400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің туған өлкем

Материал туралы қысқаша түсінік
тақырыпқа қатысты керекті мәлімет ретінде мұғалімдер мен оқушыларға арналған көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің туған өлкем



Туған өлке- әр адамға жағымды естілер жылы сөз.Осы сөзді айтқанда кез келген адамның бойында жылы сезім,көтеріңкі көңіл-күй сезілері анық.Әрине,туған жер кімге болса да ыстық емес пе?Белгілі бір себептермен,болмаса алыс жерлерге баруға тура келгенде адам баласы қайтуға асығады.Ол бойымыздағы бәрімізге белгілі туған жерге деген сағыныш сезімі.Бұл біздің ата –бабамыздың мекен еткен,кіндік қаны тамған жері.Әр адам баласының бала күнінен бастап атамекенге деген сүйіспеншілігі.Туған жер адам баласының өткені мен болашағын байланыстыратын киелі мекен.Менің туған жерім көне Тараз қаласы.2000 жылдық тарихы бар қалам бүгінгі жаһандану заманында қала тұрғындарына жарқырап өз шуағын шашып тұр.Қаламның көркі күннен күнге өзгеріп,көріктене түсуде.Туған мекенімнің құлпыра түсуіне қала басшылығы мен сол жерде тұратын тұрғындардың үлесі бар деп ойлаймын.«Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас» дегендей әрқайсымыздың туған мекеніміздің кеңеюі мен көркейіп қанат жаюы әрине,өзімізге байланысты.Мен табиғаты көздің жауын алатын көркем,сарқырап аққан бұлағы бар,ну орманы мен биік таулары бар өлке –киелі Тараз жерінде туып-өскеніме өзімді бақытты санаймын.Осындай жер жаннаті,Асан қайғы бабамша айтар болсам «Жерұйығымды» құрмет тұтамын.

Сөзімді қорытындылай келе,туған жердің топырағы да ыстық,туған жерімізді қызғыштай қору әр адамның міндеті «Туған жер - алтын бесік»демекші өзімнің туған өлкем туралы толғанысымды мынадай жыр шумағымен аяқтаймын.

Туған өлкем байлығым мен қазынам,

Сол байлықтың шуағында шомылам.

Бәрінен де артық көрем мен сені,

Бар қаладан қымбатсың ғой сен маған.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.05.2019
803
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі