400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Менің туған жерімнің тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе. Менің туып өскен жерім Егеменді Қазақстан. Біздің еліміздің табиғатының сұлулығы.Туған жерімнің тарихы. Туған елімнің көркемдігі бейнелеп жазылған. 2 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің туған жерімнің тарихы

Менің туып өскен жерім Егеменді Қазақстан. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Мұнда биік-биік асқар таулар, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде неше түрлі аңдар мен құстар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.  Әркімге туған жері, елі қымбат. Менің ойымша, адам баласы үшін туған өлкесінен артық еш нәрсе жоқ. Себебі, бұл мен түгілі аялаған анамыз, қолпаштаған әкеміз, туған - туыс, жора - жолдастың кіндігінен қан тамған туып өскен жеріміз. Қасиетті осы жерде білім нәрін сусындаған мектебім, балалық шағым өтіп жатқан ауылым бар. Яғни Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Көктөбе ауылында дүниеге келдім. Әр ауыл,жерлердің өзіндік тарихы болады.Сол секілді меніңде ауылымның тарихы бар. Ауылымның бұрынғы Совет үкіметі кезіндегі атауы Восток деп аталған. Жылдар өтіп, Қазақстан өзінің Егемендігін алып, көптеген жетістікке қол жеткізіп, Сол кезден бастап ауылымның аты өзгертілген. Ауылымның баурайында Елік өзені ағып жатыр.Жәнеде әдемі қыр,таулары бар.

Дәл осы Көктөбе ауылында аз уақыт тұрсамда менің көңілді, уайымсыз балалық шағым өтті. Үйімнің маңында ойнағаным әліде көз алдымда.Мен атаммен әжемнің алғашқы немересімін. Мені үнемі еркелетіп, бар нәрсенің бәрін алдыма тосатын. Мен қалағанның барлығын алып беретін. Менің атам орыс тілінде білім алған. Егін шаруашылығымен айналысқан. Көптеген жетістіктерге жеткен.90 жылдары Восток пролетарлық совхозында механизатор болып жұмыс жасаған.Сонымен қатар мықты механизатор атағына иеленіп әкімшілік тарапынан құрмет грамотосымен алғыс тақтасында аудан көлемінде мықты механизаторлармен тақтаға суреті ілінген. Әжем қазақша оқыған. Әжем жұмыс жасамаған. Үй шаруасынмен айналысқан.

Ата мен Әжемнің айтуынша осы ауылда біраз ұлттар тұрған. Қазірде бір-екі отбасы тұрады. Осында тұрғандардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін берік ұстап келеді.Мен өз отанымды сүйемін.Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.

Қымбат маған елімнің бар даласы,

Балтық пенен Сахалиннің арасы.

Қайда болсам қиям оған жанымды,

Туған жерден қазсын бірақ қабірді



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.04.2022
1300
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі