400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Менің Тұңғыш Президентім»

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім

беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі













«Менің Тұңғыш Президентім»

(ашық тәрбие сағаты)















Сынып: 1 «А»

Сынып жетекші: Тұрмағанбет Ж.Б











2018-2019 оқу жылы

Тәрбие сағаты: «Менің Тұңғыш Президентім»
Мақсаты:
Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері,шарлар,слайд т.б
Түрі: ашық тәрбие сағаты
I.Ұйымдастыру бөлімі.

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр көгіңде шырқалып.

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.)


Мұғалім: Қайырлы күн,құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!

Ел болдық,елдік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.-дегендей 1желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Елбасы - ел мақтанышы» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.Олай болсаэкранға назар аударайық.


Балалардың  назарын слайд суреттеріне аудару,  сұрақтар
қою,  жауап  алу.

  • Мына  суретте  не  бейнеленген?  карта.
    Қай  елдің  картасы ?   ҚР-ның  картасы.
    Біздің  еліміз  қалай  аталады? Қазақстан  Республикасы

  • Еліміздің  астанасы қай  қала?

  • Біздің ұлтымыз  қалай  аталады?  -  ұлтымыз  қазақ.
    Ана  тіліміз  қай тіл.  --- қазақ тілі.

  • Біздің рәміздерімізді кім айтады ?
    Балалар :   ту, елтаңба,  гимн

Мұғалім :   -Балалар, еліміздің  президенті кім?
Оқушылар:     Еліміздің  президенті  Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаев.( бейнебаян)

Мұғалім :1-ші  желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып есептеледі.  Өйткені бұл күн  «Тұңғыш  президент күні». Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  еліміздің тұңғыш президенті. 1991 жылы  1-желтоқсанда халық өз таңдауымен  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты  президент етіп сайлады. Ал, 10-шы Желтоқсаннан  бастап  президент өз қызметін  бастады.

Мұғалім: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.Жасынан зерек, алғыр азамат өскенде металлург мамандығын алып жұмыс жасаған. т.б. Бала кезінде ұшқыш болуды армандады.

Cөз кезегін оқушыларға беру.

1.Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.


2.Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз.


3-оқушы:

Отаным менің Қазақстан

Мәңгілік сенімен мақтанам

Саяңда жүрсем әрдайым

Күлімдеп жүрем, бақ табам.

4-оқушы:

Отан деген – атамекен.

Отан деген туған жер.

Отан – ана,

Отан – үлкен

Қазақстан – туған ел.

5-оқушы:

Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім-мақтанышым, тірегім.
6-оқушы:

Сәулесі күн шатырлы аспан,

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан –Республикам менің.

7-оқушы:

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным Қазақстан.

8-оқушы:

Қазақ елі – Қазақстан
Болашаққа үн қосқан
Жақсы күнге жетелеп
Елбасым менің – Нұрсұлтан

9-оқушы:

Көк аспанда Нұрлы күн,

Күлімдейді далама
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға.
10-оқушы

Даңғыл жолды салып берер, Нұр аға

Енді халқым ешқашанда құлама

Барлық жерден жиып-теріп қазақты,

Халқы үшін, жанын салған ғұлама.


11-оқушы

Мұның бәрі Нұр ағаның жемісі,

Әрқашанда алда жүрді жеңісі.

Бүкіл әлем тыныштықты тіледі,

Себебі бұл Нұр ағаның жемісі

12-оқушы
Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

13-оқушы

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

14-оқушы

Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы
15-оқушы
Ұлан байтақ жері бар,

Пайдалы қазба кені бар.

Тәуелсіз ел - Қазақстан

Көркіне көркі жарасқан.

16-оқушы.

Тәуелсіз азат елім,

Туып өскен- байтақ жерім.

Мәңгі жайнап тура бер

Қазақстаным менің!

Н.Ә.Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» деген жинағынан оқушылардың жаттаған нақыл сөздері.

17-оқушы:

Салтанатты жарасқан қаласы бар,

ұшан- теңіз байтақ даласы бар,

аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!

18-оқушы:

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен Қазақстан бар.

Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.


Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

Ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар!

ән - «Нұр аға».


Қорытынды бөлім:
- Балалар, ойланайықшы! Егемен еліміздің  саналы,білімді азаматы болып өсу үшін бірінші парыздарың не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу.
4. Ұлтжанды азамат болу.
5. Ұлттық рухымыз  берік болу
6. Денсаулығымыз мықты,салауатты ұрпақ болу.
7. Ел болашағын берік қолда ұстайтын нағыз азамат болып өсу.
Қорытынды сөзі:
Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызды елбасының сөзімен қорытындылағым келіп тұр.
“... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...”
                                                                     Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі