400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

менің туған өлкем арқалық

Материал туралы қысқаша түсінік
туған өлке туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің өлкемнің геральдикасы

Геральдика (heraldіca) – гербтерді зерттейтін тарих ғылымының бір саласы. «Геральдика» термині латынның «heraldus» яғни жаршы деген сөзінен шыққан. Мемлекеттік рәміздерін құрмет тұтатын халықтың бірде бірегейі –Қазақстан. Осындай мемлекетте түратын ел-бақытты ел.Яғни мен өзімді бақытты сезінемін. Себебі, өз елі­нің құндылықтарына бейжай қарай алмайтын мемлекет бір­лігі мен татулығына да сызат түспейді.Сондықтан қай кезде біз мемлекеттік рәміздерімізді насихаттауымыз қажет.
Әр Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік бел­гілерді – рәміздерде жазылған еліміздің тарихы екенін ұғынуы тиіс. Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қараған әр азамат өз ұлтының тарихына, елінің бүгіні мен ертеңіне де сондай құрметпен қарайды.
Мемлекеттік Ту, Әнұран, Елтаңба және мөр арқылы мемлекет өзінің ұлттық ерекшелігін, әлемдегі өзінің бағытын айқындайды.

Мемлекеттік нышан­дардың тарихы сонау Қазақ хандығының құрылуымен басталады.Яғни тарихы сонау тереңнен бастау алады. Ол кезде қазақ хандығында ортақ бір мөр немесе белгі болмады.
Әрбір хан немесе сұлтанның өзіндік жеке белгісі көрсетілген, оюмен өрнектелген туы мен мөрі болды..
Сол дәуірдегі түрлі құжаттар мен қазақ сұлтандарының бүгінгі ұрпағына дейін жеткен құндылықтарын зерделеген ғалымдар сол кезеңде басқарушы қауымның жеке мөрі металды жүзік түрінде болғанын анықтады. Жүзіктің бетінде арабша жазылған жазу мен белгілі бір бейне суреттелген.

Тәуелсіз қазақ мемлекетіне тән мөрлер 1991 жылдың 16-желтоқсанында Қазақ­стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан ­Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республика­сы­ның Мемлекеттік Тәуелсіздігі ­туралы» Конститу­ция­лық Заңы қабылданған сәттен бастау алды. Мөрлердің арасында Қазақстан Республикасы Президентінің, Өкіметінің, Үкіметінің, Жоғарғы Сотының мемлекеттік мөрлері ерекше көз тартады. Бұл мөрлердің қай-қайсысы болса да біз үшін қымбат.

Геральдика яғни, гербтану ілімінде – көк түс адалдық пен сенімділіктің белгісі. Ежелгі түркі тілінде «көк» сөзі аспан деген ұғымды білдіреді. Ол түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Нұр шашқан алтын күн тыныштық пен татулықтың, байлықтың белгісі. Қанатын жайып қалықтаған құс еркіндіктің белгісі. Себебі қыран - өте биікке ұшатын әрі ұзақ  жасайтын құс. Ұлан-байтақ кеңістікте қалықтаған қыран құс елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухының белгісіндей. 

Зерделеп ашсаң тарихтың терең қатпарын,

Бабалар бізге ғасырдан көне қатқан үн

Білесің сонда әулие-әмби Торғайда,

Күмісбай, Құтан, Құлымбеттердің жатқанын.

Ел болам десең ұлағат болсын ісіңде,

Ұрпағың өссін бас иіп ұлы мүсінге.

Ахаңның жерін, Жақаңның жерін аялап,

Тарихтың беті -Торғайдың туын түсірме!

Сыйлаған саған азаттық күннің ақ таңын,

Хан Нияз, Сардар –мәңгілік айтар мақтаның.

Қорғасын тауда, ұмытпа, қия жондарда,

Өшпеген әлі Кейкінің ізі жатқанын!,-деп жергілікті ақын Молдатай Жапарұлы жырлағандай мен Торғай елі,Арқалық қаласында тұрамын. Әр адамның өзінің сүйікті қаласы бар. Сүйікті қала ... Бұл қала міндетті түрде астанасы, миллионер қаласы болуы міндетті емес. Ол тыныш, бірақ өте қымбат болуы мүмкін.

Менің  ардақты  қалам  – Арқалық  қаласы.   Бұрынырақта Торғай  облысының  орталығы  болыпты. Қазіргі таңда Қостанай  облысына  жатады.  Бұрын өзге ұлт өкілдері көп болған. Қазір қала  халқының  сексен  пайызы  қазақтанды. Қазақша мектептер, балабақшалар ашылды. Жаңадан тұрғын үйлер салынды.  Көптеген  жаңа  ғимараттар бой  көтерді.  Жұмыс орындары   ашылып,  халықтың  жағдайы  да  жақсарған.  Арқалықты  жастар қаласы деп  те  айтуға болады. Біздің   қаламызда студенттер өте көп. Мерекелерде  арнайы алаңда концерттік бағдарламалар болады.Жастар тұратын жатақханалар да  өте  тамаша. Барлық жағдай жасалған. Осылардың барлығын көріп Арқалығым арайланып құлпыра түссе екен деп армандаймын.Осы қалада Родина орта мектебінде оқып,білім алудамын. Білім алу барысында ұстаздарымыз мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер екендігін бізге үнемі түсіндіріп отырады.
Әрқайсымыздың бойымызда ұлттық патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге деген ыстық ықылас болуы қажет.
     Ал, Отанға деген сүйіспеншілікті әрбір жүрекке ұялататын Елдің нышандары екені сөзсіз. Олай болса, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азамат үшін қасиетті борыш .Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеп, халықтық  дәстүрлерімізді қастерлеу біз, жастардың парызы деп білемін. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс -несібесі мол болмақ. Сол себептен туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік ету бағытында Арқалық қаласының  жастары да жаңа қазақстандық патриотизмнің дамуына өз үлестерін қосуда.  Азат елдің символы саналатын рәміз­­де­рімізді құрметтеп, қастерлей білу – Отан ал­­дын­дағы ұрпақтар яғни біздің, жастардың қасиетті борышымыз!  













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
969
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі