Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақта алған мәліметтерді өз өмірімен байланыстыра отырып,мысалдар келтіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


САБАҚ: 11

Мектеп: Ерсін Мұқашев атындағы ЖОББМ


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Карпекова Орынтай Сембаевна

Сынып: 6 Т2


Қатысқан оқушылар саны: 18

Қатыспағандар: жоқ

Бөлім атауы

Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.6.1. тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру

Сабақ мақсаты

Сабақта алынған мәліметтерді өз өмірімен байланыстыра отырып, мысалдар келтіруге үйрету.

Бағалау критерийлері

  • тыңдалым мазмұнын түсінеді;

  • шынайы өмірмен байланыстырады.

Тілдік мақсаттар

Лексикалық минимум: несие, жоба, ауыл, көтерме ақы, жас маман, қаражат

Осыған дейінгі меңгерілген білім

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

Құндылықтар

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Сабақта оқушылар бойына жауапкершілік және құрмет сынды құндылықтарды дарыту қамтылатын барлық тапсырмалар негізінде жүзеге асады. Себебі сабақтың тақырыбы осы құндылықтармен мағыналық тұрғыда етене байланыста.

Пәнаралық байланыс

География, тарих, әдебиет, өзін-өзі тану

АКТ дағдыларын дамыту

Сабақ таныстырылымы

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс – әрекеттер

Ресурстар


Сабақтың басы

7 минут



Қызығушылықты ояту.

«Сөздік бұлт»

Оқушылар бірнеше топта бөлім тақырыбы бойынша үйренген сөздерін сөздік бұлтқа жазады. Сөздік бұлт түрлі формада болуы мүмкін, маңыздысы тақырыпқа сәйкес кілт сөздерді еске түсіріп, сауатты жазу. Берілген 1 минутта қатесіз және ең көп сөз жазған топ жеңімпаз атанады.

Бағалау критерийлері мен десприпторлары, сабақ мақсаттары таныстырылады.





Бұлт пішінді қағаздар


Сабақтың ортасы


8 минут
















15 минут













































































5 минут

Тыңдалымалды тапсырма

«Сөздік гол» оқушылар жаңа сөздерді өздері болжап, анықтамасын жазады, мағынасын ашады. Сөздіктегі анықтамамен салыстырады, тексереді.


сөз

Менің анықтамам

Сөздіктегі анықтама

1

несие



2

жоба



3

ауыл



4

көтерме ақы



5

жас маман



6

қаражат




Тыңдалым тапсырмасы

1.Мәтінді мұқият тыңдаңыз, өзіңізге қажетті ақпараттар базасын құрыңыз.

2.Өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңіз.


/Мәтінді мұғалім 2 рет оқып береді немесе аудио таспаға жазып, тыңдатуына болады./

ҚАЛА ЖАСТАРЫ "ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА" БАРҒЫСЫ КЕЛМЕЙДІ

19 январь 2018, 8:44

Қарағанды облысында «Дипломмен ауылға!» аттанған жастарға көтермеақы есебінде 16 миллионға жуық теңге төленген, бірақ бүгінде қала жастарының "Дипломмен ауылға!" барғысы жоқ, деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі. 95 жас маман «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында көтерме ақы алды. Өткен жылы бұл бағытқа 15 миллион 88 мың теңге бөлінген болатын.


2017-ші жылы жобаға қатысқан 39 жас маманға баспана сатып алу үшін 131 миллион 673 мың теңге бөлінген. Биылғы жылы бұл мақсатқа қанша қаражат бөлінетіні әзірге белгісіз. Көтерме ақы мен баспана сатып алуға арналға қаражат бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілерден сәйкесінше өтінім түскен соң республикалық бюджеттен бөлінеді.


- Негізінен оқу бітірген соң ауылға баратын жастар – ол ауылдан оқуға келген жас азаматтар. Олар үшін аталмыш бағдарлама – ауылға оралуға, жұмыс табуға, көтерме ақы алып, өз баспанасына қол жеткізуге ынталандырма болып табылады. Қалалық жастардың арасынан бұл бағдарламаға қатысамын деушілер кемде-кем, - деп мәлімдеді жастар саясаты сұрақтары бойынша басқарма басшысы Мирас Құттыбай.


Ол сонымен қатар ауылдық жерлерде көбінесе түрлі бағыттағы дәрігерлер мен оқытушылар, оның ішінде ағылшын пәнінің мұғалімдері тапшы екенін атап айтты.


Онымен қоса «Дипломмен ауылға!» бағдарламасына білім, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, ветеринария, мәдениет және спорт, агроөнеркәсіп кешенінің мамандары қатыса алады. Ауылдық жерлерде жұмысты ЖОО түлектері өздері таңдай алады, сонан соң бағдарламаға қатысу туралы шешім қабылдайтын аудандық комиссияға құжаттарын тапсырады. Егер кандидатураны құптайтын болса, қатысушыға 70 айлық көрсеткіш көлемінде (2018-ші жылы 168 350 теңге) көтерме ақы беріп, баспана салуға немесе сатып алуға 15 жылға дейінгі мерзімге 0,01% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 1500 айлық көрсеткіш көлемінде (2018-ші жылы 3 607 500 теңге) несие беріледі.

Ақпараттар базасы





Өмірмен байланысы бар мысал

________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Дескрипторлар

  • Қажетті ақпараттарды тізеді;

  • Ақпараттарды өмірмен байланыстырады;

  • Мысалдар келтіреді.


Бағалау:оқушылар дәптерлерін бір-біріне сағат тілімен жылжытады. Жұмыстарымен танысып, пікір жазады. Топта үздік жұмыс таңдалып, «Ыстық орындыққа» отырып сыныпқа таныстырады. Баға -«Үздік жұмыс» атануы, оқушылардың пікірі.

























http://www.matritca.kz/news/50832-ala-zhastary-diplommen-auyla-barysy-kelmeyd.html


Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия


«Сэндвич» әдісі


ауызша

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

  • сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;

  • жай сөйлемдер құрастырады.

Сабақта дескрипторларға негізделген жүйеде бағаланады.

  1. Мұғалімнің ауызша кері байланысы

  2. Бірін-бірі бағалауы

  3. Оқушының кері байланысы

География, тарих, әдебиет, өзін-өзі тану пәндерімен байланысты.

Сабақта таныстырылым көрсету үшін қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.02.2021
1894
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12