«Менің Тұңғыш Президентім» атты тақырыптық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің Тұңғыш Президентім» атты тақырыптық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
«Менің Тұңғыш Президентім» атты тақырыптық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің Тұңғыш Президентім» атты тақырыптық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

І.кезең:

Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

  • Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?

(балалар сұрақтарға жауап береді)

ІІ. Кезең:

Тәрбиеші:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет- елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет.

Елбасы – халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.

  • ҚР-ның тұңғыш президенті кім?(Балаларға Н.Назарбаев туралы мәлімет беру)

  • ҚР-ның қазіргі президенті кім?(Балаларға Қасым –Жомарт Тоқаев туралы мәлімет беру)

  • Келесі тойлайтын мерекеміз қандай?( Балаларға 16 желтоқсан тәуелсіздік күні туралы қысқаша мәлімет беру) Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тариханда жаңа  дәуірдің бетін ашып, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа  леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндік пен ілгерілшікті аңсаған еқ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.Ендеше осындай атаулы мерекеге арналған бүлдіршіндеріміздің өлең шумақтарын қарсы алайық. (Балалар тәуелсіздік мерекесіне арналған өлең шумақтарын айтады)

  • Ал балалар айтыңдаршы Қ.Р-ның астанасы қай қала?

Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Қазіргі уақытта Астана қаласы –Нұрсұлтан қаласы деп өзгертілді.

Есілдің жағасына қонған қалам,
Жүрегі қазақымның болған қалам
Күн санап ертегідей өскен қалам,
Жайнашы, жайнай берші нұрлы Астанам!
– дей отырып осы әсем қаламыздың сурет салайық. Сурет салуды бастамас бұрын бір сергіп алайық.

Сергіту сәті.

Сурет салу ұйымдастыру. (жеке жұмыс)

ІІІ. Кезең:

Тәрбиеші:

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік барлық Қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла отырып, біз тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз. «Мен өз халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» деді, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Ойын: «Мен не білдім?» (доппен ойналады)

Тәрбиеші: Осындай керемет тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметімізді Қ.Аманжоловтың өлең шумақтарымен аяқтайық.
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2025
109
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі