Материалдар / Менің ұстаздық қызметімдегі ұстанымым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің ұстаздық қызметімдегі ұстанымым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздық қызметтің маңыздылығы туралы жазылған эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2024
740
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе : «Менің ұстаздық қызметтегі ұстанымым»


«Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. 
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы»,-деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым.Ең басты себебі менің ата-анам екеуі де ұстаз болатын. Әкем – география пәнінің мұғалімі , ал анам болса математика пәнінің мұғалімі болып зейнет жасына дейін ұстаздық қызметті абыроймен атқарды. Сол ата-анама қарап менде ұстаз болуды бала кезімнен армандаған болатынмын. Шындығында  мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  деп  қалай  дәл  тауып  айтқан. Ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  болары  анық.Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі — бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған,  сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді.Қиындығы  да, қызығы  да  жетерлік, ең  бастысы  —  жауапкершілігі   жоғары  мамандықтың  бірі  ұстаздық  ету  екені  ақиқат. Өйткені  бұл  мамандық  иелерінің  мойнына  ешнәрседен  хабары  жоқ, мыңдаған  тарыдай   ғана   бүлдіршіндердің   бойына  білім  нәрін  сеуіп, тәрбие  ұрығын  егіп,  таудай  азамат  етіп  шығару  міндеті  жүктелген. Сондықтан  басқа  мамандық  иелерінің  баршасы да  ұстаздарға борыштар деп  ойлаймын.

1997 жылы мектепті бітірген соң Ж.Досмухамедов атындағы педагогикалық колледжіне «Ағылшын тілі» бөліміне оқуға түстім. Осы аталған оқуды 2000 бітіріп ,өзімнің алтын ұя мектебіме оралып , ұстаздық еңбегімді бастадым. Осы мектепте жұмыс істеп жүріп , 2000-2003 жж аралығында Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ін бітірдім.Алдымен ата-анамнан содан соң мектеп  ұжымынан әрбір  ұстаздың  бойында  болатын  төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы  қасиеттерді  бойыма  сіңірдім.Дана  халқымыз «Ұядан  не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілерсің»  демекші,  «Ұстаздар  жанұясы»  болғанымыз  мен  үшін  үлкен бақыт.Қыран  түлегіне  қайтпас  қанат  сыйлайды, ұстаз  шәкіртіне  талмас талап  сыйлайды»  демекші,  ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның  тірегі. Қоғам  тұлғаны  қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты  дәрежеде  дамытады. Сондықтан  қоғам  дамуында  білім  беру ең маңызды  мәселе  болып  табылады. «Келер  ұрпақ алдында  зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір  тұлға  өмірінде  үлкен  тәрбие  мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын  мәңгілік  есінде  сақтайды. Нағыз  мұғалім,  міне, осы. Өйткені, әрбір  мемлекеттің  өсіп  өркендеуінің,  бәсекеге  қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен  көрінгісі  келген  кез  келген  мемлекет  ең  алдымен, білім  беру саласын дұрыс  жолға  қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ  тәрбиелеу  жаңа  формация  мұғалімінің  еншісіне  тиері  анық.Жаһандану  заманында  ұлт­­тық  бәсекеге  қабілетті  болудың  көр­сет­кіші – білім  деңгейімен  өлше­неді.  Сондықтан,  әлемдік  білім  кеңістігіне  кірігіп,  білім  беру  жү­йе­сін  халықаралық  биікке  көтеру  кезек күттірмейтін  өзекті  мәселе деп ойлаймын.Бұл  мәселені  шешудің  кілті  ұс­таз  қолында.  Өйткені,  ұстаз  ел­дің ертеңгі  тізгінін  ұстайтын  ұрпақ  тәрбиелейді.  Адам  тәр­бие­леу  – ұлы міндет.  Ол  міндетті  атқарушы  –  ұстаз.  Ұстаздың  негізгі  құралы  – сабақ.Сондықтан да өз мамандығын шын сүйетін әрбір ұстаз өзінің сабағына мол жауапкершілікпен қарап , жан-жақты ізденіспен келіп білім нәрін сусындататын болса , онда шәкітрттері білімді және бәсекеге қабілетті жеке тұлға болып қалыптасатыны сөзсіз.Менің  түсінігімдегі  ұстаз – рухы  таза,  ой – өрісі  биік,  ұлты  мен Отанының  болашағы  үшін  тер  төгіп,  шыдамдылық  пен  та­бандылықтың  үлгісін  көрсетуші,  өз  бойындағы  асыл  қасиеттері  мен білімін  болашақ  ұрпақтың  бақыты  мен  кәдесіне  жаратып,  қоғамды өрге  өркендетуші,  жа­ңа­шылдықтың  бастаушысы,  жү­ре­гі – жылы,  көңілі – дарқан  адам.Ұстаздан  дәріс  алмаған  адам  қазір  жер  бетінде  жоқ  десе  де болар.  Бұл  мамандық  содан  да  киелі.  Жан – Жак  Руссоның  «Ұстаз  болу  –  өз  уақытыңды  аямау,  бас­қаның  бақытын  аялау»  деген  нақыл  сөзі жаныма  өте  жақын.Ұстаз  білгенін  үйретуші  ғана  емес,  тұла  бойы  тұнған  өнеге,  ақ  тілеулі  ана  тәрізді  барлық  адам­ның  бойынан  жақсылық  іздейтін  ізгі  ниет  иесі.  Шәкірті  өзінен  оз­ған  ұстаз  – еңбегі  ақталған  ұстаз.  Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін  шебер  ұстаз   үз­дік­сіз  ізденісте  болып,  қоғам  сұ­ра­нысына  сай  білімді, шығарма­шыл, өзін – өзі  дамытып,  жетілдіре  алатын  болуы қажет  деп  ой­лай­мын.  Мен  ұстаздықтың  ауыр  жү­гін  арқалауды  өз  жүрегімнің қа­лауымен таңдадым. Маман ұс­таз ретіндегі негізгі ұстанымым: ба­ланы тұлға деп тану, оның  пікірімен  санасу,  оқушының кішкентай  қуанышын,  табысын  ба­ғалай  білу.Бо­лашақта  мұғалім  мамандығы  ең  беделді,  әрі  жоғары  ақы  төле­не­тін  мамандықтың  біріне  айналуы  үшін  оны  сүйіп,  талмай  еңбек  ету қажет.Ұстаздық  қызметте,  шәкірт­термен  қарым — қатынаста  ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мә­дениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне  көзім  жетті.Қытай  философының  «Маған  жәй  айтсаң  –  ұмытамын,  көрсет­сең есімде  сақтаймын,  ал  өзімді  іс – әрекетке  қатыстырсаң  үйрене­мін» деген  даналығы  білім   алу­шының білімге  ықыласын  атты­руда ақпараттық — комму­никатив­тік  технологияларды  пайдалана  отырып, өзіндік  ізденіс  жүргізуді  практикада  жүзеге  асырудың  маңызды  екендігін  көрсетеді.Сапалы  білім  негізі – жан — жақты  ақпараттық  материал­дар­ды, көрнекі  құралдар  мен  ұтым­ды  технологияларды,  тиімді  әдіс — тәсілдерді пайдалана  отырып,  білім  алушыға  ешбір  кітаптан  таба  ал­майтын  білім  беру.  Сондықтан  бүгін  білім  бе­ру­дің  сапалы  болуы  үшін:  біріншіден,  ұстаздың  жан – жақты  ака­демиялық  білімінің  бо­луы,  екіншіден,  мұғалімнің  өз  ма­ман­ды­ғы­на  деген  шынайы  сүй­іс­пенші­лігінің  және  ешқан­дай  дипломмен  бірге  берілмейтін  шығар­машылық  қабілеті,  балаға  деген  кіршіксіз  адамгершілік  қа­сиет­тері  болуы  шарт.Осындай  жаңа  даму  үрдісі  ал­ға  басып  отырғанда  Елбасы Н.Назарбаев  «Болашақта  еңбек  ет­іп,  өмір  сүретіндер  – бүгінгі  мектеп оқушылары,  мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе,  Қазақстан  сол  деңгейде болады.  Сондықтан  ұс­тазға  жүктелетін  міндет  ауыр» – деген  еді.  Біз  осы  сөзге  сай  болуымыз  керек.

Қорыта айтарым , мен қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық қызметті таңдағаныма еш өкінген емеспін , өкінбеймінде. Өйткені мен өз мамандығымды және де шәкірттерімді шын сүйемін. Қазіргі заманның талабына мойымай бар ерік жігерімді сарп етіп қызмет ететініме сенімім зор.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!