15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы
Мақтарал аграрлық колледжі
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ
(студенттердің өзіндік жұмысы үшін)
Пән: Құқық негіздері
Мамандық: __________________Курс______________
_______________________________________________
_______________________________________________
Атакент - 2019 ж.
Пән: Құқық негіздері
Сабақ тақырыбы: Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы
1.Тапсырма
"Ой қозғау": Өтілген тақырыпты еске түсіру мақсатында "Меншік құқығы дегеніміз не"? деген сұраққа ассоцияция жасау.
_
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Тапсырма
Бос ұяшықты толтырыңыз
Меншік
құқығының түрлері
3. Тапсырма
«Тәртіп орнат» Оқушылар берілген сөздердің дұрыс жауабын табу керек.
1.Құқық А – Еліміздің негізгі заңы.
2.Конституция Б – Мемлекет басшысы.
3.Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым.
4.Азамат Г – Тәуелсіздік.
5.Құқық бұзушылық Д – Заңдар жүйесі.
6.Президент Е – Заң шығарушы орган.
7.Парламент Ж – Заң жүйесін бұзу.
8.Егемендік З – Құқығы бар ел тұрғыны
4. Тапсырма
«Құқық» дегеніміз не?
№ |
Сұрақтар |
Жауаптар |
1 |
Жеке адамның құқығы дегеніміз не? |
|
2 |
Құқықтың қандай түрлері бар? |
|
3 |
Адам құқығы қай уақытта пайда болады? |
|
4 |
Адамның негізгі құқығы? |
|
5 |
Құқық қашан және қайда пайда болады? |
|
6 |
Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық деген не? |
|
5. Тапсырма
Жеке меншік дегеніміз не?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
6. Тапсырма
Мемлекеттік меншік дегеніміз не?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7. Тапсырма
Меншікке құқықты мәжбүрлеп тоқтатудың тәсілдері ?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
8. Тапсырма
«Ойды аяқта» Айтылған сөздер аяқталу керек.
1. Заңның құрығы.......................
2. Өш алғаннан гөрі....................
3. Туғанды биде...........................
4. Таста тамыр жоқ.......................
5. Туғанына бұрғаны....................
9. Тапсырма
«Шынығу» берілген әріптерден сөздерді тауып, мағынасын жазу керек.
1.ЕКОНЮС – БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы;
________________________________________________________________
2.АТКРДЕИЯМО – халық еркі немесе билігі;
_____________________________________________________________
3.ЕНТЕЗПРИДЕ – Мемлекет басшысы;
_____________________________________________________________
4.УАТРА – айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім;
______________________________________________________________
5.АТТӨЛЖҰҚ – азаматтықты куәландыратын құжат.
______________________________________________________________
10. Тапсырма
«Біліміңді көрсет» бұл сұрақтарға тезде жауап жазулары тиіс.
1.Қоғамның бастапқы ұясы не?________________________________________
2.Ата-ананың қасиетті міндеті не?_____________________________________
3.Біздің мемлекетіміздегі меншіктің түрлерін ата?_______________________
4.Азаматтың конституциялық міндеті?_________________________________
11. Тапсырма " Мәзір ойыны" : Төмендегі жағдайларда қандай қылмыс, қылық, кикілжің яғни өзге әлеуметтік нормалардың бұзылғанын анықтауларың керек.
• Марат пен Санат үзіліс кезінде төбелесіп қалды. Екеуіде бір – бірінің бет ауыздарына оңдырмай таңба салды. Санат Мараттың көйлегін жыртып тастады __________________________________________________________________
• 20 жастағы ағайынды Саша мен Никита 9 сынып оқушысы Аняны есірткіге үйретті __________________________________________________________________
• Әуесқан сыныптас жолдасының 900 теңгесін ұрлап алды __________________________________________________________________
• Индира өзіне жаңа Джинсы әпермегені үшін әке – шешесіне ренжіп ешкімге айтпастан құрбысының үйіне кетіп қалды_____________________________________________________________
• Рокерлер алаңға түнгі сағат 12 де жиналадыда топ болып көше кезеді __________________________________________________________________
• Жабаев Иманбай 2 ай бойы сабаққа бармай жүр, Ол биологиядан беретін мұғалімді жақтырмайды, бірақ ата-анасы оны басқа ауыстырудан бас тартты __________________________________________________________________
• Жекпе – жек үстінде боксшінің біреуі қарсыласының жағын сындырды __________________________________________________________________
• 9 сынып оқушысы Марат Ізімов өз сыныбындағы және төменгі сыныптардағы балаларды қорқытып ақша жинаған __________________________________________________________________
12. Тапсырма
«Әріптер сыры».
П- Мемлекет басшысы ______________________________________________
О- Қоғамның бастапқы ұясы ________________________________________
Р- Бүкіл халықтық дауысқа салу ______________________________________
С- Қылмыскерлердің жазасына байланысты үкім шығарады ______________
Т- Құжат _________________________________________________________
У- Қ.Р мемлекеттік құрылымы ________________________________________
Ұ- Біреудің дүние мүлкін құпия түрде алу _____________________________
Х- Мемлекеттік биліктің қайнар көзі? _________________________________
Ш- Құран кітабының заңдары қалай аталады? __________________________
Э- Халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердізерттейтін ғылым? __________________________________________________________
13. Тапсырма
Тест тапсырмалары:
1. Меншік нысандарының түрлері?
А) жеке меншік
Ә) мемлекеттік меншік
Б) коммуналдық меншік
В) республикалық меншік
Г) дұрыс жауап жоқ
2. Жеке меншік түрлері?
А) жеке тұлғалардың меншігі
Ә) заңды тұлғалардың меншігі
Б) мемлекеттік меншік
В) коммуналдық меншік
Г) республикалық меншік
3.Мемлекеттік меншік түрлері?
А) жеке тұлғалардың меншігі
Ә) заңды тұлғалардың меншігі
Б) дұрыс жауап жоқ
В) коммуналдық меншік
Г) республикалық меншік
4. Міндеттемелердің тараптары?
А) азаматтар
Ә) заңды тұлғалар
Б) мемлекеттер
В) дұрыс жауап жоқ
Г) барлық жауап дұрыс
5.Мемлекеттік меншік түсінігі?
А) ҚР Конституциясының 6-бабы, 3-тармағына сәйкес меншіктің белгілі бір түрлеріне айтылады.
Ә) азаматтар жеке тұлға екенін білдіреді.
Б) Қазақстан облыстарындағы жайласқан мүліктерге айтылады.
В) барлық жауап дұрыс.
Г) дұрыс жауап жоқ..
6. Жеке меншік түсінігі?
А) ҚР Конституциясының 6-бабы, 3-тармағына сәйкес меншіктің белгілі бір түрлеріне айтылады.
Ә) азаматтар жеке тұлға екенін білдіреді.
Б) Қазақстан облыстарындағы жайласқан мүліктерге айтылады.
В) барлық жауап дұрыс.
Г) дұрыс жауап жоқ.
7.Коммуналдық меншік түсінігі?
А) ҚР Конституциясының 6-бабы, 3-тармағына сәйкес меншіктің белгілі бір түрлеріне айтылады.
Ә) азаматтар жеке тұлға екенін білдіреді.
Б) Қазақстан облыстарындағы жайласқан мүліктерге айтылады.
В) барлық жауап дұрыс.
Г) дұрыс жауап жоқ.
8.Еңбек даулары түсінігі?
А) Қызметкер мен жұмыс беруші ортасында туындайтын қатынастарды реттейді.
Ә) жұмысшылар, қызметшілер еңбек міндеттерін орындаған кезде, олар мен жұмыс берушілер араларында келіспеушіліктер туындайды.
Б) Еңбектің қауіпсіздігіне бақылауды және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды айтуға болады.
В) барлық жауап дұрыс.
Г) дұрыс жауап жоқ.
9. Еңбек құқығы түсінігі?

10. Еңбекті қорғау түсінігі?

14. Тапсырма
Ситуациялық сұрақ:
Азамат Б-ның үйінде бірнеше сурет болған. Бірақ оның өзі осы суреттерді аса бағаламайтын. Ол суреттерді қабырғалары дымқылданған қосалқы үй-жайда сақтайтын. Бірде Б-ға оның танысы Т. қонаққа келеді. Б. оған баяғы суреттерді көрсетеді. Т. олардың біреуі атақты суретшінің жұмысы екендігін таниды. Б-ның суреттерді арнайы ыңғайластырылмаған үй-жайда сақтайтынын көріп, бұлай етуге болмайтынын, сурет мәдени құндылық болып табылатынын айтқан. Оған Б. меншіктің иесі өзі екенін, суретпен не істесе де өзі білетінін айтып жауап берген. Бұл дауға қандай төрелік айтар едіңдер?
Үйге тапсырма : 46-бет
Тақырыпты оқып келу.« Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы» атты тақырыпта реферат жазып келу.
Әдебиет тізімі:
Қ.Д.Жоламан, А.Қ.Мұхтарова, А.Н.Тәукелов. Мемлекет және құқық теориясы., 1999 ж.
«Мемлекет және құқық теориясы»., Оқулық., 2001 ж.
А.Н.Ағыбаев. Қылмыстық құқық., Ерекше бөлім., 2003 ж.
З.О.Ашитов, Б.З.Ашитов. Қазақстан Республикасының құқық негіздері., 2003 ж.
Ө.Қопабаев, Қ.Айтхожин, Н.Қыдырқожаева, Ғ.Жайлин, А.Жұмағали. Құқық негіздері., 2006 ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген