400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің тұңғыш Президентім.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып жетекшілеріне керек материал. Сынып сағатына қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім
Мақсаты: қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Көрнекілігі:слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, бейнефильм
Барысы

Ұйымдастыру. Ұлтымыздың амандасу салтын көрсету
Психологиялық жағдаят. «От шашу»

Ой қозғау:
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы

-Бас қаламыз қай қала?
- Біздің тұңғыш президентіміз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-Президент күнін қай күні тойлаймыз?

Ендеше , бүгінгі сынып сағатымыз «Менің тұңғыш Президентім» деп аталады. Сынып сағатын Әнұранмен бастаймыз.
Кіріспе:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келді. Әкесі Әбіш, анасы Әлжан. Бала кезінен еңбекқор болып, үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмектесті. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Президентіміз бала кезінде кім болуды армандады деп ойлайсыңдар? Ал сендер өскенде кім болғыларың келеді?

«Балалық шағымның аспаны»атты фильмнен үзінді көрсету.

Мұғалім: Орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Украинаның Днепродзержинск қаласына барып, металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» бейнебаян көрсету

Мұғалім: Президентіміздің арқасында еліміз жылдан-жылға, күннен-күнге өркендеп, өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таниды. Президентіміз «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы рухани жаңғырту» мақаласын да жариялады. Мақалада «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі сақталады делінген. Осының бәрі туған жерімізге, Отанымызға деген сүйіспеншіліктен басталады.

1-оқушы

Анамыздай тілеуі-ақ

Отан бізде біреу-ақ!

Ол- біздің Қазақстан!

2-оқушы

Кенге толы қойнауы,

Төлге толы жайлауы

Ол- біздің Қазақстан!

3-оқушы

Отан- туған үйіміз,

Отан-туған жеріміз.

Отан-ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз.

4-оқушы

Бізді өсірер аялап,

Отан-қамқор саябақ.

Туған жерде толамыз,

Отанға қамқор боламыз

5-оқушы

Отанды

Жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәріміз де

Туып өмір сүреміз

БShape1 олашаққа саяхат. Президент болу үшін адам бойында қандай қасиет болу керек деп ойлайсыңдар? «Егер де мен Президент болсам, .

Топпен жұмыс. Постер жасау

Shape3 Shape2

президент

Shape5 Shape4 президент

Shape6


1-оқушы

Нұрсұлтандай атамыз,
Қазақ елін басқарған
Атамыздай боламыз,
Ел тағдырын ойлаған

2-оқушы

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

3-оқушы

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.
4-оқушы

Елбасымыз Нұр аға
Салғызып Алтын ақ орда.
Көркейтіп елін қазақтың,
Көрсетпей өмір азабын.
Барлығы

Жасай бер елім,
Қазағым!
Жасай бер ағам,
Елбасым!
Қорытынды: Президент болу үшін адам көп еңбектенуі керек. Президентіміздің ерен еңбегінің арқасында бақытты өмір сүрудеміз. Осындай Тәуелсіз бақытты еліміздің ең жас ұланы сендерсіңдер. Өскенде мүмкін біреулерің Президент боларсыңдар. Ол үшін көп оқып, көп еңбек етіп, өскенде туған еліміздің, жеріміздің дамуына өз үлестеріңді қосуларың керек. Ал енді Отанымызға жүрек жарды тілектеріңді білдіріңдер.Бес саусақтарын салып, тілектерін айтады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
462
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі