400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Менің тұңғыш президентім»

Материал туралы қысқаша түсінік
cынып жетекшілерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Октябрь ауданы

«№12 ЖББОМ» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Ханат Наурызгүл









Ашық тәрбие сағаты



Тақырыбы: «Менің тұңғыш президентім»





























Тақырыбы: «Менің тұңғыш президентім»

Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін танытады.
Дамытушылық. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгереді.
Тәрбиелік: Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиеленеді.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, әннің бөліктері,слайд, топтың аттары, сөзжұмбақ, кәде-сыйлықтар, әнұран,смайлик т. б.
Әдіс-тәсілдер: ән арқылы топқа бөлу, түсіндіру, биопоэма, автор орындығы, сөзжұмбақ, кері байланыс. Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты
Ұйымдастыру кезеңі:
Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі 4 «б»сыныбында өтейін деп отырған «Менің тұңғыш президентім » атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Тәрбие сағатымыздың мақсаты: оқушыларға Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгерту.Ендеше ашық тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер. «Шаттық шеңбері». Қол ұстасып,дөңгелене тұру:

Арайлап әр күні,

Атады таңымыз.

Тілейміз Отанға,

Отбасы, достарға.

Әр күнге сәттілік,

Әр күнге жақсылық. Оқушыларды ән арқылы бөлу.Оқушыларды үш топқа бөлу. 1.Мөлдір 2.Қуат. 3.Сәуле.

Ендеше балалар сендерде қандай сурет бейнеленіп тұр? (оқушылардан сұрап шығу). Балалар , мен сендердің отырған орындарына стикер жабыстырып қоямын. Сендер орындарына қарап отырып, қай топта кім спикер болатыны анықталады. Осы суретке қарап отырып, өзіміздің топтың атын құрастырып көрейікші. Оқушылардың тобына аттары жазылған топ атауы қойылады. Келесі кезекті балалар, бейнематериалға берейік.Бейнематериалда елбасымыздың «Балалық шағымның аспаны» атты киносынан үзіндісі көрсетіледі. Оқушылар көріп біткенен кейін талдайды. Талдауға уақыт беріледі.

3 топқа бөліндік 1.Мөлдір 2.Қуат. 3.Сәуле. Неліктен біз 3 топқа бөліндік? Себебін сұрау .Қазақстанда Эскпо 2017 жылы болды. Сол туралы мәлімттер қысқаша сұрап өту. II.Жаңа сабақты меңгерту: Мұғалім: Балалар видеодан қандай әсер алдыңдар? (балалардың жауабы) - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді. Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Постер қорғау.

Оқушыларға алдын –ала күлеше беріледі.Сол күлтешені 3 түске бояйды.Ол 3 түс Экспоның 3 түсі.Елбасы сөзін шығарып, бөліктерден соны жабыстырады.

Видео көрсету. Елбасы туралы не ібледі Соны тізбектеп жазып шығады.

Видео көріп біткенен кейін сөзжұмбақ шешеді.Мына видеоны көре отырып, оқушылар мәлімттерді толықтыра бастайды.

1.Нұрсұлтанның анасы ?Әлжан

2.Нұрсұлтан кімнің тәрбиесін алды?Анасының

3. Елбасы кім болып істеді? газшы

4.Елбасы Украйнада қандай мамандық иесі туралы хабар естіді? Металлург

5. Елбасының әкесі қандай тіл білген? Балғар

6.Елбасның әйелі? Сара

7.1991 жылы 1 желтоқсанда куім болып сайланды? Презиеднт

8.ЕЛбасының тағы да бір мамандығы ? горновойшы

- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз.
Миға шабуыл. -Балалар Отан деген не? Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Біздің астанымыз қай қала? Кім болды Астана қаласында?
-Біздің мемлекетімізді кім басқарады?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өміріне тоқталу. Балалық шағы.1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.
Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.
Жылдар сөйлейді. Оқушылардың алдына үш жыл жазылған таратпа қағаз таратылады. Сол қағаздардан жылдарды тауып оқып, анықтайды.

1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

1992ж Мемлекеттік Рәміздер қабылданған күн.

1993ж ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті. «Болашақ»бағдарламасы қабылданды.
1995ж Конституциямыз қабылданды.

2010 жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де барған.
Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым –қатынас
жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй данасы атануы, ескерткіш орнатуы-зор құрмет. Иордания қаласында бір үлкен даңғылға есімінің берілуі –әлем алдындағы зор беделі.

«Автор орындығы» 3 топтан 3 оқушы шығады. Үйге тапсырма ретінде «Егер мен президент болсам» атты тақырыпта шағын эссе жазып келуге берілген болатын.Соны орындыққа отырғызу арқылы сұрап шығу.Топтарды бағалап өту.

Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.

Оқушы:Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

Оқушы:Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын

Оқушы:Нұрсұлтанды тудырған, заманалар
Желтоқсан жел. Ұл мен қыз
Ажал құшқан сондағы
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.

Оқушы:Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық – алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі
Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?2. Басшы адам
Оқушылардың ой-пікірін тыңдау.
Президент дипломдары, ордендері, атақтары туралы айтып өтуАса мәртебелі құрмет атақтардың бәрі Елбасының мемлекет басқарудағы іскерлігіне, әлемде бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақсартудағы зор еңбегіне, үлкен саясаткерлігіне көрсетілген құрмет.
Ойымды жалғастыр.1. Басшы адам қандай болу керек?
Экранмен тақтамен жұмыс. Елбасы туралы презентация көру.
Менің Қазақстаным ең...
Өз елімді мақтан тұтам, себебі...
Патриоттық азамат болу, ол...
Мен өмір сүргім келеді, себебі...
Менің ойымша, Президент болу ол ...
Рефлекия. Мұғалім: (президентке тілек).Оқушылар картаға тілек жазып, жабыстырады.
- Нұраға! Далаңыз егісті, Ордаңыз кеңесті болсын. Отырған орныңыз келісті болсын. Жұмысыңыз жемісті болсын. Халықтың бағы баянды болсын – дей келе тәрбие сағатымыз аяқталады.
- Бүгінгі тәрбие сағатына қатысқандарына ризамын.
Ән: «Елім менің»

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қазан
469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі