Тақырыбы: Менің тұңғыш
Президентім!
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ,
әнұран, т.б.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме,
балалар!
Бүгінгі ашық сабақ Елбасымыз-
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар, біз алғаш Елбасы
күнін атап өткелі жатырмыз.
Тәрбиеші: Бүгінгі ашық оқу қызметімізді
әнұранмен ашайық.
Әнұран
айтылады.
Тәрбиеші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған
ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық
жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек
көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып,
жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет
тұтты.
Тәрбиеші: Отбасылық жағдайына келетін
болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы.
Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.
1991 жылы 1-желтоқсанда
республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
Аслан: Қазақ елі
Қазақстан,
Болашаққа үн
қосқан.
Жақсы күнге
жетелеп,
Ел басым
менің-Нұрсұлтан.
Мұхаммеджан:
Елбасымыз
жолдайды,
Халқы оны
қолдайды.
Ешқашанда
орынсыз
Шешімдері
болмайды.
Тәрбиеші:
1992 жылы 4-маусымда
жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран
бекітілді.
«Таңбасыз ел болмайды,
найзасыз ер болмайды», - дейді қазақ халқы.
Кез-келген халықтың өз таңбасы
болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік
құжаттарға қойылады.
Елтаңбаның авторлары –
халқымыздың танымал ұлдары - Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман
Уәлиханов.
Шаңырақ –Отан отбасынан
басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны,
ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан
елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай
мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның
қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл
түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты
жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл
арманды арқалап тұр.
Мейірім:
Елтаңбасы
елімнің,
Неткен айбат
әдемі.
Тұнығындай
көңілдің
Ортада аспан
әлемі.
Асылжан:
Тәуелсіздік
жолында
Талай-талай тер
тамған.
Билігім өз
қолымда
Еркіндігім
–елтаңбам.
Мемлекеттік Ту-1992 жылы
4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында
шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі
бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың
ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған – суретші
Шәкен Ниязбеков.
Айжұлдыз:
Көк аспандай
көкпеңбек,
Қазақстан
жалауы.
Көк емес ол тектен
тек
Елдің ашық
қабағы.
Тәрбиеші:
Қазақ елі, желбіреп көк
байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағың.
-Балалар, қазір мен сендерге
сөзжұмбақ жасырамын, сендер оны шешесіңдер. Жақсы, келістік
пе?
Сөзжұмбақтың
сұрақтары:
-
1. Біздің мемлекетіміздің аты
қандай?
-
2.Тұңғыш призидентіміз
кім?
-
3.Қазіргі призидентіміз
кім?
-
4. Қазақстан Республикасының
бас қаласы қай қала?
-
5. Ал, ұлттық валютамыз,
ақшамыз қалай аталады?
(Балалар сөзжұмбақты
шешеді).
6. Біздің рәміздерімізді
атаңдар?
Айзере: Халқым жетсін
мұратқа,
Ей,бас қалам
Астанам,
Жас Астана,жас
ғалам
Тарихың бар
ашпаған.
Ордасы бол
ойшылдың
Ей,бас қалам
Астанам.
Айзере:
Өзіңдікі елім
де,
Өзіңдікі жерім
де.
Өзіңді- өзің еткен
бақ
Тәуелсіздік
төрінде.
Көзайым:
Тәуелсіз елім ұлы
есім.
Сен десе соғар
жүрегім.
Өзіңдей елім
барына
Шаттанып мәңгі
жүремін.
Әлинұр:
Қуат алған
өзінен
Туған елдің
ұлымын.
Бақытты етіп
өсірген
Отанымның
гүлімін.
Балдаурен:
Алтын дәнді даласы
бар,
Ақ күмістей қаласы
бар.
Неткен сұлу,неткен
көркем,
Осы менің туған
өлкем.
Айсұлтан:
Әсем қалам
Астанам,
Әлемдегі жас
қалам.
Әр күн сайын
өзгеріп,
Бой көтерді бас
қалам.
Тәрбиеші:Флешмоб
«Қазақстан»
Тұратұғын болашақтың үні
кеп,
Тартылар күй айтылатын жыры көп.
Ерекше бір еркіндік, бауырлар,
Басшымыздың бүгін туған күні деп.
Ән: «Атамекен»
1-ші:
Жүргізуші: Балалар, Елбасы күніне
арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.