400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің тұңғыш президентім

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы

Т.Рысқұлов ауданы

Сөгеті бастауыш мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Кулманова Эльмира Тилеубердиевна



Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім

Мақсаты:

1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу; Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш президент» .



Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымыз әлемге танылды. Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді



Қ.Аманжолов:

Қазақстан дейтін менің бар елім .

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!



Нұрай:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.



Тоғжан

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.



Гүлімай :

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.



Нұрай:

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.



Тоғжан:

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.



Гүлімай:

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

Мұғалім:
Бүгін бүкіл қазақ елі болып, Қазақстан жері болып  Тұңғыш Президент күнін тойлағалы отырмыз. Біз қазақ елі десек әрине, ең алдымен өз Елбасымыздың есімін айтамыз.  Қазақ атын бүкіл әлемге танытқан Елбасымыздың салиқалы  саясаты екенін мақтанышпен  атаймыз!        



Әнұран.


Ару      

Менің тұңғыш Президентім    -
                            Әбішұлы Нұрсұлтан

Еңбегімен еліне болған ол мақтан

Бүгінгі   күн бүкіл әлем таниды 
Қазақ елін, қазақ жерін Қазақстан!


Бақтияр

Менің тұңғыш Президентім   -
                              Әбішұлы   Нұрсұлтан
Нұрлы  жүзін танимын мен алыстан. Елбасының  саясаты  арқасы,

Өсіп жатса бар балалар  мектептен



Диас
Менің тұңғыш Президентім  - мақтаным
Ес білгеннен есімін оның жаттадым
Елбасының саясаты арқасы - 
Оңнан туса бүгін менің ақ таңым!    


Розалин     Елбасым менің Президентім   -
                              Назарбаев    Нұрсұлтан Көк байрағын әлемге бүкіл танытқан
Шарықтап күнде әуезді әсем Әнұран
Атағы оның естіледі алыстан


Ақсезім

Менің тұңғыш Президентім  -
                          Әбішұлы       Нұрсұлтан

Нұр жүзінен төгілгендей нұрлы таң
Барлық бала Елбасын жақсы көреміз
Есімі оның мына бізге шын мақтан!     




Ару

Елбасым десем   естіледі Әнұран
Оны бүгін  барлық бала жаттаған
Көк байрағым желбірейді  көгімде
Болашаққа жасаймын мен нық қадам   


Ануар

Менің тұңғыш  Президентім – 
                            Назарбаев   Нұрсұлтан  Асыл жұлдыз дара шыққан қазақтан
Маңдайдағы   бағым десем болады

Көре білген бар  қажетті   алыстан 


Мұғалім:

Қымбатты оқушылар, Сіздер, бақытты заманның бақытты бүлдіршіндерісіздер. Қазақ  елі өз тұңғыш Президентін сайлады. Бейбіт ел көгінде  Елбасымыздың өзі мәтінін жазған  Әнұранымыз  шарықтап , Көк байрағымыз қалықтады, Елтаңбамыз бар мемлекет атандық.



Нұрай:

Елбасым менің Нұрсұлтан Әбішұлы

Қазағымның өзі сүйген адал ұлы
Желбіреп көкте көкбайрағым қалықтап,

Елімнің бүгін Биіктеді  шоқтығы . 


Ән: Елбасы елдің тұтқасы



Гүлімай

Менің елім-Қазақстан  құт мекен                             
Арнаймын жыр өзіңе шын жүректен!
Елбасымыз Нұрағамның  арқасы
Елім бүгін көрінсе асқар биіктен!



Бақтияр
Отаным Қазақстан,
Желбіреген туы бар.
Отаным Қазақстан,
Егеменді елі бар.
Отаным Қазақстан
Мөлдіреген өзені
Отаным Қазақстан
Жайнаған жасыл орманы
Суреттеуге сөз жетпейтін бір саған
Жасай бер отаным Қазақстан



Тоғжан
Кең байтақ далалы жеріміз,
Ақ көңіл қонақжай еліміз.
Қазақ иісі аңқып тұрар әр жерден,
Алтын, көмір, мұнай байлық кеніміз.
Байтақ жерді басқаратын қамқоршы,
Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы.
Елін сүйген, елі сүйген Президент,
Шуақ шашар елімізге күн болшы.
Тәуелсіздік алып берген біздерге,
Нұр ағадай Президент бар біздерде.
Бейбітшілік ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!


Ару
Елімнің атын айтсам – Қазақстан
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан
Қойнауы қазынаға толы мекен
Байлығым атын айтсам – Қазақстан
Қазақстан – менің мақтанышым
Қазақстан – өзен, көлдер, теңіздер
Қазақстан – қала, жасыл ауылдар
Қазақстанның табиғаты тұнған байлыққа.


Нұрай
Елбасы елді қорғайды,
Халқы оны қолдайды.
Мен жырлайын,
Сөзбен өрнек өрнейін.
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан, Ұлы Отан.
Басқарған аға Нұрсұлтан!
Тоқсан бірде Президентті сайладық,
Еркіндікке белді бекем байладық.
Ақ киізге Нұр ағаны көтеріп,
Тілек айтып, шаттық тойын тойладық.




Ән. Қазақ елі


Мұғалім:

Біз салтанаты жарасқан қаласы бар, кең байтақ  ұшан- теңіз даласы бар,  аруақ қолдаған бабасы бар ел екенімізді мақтан етеміз! Ал Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен қайтадан жаңарып,  жасарып,бой түзеп,  қазақ елінің бас қаласы атанған  Астана –тәуелсіз Қазақстан үшін келешектің нышаны, Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі. Олай болса, Астанамыз жылдан жылға көркейіп жасара берсін! Елбасымыз елімен бірге аман болсын. Біз барша балалар  Елбасымызға сәбилік жүректен  ақ тілегімізді арнайық!
   Бәрі бірге:

Қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы , біздің сүйікті атамыз, Сізге мықты денсаулық, алаңсыз тірлік тілейміз. Ел  болашағы үшін ұзақ та бақытты   өмір сүріңіз!    











































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
459
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі