Ж:Кереев атындағы
жалпы
білім беретін орта
мектебінің
даярлық класс
тәрбиешісі
Саулебаева Гулназ
Кадиргалиевна
«Менің туған өлкем!
»
Мақсаты
: Оқушыларға еліміздің тарихы
туралы түсінік беру .Рәміздерімізді қастерлеуге үйрету . Өз Отанын
сүюге, халқымыздың әдет – ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай
жалғастыруға , ұлтжандылыққа, достыққа, саналылыққа тәрбиелеу
.
Тәрбиеші
: Қазақстан Республикасы 1991
жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет
болды . Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс
орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің Гимінімен,
Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш
етеміз.
Тәуелсіздік күні дедік бұл
күнді,
Атын атап ақын оны жыр
қылды.
Сол күнменен қатар туған
сәбилер,
Кішілерге аға болып
үлгерді.
Қазақстан Республикасының
Гимні орындалады.
Тәрбиеші :Балалар біздің
мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан)
ҚР президенті кім? (Н.Ә.
Назарбаев)
Қазақстан қандай мемлекет?
(Тәуелсіз мемлекет)
Қазақстанның астанасы қай
қала? (Астана қаласы)
Біз қай ауылда тұрамыз?
(Шұбарқұдық кенті)
Біздіңмектеп қалай аталады?
(Ж.Кереев атындағы ом)
Біз қай класта оқимыз? Даярлық
класс
Қазақстанның мемлекеттік
рәміздерін атайықшы (Әнұран, Елтаңба, Ту)
Ендеше рәміздер туралы
тақпақтарымызды айтып берейікші
Нұркелді: Бақыт бірлік күн
талабы,
Тоқтамайды дүбір
әні
Мәңгі бақи
шырқалады,
Республика
Әнұраны.
Айзере: Айнымайды
аспаннан,
Біздің тудың
бояуы.
Оны халық
қадірлеп,
Биікке іліп
қояды.
Абдурахим: Қатар шапқан қос
тұлпар,
Ай астында қазақ
үй
Қалықтаған жас
сұңқар,
Шарықтаған таза
күй.
Бұл таңбасы
елімнің,
Елдігімнің
белгісі.
Тәрбиеші
: Енді балалар қонақтарға
тәуелсіздік туралы жаттаған тақпақтарымызды айтып
берейік.
-Отан дегеніміз – адамың туып
– өскен жері, туған – туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын ата
мекені
Отан туралы тақпақтар :
Назира :
Отан деген - атамекен,
Отан деген – туған
жер
Қуандық Отан – ана, Отан үлкен
,
Қазақстан – туған ел
!
Алтынай: Отан ұран ,Отан – туым
,
Отан мәңгі
гүлденеді
Елхан: Отан жерім , Отан – суым
,
Отан қуат, нәр
береді
Ән : Туған
жер
-Балалар , ал еліміздің туралы не
білеміз.
Тәрбиеші:Туды көрсетіп, сипаттау. Мемлекеттік туымыздың
түсі көгілдір . Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді .
Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пен байлықтың
белгісі , астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін
білдіреді.
Республикамыздың елтаңбасы көгілдір түсті бояудың
үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі
тәріздес уықтар тарайды . Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы
көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді .
Балалардың тақпағы :
Диана:Он
алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған
күн
Ерекше боп
мәңгілік
Ел жадында қалған
күн
Санжар
: Отанымның төрінде
.
Сарқаның өрінде
Ту
ұстаған астанам,
Әсем қалам, бас қалам
.
Каусар: Бүгінгі күні бүкіл әлем
таниды,
Қазақ елін, қазақ жерін,
Қазақстан.
Ән : «Әрқашан күн
сөнбесін»
Би : Қазақ
биі
Тәрбиеші :Олай болса балалар
ұлттық ойын ойнайық .
Ұлттық ойын: Күш
сынасу.
Тәрбиеші:
Бүгін , міне ,Егеменді
тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық . Жүзіміз жарқын болып,
аспанымыз ашық болсын деп тілейміз . Егеменді елдің болашағы –
сендерсіңдер ! Сендерге зор денсаулық , көңілдеріңе шаттық тілей
отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын , күннің нұры
сәулесін мол төксін деп тәрбие сағатымыз аяқталды . Сау болыңыздар
!


