Материалдар / Менің ұжымым.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің ұжымым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың «ұжым», «достық» құндылықтары туралы түсінініктерін кеңейту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2020
751
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Өзін – өзі тану

Мектеп: 17 ЖОББМ КММ

Мерзімі:10.12.2020

Сабақтың тақырыбы: Менің ұжымым

Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттері: қызығушылық, құштарлық

Мұғалім:

Сынып: 4 Оқушылар саны:


Сабақтың мазмұны:

Ресурстар

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың «ұжым», «достық» құндылықтары туралы түсінініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік:  Ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

Дамытушылық; Өзара татулық, сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

Тәрбиелік: Бірлікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер,стикер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл-күйге ену.

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз:ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді.Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз,мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы,қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы біррет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.Рақмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Дәйексөз.

«Ұжымда болу – бақыт»

Ә.Табылдиев.

1.Дәйексөзді оқыту және мәнін түсідіру.


 


  1. Әңгімелеу.

Қорқақ

Сапарғали Бегалин

Сыныптың Шоқан бастаған балалары өз бөлмелерінде дуылдасып, әңгіме-дүкен құрып отырған. Кенет тәртіпкер офицер кіріп келді. Бұл өзі мазасыз, жөн-жосықсыз шырылдап ұрса беретін адам еді. Балалар тым-тырыс тына қалды. Төсек-орын ұқыпты жиналған, еденде сынық шөп жоқ, айнала мұнтаздай тап-таза. Офицер балалар жататын бөлмеден ешбір мін таба алмай, шығып кетті. Кенет Анатолий деген бала офицердің соңынан жүгіріп барды да, жабулы тұрған есікті жұдырықпен қойып-қойып жіберді. Сонан соң қайта жүгіріп келіп, орнына отыра бергенде, есік ашылды да, офицер кірді. – Есікті ұрған қайсың? Қане, тез айтыңдар! Балалар тым-тырыс, тіс жармады, еш нәрсе айтпады. Ешкім мойындамады. Ашуға булығып, түтіккен офицер корпус бастығы Ждан-Пушкинге рапорт жазды. Сыныпты жазалауын өтінді. Келесі күні ЖданПушкиннің өзі келіп, балалардың бәрінен тәртіпсіздік істеген кім деп сұрады. Ешкім ләм демеді. Содан корпус бастығы бұл сынып балаларын түгел жазалады. Жексенбі күндері бір де бір бала үйіне бармасын 64 деген бұйрық шығарды. Осы қысым қыс ортасына дейін созылды. Бірде Ждан-Пушкин Шоқанды шақыртты да, әдепсіздік жасаған баланы айтып бер деп қайта сұрады. – Оны істеген мен емеспін. Ал тентектікті жасаған кісінің өзі айтсын, – деді Шоқан. – Батылы барса, өзі айтып, жолдастарын мына жазадан құтқарсын, біз қорқаққа куә бола алмаймыз! Жатаққа келген соң, Шоқан балалармен бірге әлгі Анатолийді ортаға алды. – Қорқарың бар, қораға кірме» деген біздің қазақта мақал бар. Анатолий, сен жұдырығыңды офицердің сыртынан түйгенше, батыр болсаң, айтарыңды неге көзіне айтпадың? Ал қорқарың бар, қолыңа ие болуың керек еді. Қорыққаныңнан өз кінәңді де мойындамадың... Қорқақ! Қысқы демалысқа тарағанда балалардың ешқайсысы Анатолийді шығарып салмады. Жалғыз кетті үйіне. Сол бетімен ол корпуста «Қорқақ» деген аттан қашып, мүлде сабаққа келмей қойды.

Сұрақтар:

Офицер неліктен ашуланды?

Барлық бала неліктен жазаланды?

Шоқан қандай батылдық жасады?

Өз кінәңді басқаларға арту дұрыс па? Неліктен?

Қандай адам достарын ұятқа қалдармайды деп ойлайсыңдар?

Өзіңді достарыңның ортасында қалай ұстайсың? Айтып бер.


Оқулықтан



5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма

Жағдаяттарды талдау.

  1. жағдаят: Сенің сыныптас құрбың спорттық жарыстан «бас жүлде» алып жеңіспен оралды. Қуанышында шек жоқ. • Оның қуанышын қалай бөлісер едіңдер?

  2. жағдаят: Сыныптасың «Білімнің биік шыңы» атты сайысқа қатысып жеңіліп қалды. Ол қатты ренжулі. • Оған қалай көмектесер едіңдер?

3-жағдаят: Сынып балалары ылғи тәртіпсіздік жасайды. Осылары үшін кезекші сынып оларды «Кірпі» газетіне шығарды. • Осыдан кейін қандай шешім қабылдар едіңдер? Оқушылардың ой-пікірлерін тиянақтап, қорыту.

2-тапсырма

Сыныптасыңыздың жақсы қасиеттері туралы жазу.

Ақ қағазға алақаныңның суретін сал. Оған парталасыңның бойындағы бес жақсы қасиетті жаз. Ал парталасың сенің бойыңдағы бес жақсы қасиетті жазады. Сыныптағы барлық бала осы тапсырманы орындасын. Содан соң барлық балалардың жазғандарын жинап, ондағы ең көп аталған қасиеттерді іріктеп алыңдар. Осылайша сынып оқушыларына тән жақсы қасиеттерді білетін боласыңдар.

3-тапсырма

«Менің сыныбым» тақырыбына «Бес жол өлең» (синквейн) құрастырып жазыңдар. Бес жолдан тұратын өлеңді жазу ережесі:

1-жолға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).

2-жолға тақырып екі сөзбен сипатталып жазылады (сын есім түрінде).

3-жолға үш сөзбен тақырыпқа қатысты іс-әрекет жазылады (етістік түрінде).

4-жолға төрт сөзден тұратын тақырыпқа қатысты бір сөйлем жазылады.

5-жолға тақырыптың мәнін сипаттайтын бір сөз жазылады.
Қорытынды:Адамға ұжыммен бірге болу қызықты, әрі пайдалы. Көпшіліктің ішінде болу, араласу, ортақ іске жұмылу адамға жақсы көңіл күй сыйлайды, үлгі-өнеге береді. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» деп бекер айтпаған. Көпшілікпен бірлесіп ақылдасу, шешім қабылдау оңай әрі ұтымды болады. Бірлесіп шешім қабылдау үшін, іс тындыру үшін, күшті ұйымшылдық керек. Саналы тәртіп болуы тиіс. Сонда бірлікке қол жеткізіп, табысқа кенелесіңдер. Сенімдерің арта түседі.Жеке адамның жақсы мінез-құлқы ұжымда көпшіліктің ықпалының арқасында қалыптасады. Сынып ұжымындағы балалар бір-біріне көмек беру, сыныптастарын ренжітпеу, көпшіл болу, ұйымшыл болу, кешірімді болу сияқты қасиеттерді бойларына сіңіруге көп мүмкіндік алады. Бір-бірімен сырласады, достасады, қуаныштарын бірге бөліседі.


6. Топпен өлең айту.

Әрқашан дайынбыз

Өлеңін жазған Серікбай Оспанұлы

Әнін жазған Әшірхан Телғозиев

Сенеміз еңбектің күшіне,

Қайда да алда боп дәйім біз.

Үлкенге, құрбыға, кішіге,

Көмекке әрқашан дайынбыз!

Гүл егіп, дән сеуіп қойнауға,

Тек жақсы оқимыз дәйім біз,

Туған жер өзіңді қолдауға,

Қорғауға әрқашан дайынбыз!

Құрыштай ініміз, ағамыз,

Нұрлы Отан, күніңбіз, айыңбыз.

Аяулы, ардақты анамыз,

Ісіңе әрқашан дайынбыз!



7. Үй тапсырмасы.

«Менің сыныбым - менің ұжымым» тақырыбына эссе жазу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р..Рақмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.


Рефлексия. “От шашу” әдісімен бағалау.




SHAPE \* MERGEFORMAT Прямоугольник 7 SHAPE \* MERGEFORMAT Прямоугольник 4


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!