Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің туған жерім

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Менің туған жерім.

Күні, айы:

Сыныбы: 1

Мұғалімнің аты-жөні:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

1.3.3.1.Мәтіннің жанрын ( өлең,ертегі,жұмбақ,жаңылтпаш,санамақ және т.б. ) ажырату.

1.5.2.2.Мұғалімнің көмегімен қ әрпі кездесетін сөздерді дұрыс айту және жазу.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар:

  • Өзінің қайда тұратынын айта алады және Қазақстандағы екі үлкен қала туралы тақпақтың мазмұнын түсінеді,қ дыбысын таниды,дұрыс дыбыстайды,жаза алады,қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады,тақырып бойынша өзара тілдесе алады,қ дыбысын меңгереді.

Кейбір оқушылар:

  • Өздерінің туған жері туралы қосымша ақпарат бере алады,қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы

(6-40 минут)

(МК,Ұ) Мұғалім оқушыларға туған жер сөзінің мағынасын түсіндіреді.1-тапсырма бойынша Қазақстандағы екі үлкен қала Алматы мен Астана туралы ақпарат береді.Оқушылар сурет бойынша қалаларды тауып атайды.

(МК,Ұ) 2-тапсырма бойынша мұғалім оқушыларға «Менің туған жерім-Қазақстан.Мен Қазақстанда тұрамын» деген сөйлем үлгілерімен таныстырады.Оұушылар өздерінің Қазақстанда тұратындарын айта алуды үйренеді.

(МК,Ұ)3-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар «Менің туған жерім-Қазақстан» деген сөйлемді қайталады,сондай-ақ мұғалім оқушыларға тұрамын сөзінің болымсыз түрін (тұрмаймын)түсіндіреді.Оқушылар кесте бойынша тұрамын,тұрмаймын сөзін қолданады. «Мен Қазақстанда тұрамын» деген сөйлемді оқушылар бәрі айтады,ал Алматы,Астана қаласы туралы айтқанда,оқушылар шынайы жауап береді.Мысалы: «Мен Астанада тұрамын» немесе «Мен Астанада тұрмаймын».

(МК,Ж)4-тапсырмада оқушылар «Сен Алматыда (Астанада/Қазақстанда)тұрасың ба?» деген сұраққа жауап бере алуға жаттығады.Берілген үлгі бойынша оқушылар жұппен сөйлеседі.



(МК,Ұ) 5-тапсырмада мұғалім оқушыларды Қазақстандағы екі үлкен қала туралы «Алматы мен Астана» деген өлеңмен таныстырады:

Жап-жасыл ағашы,

Қып-қызыл алмасы,

Ақ басты тауы бар -

Алматы қаласы.

(С.Оспан)

Сабақта өлеңді тыңдау,хормен және жеке-жеке қайталау жұмыстары жүргізіледі.

(ОТ)Сабақтың соныңда оқушылар «Менің туған жерім» деген тақырыпта сурет салу арқылы өздерінің туған жерге деген сезімін білдіре алады.

(МК,Ұ)Мұғалім қ дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің қ дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды қ дыбысымен және оның әрпімен таныстырады.Аудиодискіден қ дыбысының айтылуын және қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау,қайталау жұмыстары жүргізіледі.Мұғалім оқушыларға қ дыбысын айтқан кезде тілдің,жақтың,еріннің қатысы қандай болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады.

Мұғалім оқушыларға дауысты,дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді.Оқушылар қ дыбысының дауыссыз дыбыс екенімен танысады.Мұғалім қ дыбысы дауыссыз болғандықтан,оқулықта көк түспен берілгенін түсіндіреді.

Қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді.Олар:қарындаш,қасқыр,қара. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға қ дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді(Қанат, т.б).Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды,еске түсіреді. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім?не?неше?қандай?),мұғалім қ дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді.Мысалы:қарындаш (не?),қасқыр (не?),қара (қандай?),Қанат (кім?).

(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы сабақта алған білімдерін бекіте түседі.

Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Оқулық

Аудиодиск:

6.1.1;6.2.2;

6.2.4;6.3.4.



































































2жұмыс дәптері



Қосымша тапсырма:6.3.








Сабақтың соңы

(41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Сұрақ-жауап

1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе?

Неге?


Сабақ барысына өзгертулер енгізбедім,себебі бұл жұмыс түрлері өте тиімді және оқушыларға жеңіл деп ойлаймын.

2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?

Жүргізілген жұмыс түрлері оқушылар үшін қызықты, әрі қиындықтар туғызбайды.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:Оқушылар арасындағы диалог.

2:Дәптердегі жұмыстар.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:Топпен жұмыс.

2:Сабақта интерактивті тақтаны жиі пайдалану



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
504
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12