400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің үйім

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныпқа арналған сабақ жоспары. Тақырыбы:Менің үйім.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ тақырыбы:

Менің үйім


Күні :



СЫНЫП: 2-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:баспана түрлерімен танысу;


Оқушылардың басым бөлігі:.«қамқорлық» ұғымын түсіну;

Кейбір оқушылар:өз үйіндегі бір бөлмені сипаттауды және сұлбасын салуды үйренy.

Тірек сөздер:

баспана – жилище – house; киіз үй – юрта – yurt.

Ресурстар:

«Қазақтың дәстүрлі баспанасы – киіз үй» тақырыбына таныстырылым,киіз үй макеті, әртүрлі баспана суреттері (киіз үй, ағаш үй, лашық),

Сабақтың мақсаты:

1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақтың басы.



























Сабақтың ортасы.

Тақтаға үлкен ватман қағазын ілемін. Оқушылар сабақ барысында әр дұрыс жауап үшін үйді дайындауға қажетті «кірпіш», «шатыр» желімдейді. «Кірпіштерге» өткен сабақты қайталау және жаңа сабақты ашу мақсатында сұрақтар жазамын..

-Олай болса,бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Менің үйім.

Үй дегеніміз не? «Үй» сөзі латынның «домус»деген сөзінен шыққан, бұл «баспана», «шаруашылық» дегенді білдіреді. Сондықтан адамдар өмір суретін, тіршілігін жасайтын мекенді үй деп атайды. Адам баласы үшін үй – баспана, қорған және жайлылық мекені.


Дәстүрлі тұрғын үйлер. Үйді салған кезде елдімекеннің табиғи жағдайы есепке алынады. Әр елге тән тұрғын үйдің көптеген түрлері бар: Арабияда –шатыр, Америкада – вигвам, типи, хоган, Бразилияда – хижина (лашық), Гренландияда – иглу, Испанияда – пальясо, Қырғызстанда, Монғолияда – киіз үй, Қытайда – фанзай, Ресейде – изба (ағаш үй), Украинада – хата (там).

АКТ студиомен жұмыс. Бұрынғы және қазіргі баспана.

Оқушылардыңназарын әртүрлі үй суреттеріне аудару. Олар әр үй туралы түсінік алады.

Киіз үй. Қазақ халқы ерте заманда көшпелі тіршілікеткен. Олардың негізгі байлығы мал еді. Қазақ халқы малдан түрлі тағам өнімдерін және тұрмыстық заттар жасайтын материалдарды алған. Мал басының өсімі жайылым мен су көздерін ауыстыруға да байланысты болды. Мұндай жағдайда киіз үй көшпелі тіршілікке қолайлы болып табылатын. Бұл ерекше үй түрі. Жазда аптап ыстықта киіз үйде салқын, ал қыста жылы және жайлы. 5-7 адам тұратын шағын киіз үйді екі сағатта орнатып, бір сағатта жинаған.


Киіз үйдің негізін ағаш қаңқа құрайды. Төменгі бөлігі жиналатын торлы керегеден тұрады. Кереге неғұрлым көп болған сайын киіз үйдің көлемі де үлкен болды. Керегені есікке терме белдіктермен байлайды. Олар киіз үйдің бүкіл құрылымын ұстап тұрады. Керегені (киіз үй қабырғаларын) жауып тұратын өрмені ши деп атайды. Есік орнын киізден жасалған тығыз жапқышпен жапқан. Шаңырақты керегемен уықтар байланыстырады. Киіз үйдің терезесі – түндік. Ішінен сырықтармен айқастырып бекітілген ағаш шеңберді шаңырақ деп атайды. Оны әдетте қайың ағашынан жасайды. Қазақ халқы «шаңырақ» ұғымына ерекше мән берген. Ол отбасындағы берекені білдіреді.


Киіз үйдің ортасына ошақ қойылған. Ол тамақ әзірлейтін және суық кезде жылынатын жер. Есікке қарама-қарсы қонақтарға және құрметті адамдарға арналған төр орналасқан. Есіктегі бос кеңістік «босаға» деп аталады.

- Оқушылар киіз үйді қайдан көргенін сұрау.

Қазақ халқының қиыншылық кезінде салынған үйі.

Еліміз дамып,өркендеп келе жатқанда салынған көп қабатты үйлер.

Жапонияда кеме үлгісінде салынған үй.

Жаңа үлгіде салынған шетел үйлері.

Балаға көмектес. Оқушылардан бала неліктен өз портфелін таба алмай жатқанын сұраңыз. Оқушылар балаға мінездеме береді. Бұл тапсырманы қорытындылай отырып, оқушылар өз үйлерінде тазалық пен тәртіпті қалай сақтайтынын әңгімелейді.«Көмектесу» ұғымдарын түсіндіріңіз.

Үйдегі қамқорлық – бұл тек тазалық, тәртіп қана емес, сонымен бірге үйдегі жандар жылы ерекше жағдай. Үйдегі тәртіпті отбасының әр мүшесі сақтауы тиіс. Өзіне қызмет көрсету – бұл жайлылық пен тазалық сақтауға бағытталған қызмет түрі. Shape1

Жұптық ,топтық жұмыс.

1-қатар: Таяқшадан үй макетін құрастыру.

2-қатар: Түрлі геометриялық пішіндерден үй құрастыру.

Суреттер тақтаға ілінеді.

3-қатар: Ламинадталған ақ бетке өз үйінің суретін салу.

Дәптермен жұмыс.

Өз бөлмеңнің суретін сал.

Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Сабақтың соңы.

Тақтамен жұмыс.


Тақтаға киіз үйдің және өзіміз тұрып жатқан үйдің,көп қабатты үйдің суреттерін ілу. Оқушылар әр үйшікке тиісті сөздер жазылған үлестірме парақшаларды орналастыруы тиіс.

Мысалы,үстел, кілем ,теледидар,гүл,,шаңырақ,уық, көп қабатты,

І-ші подъезд,ІІ-ші подъезд,кереге,кебеже.







Пәнаралық байланыс.

Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек.

Жаратылыстану.


Сұрақтарға жауап бер

Отбасы дегеніміз не?

Үйдің қандай түрлері болады.

«Үйдегі қамқорлық» ұғымы нені білдіреді?

Бағалау


Бағалау критерийі: Білім алушы
Дереккөздер негізінде «отбасы» ұғымын сипаттайды .
«Отбасы» ұғымының мағынасын анықтайды.
1 -тапсырма
Өлеңді мұқият тыңдаңыз.
Отбасы – ол ата-ана,
Отбасы – ол балалар.
Отбасы – ол туыстар,
Отбасы үлкен шаңырақ.
Өлеңге қатысты суретті тауып, белгілеңіз. «Отбасы» дегенді қалай түсінесіз?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
1882
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі