400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің туған ауылым» бағыты: (өлке тану) топ: ересектер тобы.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Менің туған ауылым» бағыты: (өлке тану) топ: ересектер тобы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Менің туған ауылым» бағыты: (өлке тану) топ: ересектер тобы.

Оқыту мақсаты: Туған өлке ерекшелігі мен тарихын танып білу.

Күтілетін нәтиже:

Барлық балалар: Туған өлкенің ерекшелігі мен табиғатының көркемдігін біледі;

Ұлы тұлғалар, табиғаттағы жануар, өсімдік, заттарды мән-мағынансын ұғынады;

Кейбір балалар: Топтау, жіктеу, салыстыру, шығармашылық тапсырмаларды орындайды;


Жоспарланған уақыт: 25 мин


Ресурстық база: бейне жазба, суреттер, үлестірмелі қағаздар,макеттер.


Тәсілдер: көркем сөз, тыңдалым, сұрақ-жауап, мадақтау,жұптық, топтық.


Әдістер: диалогтік оқу, бірлескен оқу, сыни талдау, ақпарттық –комуникативтік техника, бағалау.


Модулдік аспектілер: «Сыр сандық», «Кластер», «Күн шуақ» т.б


Сабақ барысы


Ұйыдастыру кезең: Психологиялық ахуал орнату: (2 мин)

Сәлеметсіңдер ме балалар. Бүгінгі, көктем күні сондай керемет. Сондықтан да, біздің туған ауылымызға ұшып келген құстардың таңғы сайраған дыбысын тыңдайықшы.

(осы кезде құстардың сайрағын дыбысымен қоса табиғат сюжеттерінің ролигі қойылады)

Топқа бөлу кезеңі: (2 мин)

- Қане, балақайлар мен сендерге түрлі суреттер үлестіремін. Сол суреттердің ортақ атауына қарай топқа бөлінейікші.

  1. Аспаптар (домбыра, қобыз, сырнай, жетіген)

  2. Қарулар (найза, қылыш, мылтық, қалқан)

  3. Құралдар (кетпен, күрек, тырма, орақ)

Тақырыпты ашу кезеңі: (3 мин)

Балалар, тақтаға қарайықшы ненің суретін байқадыңдар?

- Дұрыс, аралдар. Сумен бөлініп жатқан құрлықты «арал» дейміз.

- Енді, сол аралдар нешеу екен? Ия, үш. «Үш» сөзіне «арал» сөзін қосып айтып көріңдерші?

-Өте, жақсы Үшарал... бұл нені аңғартады? Әрине, ол біздің ауылымыздың атауы екен.

-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз жай сабақ емес. Бұл сабақ саяхат сабағы. Мұнда, біз өзіміздің туып өскен ауылымыздың ежіресімен танысамыз.

Ол үшін , үш топ үш кемеге отырайық. (мұнда кеме макеті жаслып, оларға «Ерлік», «Өнер», «Өсиет» атаулары жазылып қойылады.)


Мағынаны тану кезеңі: (15 мин)

Біз бірінші аралға келдік. Осы аралда бір сыр сандық бар екен. Сол сандықты ашу үшін сендер мына тапсырмаларды орындауларың керек.

  1. «Қорқақ» сөзіне қарама-қарсы сөз қандай? (батыр)

  2. Батыр деп кімді айтамыз?

  3. Қару-жарақтар не үшін керек? (отанымызды жаудан қорғауға)

  4. Қандай батырларды білесіңдер? (мультфилімдегі, ертегідегі батырларды айтуы мүмкін)

(Әрбір дұрыс жауап берген балаларға медальдер төстеріне жапсырылады, мадақталады)


- Міне, сыр сандықта ашылды. Ішінде не бар екен?

Тыңдалым: Суретін көрсетіп, батыр бабаны таныстыру. Мұнда, батыр аталарың туралы көп нәрсе бар екен.

Қожахмет Тышқанбаев аталарың 2-дүниезүзілік Ұлы Отанды қорғау соғысына қатысқан.

Жаудың танкілерін жою тобында болған. Соғыс кезінде жаудың 5 танкісін жойған. Ерлігі үшін Батыр атағы берілген. Атамыз осы аулымызда туып өскен. Қазір атамыздың атында көше атауы бар. Атамызға арналған ескерткіш те осы ауылымызда орнатылған. (батыр туралы мәліметтер суреттер, ескерткіш, көше көрінісі т.б слайдпен көрсетіледі)


Екінші аралға келдік. –Ой балалар, бұл аралдан жол тауып шығу үшін мына гүлді дұрыс құрауымыз керек екен. Құрайсыңдар ма? (жұптық жұмыс жасалынады)

  • Ендеше, әр бөліктегі заттар туралы айтып беріңдер.

  • Өсімдіктің құрылысын атаңдар.

(Балалар, тамыр, сабақ, күлте, жапырақ, гүл өзегі атауларын айта отырып гүлді құрайды)

  • Жарайсыңдар, балалар! Енді осы гүлдестені Дәнеш атамызға сыйлайық.

Тыңдалым: (суреттері слайдтан беріледі, әні үнтаспаға қосылады)

Дәнеш Рақышев (1926-1992) - әнші, композитор. Қазақстанның халық артисі. Ән айту мен домбырада ойнауды ата-анасынан үйренеді. Атамыздың атында біздің аулда мәдениет үйі бар. Ол "Шаттық толқыны", "Туған жер", "Алматым", т.б. әндерін шығарған.

(Гүлдестені дұрыс құраған балаларға домбыра, қобыз, жетіген аспаптарының макеттері сыйланып, мадақталады)


Үшінші аралға келдік. Бұл аралда біз тағы да бір ауылымыздың дана қартымен танысамыз.

Ол үшін мына заттардың бізге қандай еңбек жолымен келетінін тізбеке дұрыс орналастырайық. Балалар топен бірігіп жұмыс жасайды.

Бірінші топ:

  1. Нан дастарханға қалай келеді? (суретте егін, завод, ұн, наубайхана, дүкен, нан бейнеленеді) Балалар тізбекті дұрыс құрауы керек.

Екінші топ:

  1. Көйлек қайдан келеді? (мақта алқабы, мақта, жіп, фабрика, мата, тігінші , көйлек)

Үшінші топ:

  1. Сүттен жасалатын тағамдарды топтастыру (мұнда сүт өнімдері мен басқа азықтар араластырылып беріледі)


(Дұрыс орындаған балаларға еңбек құралдары макетері беріледі)


Тыңдалым: Сыбанқұл Шойынбаев аталары туралы мәлімет беріледі.

Атамыз осы Үшарал ауылын ең алғаш ұйымдастырған. Осы ауылды алғаш басқарған. Ауыл адамдарымен бірге еңбек еткен. Атамыздың атында спорт алаңы бар. Ол алаңда біздер Науыз мерекесін, 9-мамаыр Ұлы жеңіс мерекелерін, түрлі спорттық жарсытарды өткіземіз.


Қорытынды: (3 минут)

- Балалар, өздерің танысқан Қожахмет, Дәнеш, Сыбанқұл аталарыңның суреттерін тақтамызға іліп қояйық. Аталарымызға бізге осындай жақсы өмір сыйлағаны үшін «Ата, рахмет!- деп айтайық.

- Саяхаттау ұнады ма?

- Кім «еңбек батыры», кім «ерлік батыры», кім «өнер батыры» болыпты кеудеміздегі төсбелгілеріміз бойынша топтарға тағы бөлінеміз. Көрдіңдер ме, сендер де саяхат сабағында түрлі тапсырманы орындап батыр болдыңдар.

- Балалар, біздің ауылдың Үшарал деп аталу себебі үш арлға бөлініп арасынан екі өзен «Қарасу», «Даңғырлақ» қатар ағып жатыр. Біздің ауылымыздың табиғаты керемет, адамдары еңбекқор, ата-бабаларымыз батыр болған екен.

Біз өз туаған ауылымызды мақтан етуіміз керек.


Сабақ соңында «Жақсы бала еңбекшіл әнімен аяқтаймыз.


Жақсы бала еңбекшіл,

Ер-азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүл толады


Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай, болайықшы досым-ай!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
362
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі