Тексерілді_________
_________
Әлеуметтік
педагог: Саудан
С.Е.
Күні: 22.-26.02.2021ж.ж.
Сабақтың
тақырыбы: Менің
үйім.
Сабақтың мақсаты: 1.
Білімділік: Оқушылардың өз үйі отбасы
туралы
түсініктерін қалыптастыру.Үй бөліктері туралы
түсініктерін дамыту.
2.
Түзете-дамытушылық: Өз – өзіне қызмет
жасау
дағдысын қалыптастыру.Үй
бөліктерінің атаулары,
шатыры, мұржасы, қабырғасы, кіре берісі,
терезелері, олардың қолданыс түрлері туралы
түсініктерін қалыптастыру .
3.
Тәрбиелік: Өз үйін,
ауласын,бөлмесін таза ұстауға
және отбасына, туыстарына қамқор болуға
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап,
әңгімелесу, бақылау, мадақтау, ойындар мен үстел үсті ойындарын
жүргізу.
Көрнекілігі: Үйдің суреттері, үй
бөлшектерінің суреттері,отбасының суреттері, үлестірмелі
суреттер,
Сабақ
түрі: Жаңа
сабақ.
Жұмыс
түрі: Аралас жұмыс (жеке және
топтық).
Сабақ
барысы:
I. Ұйымдастыру
кезеңі: Сәлемдесу.
II. Үй тапсырмасын
сұрау:
III. Жаңа
сабақ:
Бүгінгі біздің тақырыбымыз менің үйім және өз
отбасымыз туралы
болмақ.
Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген
үйлерді көреміз. Ол үйлерде кімдер тұрады деп
ойлайсыңдар?
- Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады
олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады. Ал өз үйіміздің қайда
орналасқанын білемізбе?
Балалардың жауаптары
тыңдалады.
Адамдар өмір суретін, тіршілігін жасайтын мекенді үй деп атайды.
Адам баласы үшін үй – баспана, қорған және жайлылық
мекені.
Бұрынғы және қазіргі
баспана.Оқушылардың назарын әртүрлі үй
суреттеріне аудару. Суретте не байқадыңдар? Баспаналарды пайдалану
уақытына қарай ретімен атау (киіз үй, лашық, жер үй, пәтер үй) Әр
үй туралы не айтасыңдар? Үйлерді бір-бірімен салыстырыңдар. Киіз
үй. Қазақ халқы ерте заманда көшпелі тіршілік еткен. Олардың
негізгі байлығы мал еді. Қазақ халқы малдан түрлі тағам өнімдерін
және тұрмыстық заттар жасайтын материалдарды
алған.
Сен білесің
бе? Шаңырақ - бұл отбасының
белгісі. Ертеде дәстүр бойынша киіз үйдің шаңырағы әкеден балаға
мұраға қалған.
Ал қазіргі үйлер жер үйлер және көп қабатты
пәтерлер.
Суретпен жұмыс
:
Көп қабатты үйлердің суреттері мен әр түрлі
жер үйлердің суреттерін көрсетіп айырмашылығы туралы
әңгімелеу.балалардың ойларын
білу.
IV.Ойын:
" Мынау
кім?"
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау
қабілетін дамытуға
баулу.
Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап,
жасырынған отбасы мүшесін
табу.
V.Ойын
сұрақ:
Балаға
көмектес.
Балалардан суреттегі бала
неліктен өз портфелін таба алмай жатқанын сұраймын балалар
суреттегі балаға мінездеме береді. Бұл тапсырманы қорытындылай
отырып, оқушылар өз үйлерінде тазалық пен тәртіпті қалай
сақтайтынын әңгімелейді. «Жайлылық» және «өзіне-өзі қызмет көрсету»
ұғымдарын түсіндіремін.
Үйдегі жайлылық – бұл тек тазалық, тәртіп қана емес, сонымен бірге
үйдегі адамдар жылы ерекше жандар. Үйдегі тәртіпті отбасының әр
мүшесі сақтауы тиіс. Өзіне қызмет көрсету – бұл жайлылық пен
тазалық сақтауға бағытталған қызмет
түрі.
Сергіту
жаттығуы:
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.
Орындап
көр. Балаларға түрлі түсті
геометриялық фигуралардан үй құрастыруға тапсырма беремін. Үшбұрыш,
тік төртбұрыш, шаршы, сопақ фигураларды қолдануға болады.
Оқушылардан бұл фигураларды атап, санап шығуын
сұраймын.
VII.Қорытынды:
Бүгінгі сабақта өткен
материалдар бойынша сұрақтар
қоямын.
Сұрақтар:
•Үй дегеніміз
не?
•Үйдің қандай түрлері
болады?
•«Үйдегі жайлылық» ұғымы нені
білдіреді?
VIII. Үйге
тапсырма:
Мадақтау!!!Смайліктер арқылы
мадақта
Жарайсың Өте жақсы
Тамаша