400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Менің тұңғыш Президентім»

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ халқының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Оқушыларды Отанын сүюге, азаматтыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Менің тұңғыш Президентім»


Мақсаты: қазақ халқының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Оқушыларды Отанын сүюге, азаматтыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: шығармашылық тапсырмалар, суреттер, ойындар, шарларлар, баннер, А3 қағаздары, маркерлер, топқа бөлу карточкалары.


Кіріспе сөз:

Мұғалім: Армысыңдар әріптестер және шәкірттерім! Қазақстан Республикасы 1990 жылы 25 қазанда егемендігі жарияланған. 1991жылы 16 желтоқсанда алған тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толады. Осыған орай ұйымдастырылған «Менің тұңғыш Предидентім» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!


І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу «Сәлем досым!» ойыны.

Ойынның шарты: Қатысушылар жұптарға бөлінеді, бір- бірлеріне қарама- қарсы тұрады. Мұғалім түсіндіреді, қатысушылар қайталайды. Жай бастап, біртіндеп жылдамдата түседі. Жаттығу 3 рет қайталану керек. 
Сәлем досым- қол алысу 
Қалың қалай?- иығынан қағу 
Қайда болдың?- құлағынан тарту 
Мен сағындым- қол айқастыру 
Сен келдің- қолдарын екі жаққа ашу 
Жақсы - құшақтап арқасынын қағу


Оқушыларды От, Су, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу. Оқушылардың пікірін сұрау.

От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.

Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар жандар.

Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын жандар.

Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек,  батыл жандар.


ІІ. Негізгі бөлім

- Тәрбие сағатымызды «Қызықты сұрақтар» ойыны арқылы басталғалы тұрмыз. Ортадағы партадан мына сөздерге, сұрақ не тапсырмаларға жауап болатын парақты алып, тапсырмалардың астына ілу. Соңында бір мағыналы сөз шығады.

Ойын: «Қызық сұрақтар»

Мақсаты: оқушылардың шапшаң ойлау қабілетін дамыту.

Шарты: сынып 4 топқа бөлінеді. Әр түрлі сұрақтар, тапсырмалар беріледі.

Ортадағы партадан сол сұрақ не тапсырмаларға жауап болатын парақты алып, тапсырманың астына ілу. Сонда артынан мағыналы сөз шығады.

Тапсырма: 1. Республика (Қазақстан картасы)- Н

2. Тәуелсіздік (монументі) - А

3. Желтоқсан (Қайрат Рысқұлбеков)- З

4. Валюта (теңге ) - А

5. Рәміз (елтаңба) - Р

6. Қала (Байқоңырдың ескерткіш) - Б

7. Білім ордасы (мектеп) - А

8. Жаңбыр (кемпірқосақ ) - Е

9. 1000: 10 (өрнек) - В


Мұғалім: Назарбаев деген кім? - Елбасы.

Сонда бүгінгі «ҚР тұңғыш Президенті» - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы әңгіме етеміз.


«Ойлаушымен ой толады» ойыны.

Мақсаты: оқушылардың танымдық қабілетін арттыру.

Шарты: жасырын берілген суреттер бойынша мәтін құрастыру.

1. Назарбаев ата - анасымен.

2. Назарбаев оқушы кезі.

3. Назарбаев шығармашылығы

4. Назарбаев – елбасы.

Өз столдарында 4 түрлі конверт болады. Соның суретке байланыстысын тауып мәтінді құрастыру керек. Мәтінде тақырып болады.


«Қазақ биі»


1 топ. 1 - мәтін. « Бала Нұрсұлтан»

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында туылған. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұңғыш баласы. Нұлсұлтан деп атын әжесі қойған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Нұрсұлтан жастайынан еңбекқор болды. Мал бағып, бау - бақша өсіріп, отын жарып, ата - анасының көмекшісі болып өсті.


Мұғалім: Ата - анасы Нұрсұлтан Әбішұлын Сұлтан деп атаған. Елбасы бала күнінде шаңғы тебуді ұнатқан, әкесі оған шаңғы жасап берген. Үшқоңыр тауында шаңғы теуіп, спортпен айналысқан. Әрбір азамат өзінің туған жерін ұмытпай есте сақтап, ата - анасын құрметтеп жүруі тиіс. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін «Үшқоңыр» әні арқылы жеткізе білді.


Ән: «Үшқоңыр» Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаевтікі

Әні: Алтынбек Қоразбаевтікі.


2 топ. 2 - мәтін. «Зерек Нұрсұлтан»

Нұрсұлтан мектепте жақсы білім алды. Ол өте зерек, алғыр болып өсті. 1958 жылы орта мектепті күміс медальмен бітірді. 1958 - 1960 жылдары Украинада техникалық училищеде оқыды. Теміртау қаласында құрылыста қара жұмысшы болып, еңбек жолын бастады. 1964 - 1967 жылдары Қарағанды политехникалық институтында оқыды.

Оқушы: Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ. Нұрсұлтан ағамыз елімізде бірде - бір бала оқымай қалмауы керектігін басты назарға алды. Біздің болашағымыз үшін маңдай терін төгіп, орасан істер атқарып жүрген Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз шексіз.


Мұғалім: Нұрсұлтан Әбішұлы қарапайым, кішіпейіл, өжет, әрі батыр болған. Сонымен бірге әзілдеп, көңілді жүреді екен.


3 топ. 3 - мәтін. «Назарбаев шығармашылығы»

Нұрсұлтан жастайынан Абайды сүйіп оқыды. Өз ұлтының тарихына қатты қызықты. Кітапты көп оқыған ол, шағын өлең жаза бастады. Қазір көптеген шығармалары бар.


Мұғалім: Нұрсұлтан Әбішұлы домбырада, мандолинде және баянда ойнай біледі. Әрі әнді де жақсы салған. Сонымен бірге суырып салма ақындығы да бар. Сондай өлеңдерінің бірі «Сарыарқа». Сарыарқа өлеңін оқу.


Оқушы :

Сарыарқа саған таңда сәлем берем,

Атыңды мәшһүр еттім әлемге кең.

Байтақ ел, кеңдігіңе қайран қалам,

Бабалар даналығын дәлелдеген.


Оқушы:

Сарыарқа, төр екенсің!

Киелі жер екенсің!

Байтағым сен екенсің, кең екенсің,

Беу, берекемсің, берекемсің!

Сарыарқа – арман мекен,

Бақытқа толған мекен.

Ардақты бабалардан қалған мекен,

Беу, қалған мекен,

Арман мекен!


Оқушы:

Сарыарқам – сағынышым басылмаған,

Орман, көл, шулы өзендер, жасыл далам.

Арманы жоқ та шығар жүргендердің,

Жарқылдап, жалын құшып қасыңда аман.


Оқушы:

Аяулы арман қалам, алып Ордам,

Шығады жұлдыздарың жанып алдан.

Халықтың жарқыраған үміті боп,

Жасай бер, гүл Астанам, бағы жанған.


4 топ. 4 - мәтін. «Назарбаев – елбасы»

1991 жылы 1 желтоқсанда жалпы халықтық сайлауда Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып сайланды. 1999 жылы Н. Ә. Назарбаев кезектен тыс сайлауда 7 жылға президент болып сайланды. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкілхалықтық Президент сайлауы болды. Бұл жолы да Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды. Қазақстан Республикасы Президенті кезектен тыс сайлауы 2015 жылғы 26 сәуірінде болды.


Мұғалім: Н. Ә. Назарбаев Президент болғалы көптеген жетістіктерге жеттік. Керемет азаматтарымыз ғарышқа ұшты. Біріккен ұлттар ұйымына мүше болдық. 2010 жылы еліміз ОБСЭ - ге төраға болды. Ерекше айтып өтсек, Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі. Астанадағы ЕХРО-2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілгелі отырған алғашқы халықаралық көрме болмақ. Астанадағы ЕХРО көрмесі 3 айға - 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылады. Оған әлемнің 100-ге тарта елі және 10-ға жуық халықаралық ұйымдар қатысады деп күтілуде. Көрмеге 5 миллионнан астам адам келеді. Бұл Қазақстанның халықаралық ілгері жылжуы жолындағы үлкен қадам болмақ. 

Оқушы:

Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаның бастауы.


Оқушы:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен – кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де әніміз.


Мұғалім: ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Біздің алға қойған мақсатымыз - өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.


Ситуациялық сұрақ:

- Егер сен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты кездестіріп қалсаң, оған не дер едің...?


ІІІ. Қорытынды

«Тобықтай түйін» ойыны. Енді ойымызды «Тобықтай түйін» ойыны бойынша қорытындылап көрейік. Алдарыңызда жатқан тапсырманы топпен бірге орындап, постер қорғау керек. Топта ойласып, өз пікірімізді ортаға салайық.

І топ. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы қандай азамат деп санайсың?

ІІ топ. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы елімізді тағы қандай биікке алып шығады деп ойлайсыңдар?

ІІІ топ. Өзің елбасы болсаң не істер едің?

ІV топ. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа айтар тілегің.

Ән «Жаным қазақ»


Оқушы:

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жаса қазағым, өр халқым!


Ән «Жаса Қазақстан!


Ант беру.

«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ боламыз деп ант етеміз..ант етеміз..ант етеміз!»


Мұғалім: «Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан» деген Абай өсиетін, өмір ұстанымы етіп алған, ұлты қазақ Н. Ә. Назарбаевты ғасырымыздың ғажап азаматы дер едім. Себебі, әрдайым елімен кеңесіп жас Отанын аз жылдың ішінде көптеген елмен теңестіре білген елбасы әрбір оқушы үшін үлгі болатына сенімдіміз. Тәрбие сағатымызға белсене араласып, жұмыс жасағандарың үшін рахмет! Осымен «Менің тұңғыш Президентім» атты тәрбие сағатымыз жабық деп жариялаймыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
713
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі