400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің ынтымақты отбасым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ынтымақтастық туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні:

Құрастыру

Мектеп:

№123 «Самал» жалпы орта мектебі

Сабақ тақырыбы:

Менің ынтымақты отбасым.

Күні:14.11.2018ж

Мұғалімнің аты –жөні:


Сынып: МАД « В»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.2.1. Материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.

0.1.2.4. Жобаны командада жасау, команда үшін маңызы мен өз орнын білу.

0.3.1.1. Өз ойы бойынша түрлі материалдардан құрастырып шығу.

0.1.2.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер:

• қалдық заттармен және құралдармен жұмыс істей алады;

• қалдық заттарды бір-бірімен байланыстыра алады, жапсырма құрастыру үшін қарапайым әрекеттерді қолдана алады Барлық тәрбиеленушілер:

• қалдық заттармен және құралдармен жұмыс істей алады;

• қалдық заттарды бір-бірімен байланыстыра алады, жапсырма құрастыру үшін қарапайым әрекеттерді қолдана алады Қабілетті тәрбиеленушілер:

- қажетсіз заттармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай алады;

- жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады.

Тілдік мақсат:

Дағдыларын дамыту:

• отбасының адам өміріндегі маңызы жөнінде, қажетті құралдар туралы әңгімелей алады. Көптілділік: отбасы – семья – family.



Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

• отбасы мүшелері, қасық, мата, қағазды жапсыру.



Пікір алмасуға арналған сұрақтар. Ынтымақты отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? Өз отбасың туралы әңгімелеп бер? Отбасыңдағы адамдардың мамандықтары қандай?

Ата-анаң қандай жұмыс жасайтынын айта аласың ба?

Неліктен ...

… адамға мамандық керек?

… әр адам өзі жақсы көретін ісімен айналысуы керек.

Өткен ҰОҚ алған білім

Пластмасса қасықтар мен матаны, қағазды пайдала-нып отбасы мүшелерін бейнелеу


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 минут


Тәрбиеленушілердің

ҰОҚ-не қызығушылығын оятып, психологиялық жағымды

көңіл күй қалыптастыру.


ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут









ҰОҚ ортасы ІІІ. Тақырып

бойынша жұмыс. 6-27 минут


















Отбасы туралы көркем шығарма оқу: Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санаймыз екеуміз. Бас бармағым – папам, Балаң үйрек – мамам, Ортан үйрек – ағам, Шылдыр шүмек – мен, Кішкентай бөбек – сен.

Саусақтарын жұмып-ашып отырып бірге айтады. Отбасы мүшелері тура-лы әңгімелеседі.

Әліппе-дәптердегі өлеңді жаттап алыңдар. Әліппе-дәптермен жұмыс.

Суреттегі отбасы мүшелерінің қалай жасалғанын зерттеп, ойланыңдар. Алдыларыңдағы заттардан осындай бейнелер жасау үшін қажетті заттар-ды таңдап алыңдар. Олар не үшін ке-рек, оларды кім қолданатынын есіңе түсір.

Қасық – тамақ ішу үшін. Мата – киім тігу үшін.



Қағаз – түрлі бет-бейне немесе сурет салу үшін.

Қайшы – қағазды, матаны қию үшін. Жіп – байлау үшін.

Фломастер немесе қарындаш – сурет салуға, адамдардың бет әлпетін жасау үшін.

Алдымен пластмасса қасықтың үлкені немесе кішісін таңдап алыңдар, оның бойына қарай отырып отбасы мүшесінен кімді жасайтыныңды ойлан. Отбасы мүшелерін жасау үшін бізге бірқатар қалдық заттар мен желім қажет және

оны төмендегідей ретпен орындаймыз: 1. Дене бөліктерінің орналасуына назар аударыңдар, қасық – денесі болады.

2. Матадан көйлегін жасауға болады. 3. Матаны қасықтың сабына кигізіп, оның жоғарғы жақ бөлігінен жіппен байлап қоямыз.

4. Қасықтың басына адамның бет әлпетін фломастермен саламыз. 5. Қағаздан жіңішке жолақ қиып

алып немесе қиылған жіптерден шаш-тарын жапсырамыз.

Желіммен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек-тігін ойланыңдар.

Сергіту сәті:

Мынау – менің отбасым, Танысыңдар, достарым. Мынау– әкем, бұл– шешем, Інім, әпкем және мен. Менің халім тамаша, Сіздікі де тамаша!

Сенің халің жақсы ма? Оның халі жақсы ма? Барлығы да тамаша!

Балалар өз бетінше жұмыс істейді, сонымен бірге өз отбасының адамда-рын бейнелеуге тырысады. Атасын, әжесін, әкесін немесе анасын, ағасын, қарындасын, досын т.б.















Кітапхана бұрышы, кітаптар















Әліппе-дәптер

IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.

28-30 минут

Тәрбиеленушілердің дайын жұмыстарын таныстыру. Олар өздерінің «Тату отбасы» мүшелерін жасап, әңгімелеп айтып береді. Отбасы тату болу үшін не істеу ке-рек? Сенің отбасың қандай? Үлкен адамдарды сыйлайсыңдар ма? Кішілерге көмек көрсетесіңдер ме? Қорытынды: Отбасында татулық болса, береке-бірлік болады. Барлық адамдар отбасында бір-біріне көмектесіп, қамқорлық жасап, ба-уырмашыл болғанда ғана жақсы отбасы болады. Дәптерде салынған бағалаудағы бет-бейнеге ауыз салу арқылы өз жұмысын бағалайды. Сендер қалай ойлайсыңдар, пластмас-са заттар барлық уақытта да пайдалы ма?

Пластмассадан жасалған ыдыстарды неге «бір рет» пайдаланатын ыдыс деп атаймыз?

Пластиктен жасалған ыдыстарды үнемі пайдалана беруге болмайды, ол денсаулыққа зиян келтіреді.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
2345
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі