400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің туған өлкем"

Материал туралы қысқаша түсінік
ІІ кіші топ тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Менің туған өлкем»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы, елін, жерін, ауылын қадірлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалар сөздігін молайту, байланыстыра сөйлеуді қалыптастыра отырып туған жеріне арналған өлеңдерді, мақалдарды жатқа айтқызуға үйрету.

Тәрбиелік: Есте сақтау қабілетін дамытып, көңіл күйлерін көтеру.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сурет бойынша әңгіме құрастыру, сұрақ –жауап, еңбек ету арқылы дәлелдеу.

Сөздік жұмыс: Қыран құс, тұлпар, бәйтерек, киіз үй, алтын бесік т.б.

Көрнекілік: Слайд, гүл егетін ыдыс, т.б.

Тәрбиеші: Ауылым туралы ән қосылады.(Балалар саппен кіреді) Шеңберге тұрады.

Тәрбиеші: Балалар бір – бірімізбен амдасып алайық

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар: (ұл балалар қол беріп амандасады. Қыз балалар Сәлеметсіз бе?! деп амандасады)

Балалар: (орындарына отырады)

Тәрбиеші: слайд арқылы талқыланады

Балалар біздің ауылымыздың аты қалай аталады?

Біздің ауылымызда Қажымұқан атамыздың ескерткіші бар? Кім барып көрді.

Ауылымыз жақсы, бау- бақша өсіреміз, т.б.

Балалар:

Тәрбиеші:

-Балалар, біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?

Отан деген біздің еліміз, туған жеріміз, ауыл-қаламыз, туыс, бауыр мекен еткен жеріміз

Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасының Президент – Елбасымыз

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Отан , туған жер туралы кім өлең шумақтарын біледі.

Нұрдәулет:

Отан- сенің, ата-анаң,

Отан- досың бауырың,

Отан -өлкең Астанаң

Отан-аудан,ауылым

Азат:

Мен әлемге танытам Қазақ деген халықты Нұрға, гүлге толтырам Өзім туған өлкемді Бағдәулет:

Отан тарих, Отан тіл,

Жасаған елің, ер халқың

Отан -өлең, Отан жыр,

Көтерген көкке ел даңқың











Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Ауылымызды, Табиғатымызды, Жерімізді таза ұстауымыз керек.

Қоқыс тастауға болмайды.

Ескерткіштерді сындыруға болмайды.

Түкіріп, жерді ластауға болмайды.

Ендеше балалар ластанған ауылымызды тазартуға үлес қосайық, іске сәт!

Қимылды ойын:

(Балалар шашылған қоқысты жинайды)

Ой жарайсыңдар! Сендер нағыз батыр екенсіңдер! Олай болса мақал айтып жарысайық!

Мақал – мәтел айтады.

Мысалы: « Ауылың алтын бесігің» , «Отансыз адам ормансыз бұлбұл»

«Ер – елінде , гүл -жерінде»

Мақалдың мағынасын қонақ кәде ретінде келген адамдарға қолқа саламыз.

Мағынасын айтып береді.

Балалар енді ауылымыз көркейіп, өсе берсін, еліміз, халқымыз аман болсын!

Кішкентай сіздер үлкен азамат, азаматша боласығдар. Сол кезде елімізге, ауылымызға еңбек етуіміз керек.

Топпен еңбек жұмысы: Гүл отырғызады.

Ауылымыз гүлдене берсін деген ниетімізбен тәрбие сағатын аяқтаймын.






























«Ауылың алтын бесігің»

«Отансыз адам

ормансыз бұлбұл»



«Ер – елінде ,

гүл-жерінде»




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 мамыр
1688
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі