Менің
түрлі түсті әлемім
Біздің
өміріміз тек ақ пен қара түспен ғана
шектелмей, түрлі бояумен қанық болғандықтан
болар мен әлемді әрқалай қабылдаймын.
Ол бізді қоршаған ортаға, жыл мезгілдеріне,
табиғат құбылыстарына, көңіл күйімізге
байланысты қабылдануы мүмкін. Менің
таңдаған кісібім – табиғаттың жаратқан
ең тамаша сыйы- балаларға тікелей
байланысты болғандықтан, бала тәрбиесінде
түстерді пайдалана отырып жұмыс
жүргіземін.
Психологтардың
айтуынша балалардың мінез-құлқын
таңдаған түстеріне қарап бақылауға
болатыны рас қой. Ендеше осыны негізге
ала отырып , балалардыі өзін –өзі ұстауы,
қабылдауы, қызығушылығы сияқты әрекеттерін
реттеуге болады ғой.
Бақылауды
жүргізу үшін мен Эбру сурет салу
техникасын таңдадым. Қолдарына түрлі
түсті бояуларды беріп қойып түстер
әлеміне еркін қоя беремін. Қиялыммен
өзімде бояулар әлеміне саяхаттаймын.
Менің
түрлі түсті әлемім....... Ол қандай? Әр түс
мен үшін нені білдіреді?
Ақ
түс тазалық. Ол жаңа жауған ұлпа қар, ол
ақ қағаз, ол аппақ дүние. Ол жерде көңіл
қуанады, сүйсінеді және кейде кір шалып
қалмай ма деген уайым да болады. Қара
түс – түн сияқты,беймәлім бір әлем
сияқты, ал түн қорқыныш, алаңдаушылық
әкеледі. Сондықтан қара түсті баланың
түстер әлеміне ақ қою керек сияқты.
Қара түсті балалар тек қара шаш, қара
қас деп қабылдай алса,өсе келе қара
түсті салмақтылық, ұстамдылық деп
қабылдай алатыны сөзсіз. Сары түс-
сағыныш сияқты, күту сияқты, алайда
алтын түстес сары түспен көңіл күйді
көтеру арқылы баланың мінез – құлқын
өзгертуге болады емес па? Қанық көк түс-
ғарыш, шексіздік, құпия бір әлемге
жетелейтін сияқты, ал көгілдір түс-
тыныштық, бейбітшілік, жанға жайлылық
болып сезіледі. Балалардың жан дүниесінде
тыныштық қалыптастыру үшін көгілдір
түстерді көбірек пайдалану керек –ау.
Жасыл түс- жайлау, көк шөп тіршілік.
Сондықтан болар жасыл түс көп болғанда
балалар жайлылық, қауыпсіздік сезінеді.
Қызыл
түсті таңдайдын балалар әдетте энергиясы
көп шаршамайтын балалар. Енжар, шаршау
балалардың қызуғышылығын, әуесқойлығын
арттыру қызыл түсті заттарды, ойыншықтарды
беру арқылы жүзеге асады. Менің де өз
әлемім бар. Қоршаған ортам, отбасым,
ұжымым, тәрбиленушілерім- барлығымен
қарым қатынасым жайлы әртүрлі бояулар
сыр шертеді. Мен өз ісімді өте жақсы
көремін.
Эбру
техникасымен сурет салу арқылы өзіне
–өзі сенімі артса, ойын жинақтауға
үйренсе, ең бастысы қателік жасаймын
ау деп қорықпай, қандай сурет шығар екен
деп алаңдамай бояулар әлеміне – құпия
әлемге толығымен еніп кету арқылы өз
эмоцияларын шығарса- менің де еңбегімнің
жеңісі болар деймін.
Балалық
шақта осы бояулар әлемінен, түрлі түстер
әлемінен алған әсері балаларымның тек
сәулелі, ашық жарық, жақсы өмірге басқан
қадамы болып мәңгі көңілдерінде сақталып
қалса деймін. Менің түрлі түсті әлеміне
хош келдіңіздер!