Ұйымдастыру бөлімі:

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

-Сәлеметсіз бе, балалар.

Тәрбиеші:

Балалар қалдерің қалай?

- Жақсы.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Шаттық шеңбері:

Армысын қасиетті аспан ата!

Армысың,шұғылалы нұрлы күн!

Армысын қасиетті Жер-ана!

Армасыңдар менің достарым.

Күніміз жарқын болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Деніміз сау болсын!

Күніміз сәтті болсын!

Ал балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде өткелі отырған тақырыбымыз «Менің тұнғыш елбасым» деп аталады.

ІІ Жаңа сабақ.

Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстанда

Елбасымыз кім?

-Н.Ә.Назарбаев

Ұлтымыз қандай?

-Қазақ

Біздің президентіміз Н.Ә.Назарбаев басшы басқарған ел бай.Біз Қазақстан Республикасы болып тәуелсіздік алғалы халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұнғыш елбасы болды.

Балалар сендер елбасын білесіңдер ме?

-Иә

Елбасына арналған өлең шумақты кім біледі.


Балалар хормен:

Елбасы елді қорғайды

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды.

Н.Ә.Назарбаев 6-шілдеде 1940 жылы Алматы облысы ,Қаскелең ауданындағы ,Шамалған ауылында туған.Балалық шағы таршылық жағдайында өткен.

Үлкендердің мал бағуына ,бау-бақша өсіруіне көмектесу керек болды,шөптік теріп отын жарды.Ол мектепте өте жақсы оқып зерек бала болған.

Жоғарғы оқу орнын аяқтап,құрылысшы мамандығын алып,біраз жыл құрылысшы жұмысын атқарған.Жұмысты жақсы істеп көзге көрінген.

1991 жылы 1-желтоқсанда қазақ халқы оны призедент етіп сайлады.1991жылы 16-желтоқсан Тәуелсіз мемлекет болып жарияданды.1992жылы 4-маусымда ел рәміздері бекітілді.

1993жылы 15 қарашада ҚР-ның Ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.1995 жылы ҚР-ның тұнғыш ата заңы қабылданды.1998 жылы 10 маусым жаңа астананың тұсау кесері болды.

Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын бүгінгі еңбегін жалғайтын ,қазақ елінің болашағы мен ертеңіне жауап береміз.

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтың шанырағына көптен күткен ұл дүниеге келді.Оған Нұрсұлтан деп ат қойған.

Барлығы оған ат қоюға таласып,ең соңында оның әжесі Мырза бала мынадай ұсыныс жасады.Оның аты Нұрсұлтан болсын.

Жанұяда тәрбиелі,тату-тәтті,ұжымшыл,отбасында тәрбиеленді.Көбіне әжесі мен атасының тәрбиесін алып,ақылды,парасатты,тәрбиелі азамат болып шыққан.

Әжесімен картоп егіп ,алма өсіру,шөп тасу сияқты жұмыстарды үйреніп білді.Әкесі қайтыс болып барлық шаруа өзіне қалды.

Жақсы балалар олай болса орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп, жаттығуларды орындап шығалық.

Сергіту сәті:

Ақ бұлттардан асатын

Аппақ ұшақ жасадым,

Туған жерге мен енді

Жылдамұшып барамын.


Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтай келе ҚР-ның Әнұранымен аяқтайық.

Қорытынды:

Балалардан бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай тақырыппен таныс болғандарын түсініктерін сұрау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
354
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі