400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менторинг – мұғалімдердің кәсіби дамуының тиімді тәсілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге тәжірибе алмасу мақсатында ұсынамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менторинг – мұғалімдердің кәсіби дамуының тиімді тәсілі»

Г.М.Мусаева «№ 12 ЖББОМ» КММ


Біздің қоғам күн сайын күрделеніп,тек қана жаңашылдықты талап етеді. Жаңа ғасырымызда өзгеше қабілетке ие, ұрпақ қалыптасып келеді. Бұл әрине, бірінші орында тікелей білім саласына байланысты болып отыр. Оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жан-жақты, сауатты маман болу мүмкін емес. Осыған байланысты біздің мақсатымыз кейінгі кезде қолданысқа ие болған, тәжірибемізде пайдаланып, оң нәтижелерге жеткізген оқытудың жаңаша әдіс- тәсіл түрлерімен бөліскенді жөн көріп отырмыз. Жеті модульді терең түсініп, сабақ үрдісінде үйлестіре пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыстануға үйренеді және оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түседі.

«Менторинг – кәсіби дамудағы тиімді тәсіл», яғни тәлім алушы мен тәлімгерлер арасындағы жұмыстың кәсіби дамуындағы маңыздылығын қарастырғалы отырмыз.

Біздің КММ №12 жалпы білім беретін мектебінде де оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер бар. Біз де өз мектебімізге қандай да бір өзгерісті енгізуді қажет деп санадық. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етті, әрине тек дұрыс әдіс-тәсілдерді қолданған жағдайда мектепке өзгерістер енгізіледі. Біріміз «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасын аяқтаған болсақ, біріміз тәлім алушы болып, мұғалімдердің жаңа инновациялық әдістерге деген біліктілігін, оқушылардың оқуға деген мотивациясын арттыру мақсатында түрлі коучингтер ұйымдастырып, жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдаланып, бірнеше ашық сабақтар мен тізбектелген сабақтар өткіздік. Өзгерістер енгізу «қазіргі уақытқа ғана емес, болашаққа бағытталуын» ескере отырып, нәтижесінде пайдалы болатын өзгеріс енгізу қажеттілігін түсіндік.

Кэмбридж бағдарламасының жеті модулін оқушыға білім беруде тиімді қолдана алу керек. Осы бағдарламаның жаңа элементтерін, стратегияларын өз сабақтарымызда қолданып, әріптестерімізбен де бөлісіп жүрміз. Осы мақсатты алға тартып, тәлім алушым ретінде Қ есімді ұстазды таңдап алдым. Әрбір жұмысты ұйымдастырмас бұрын тәлім алушының ойын біліп, жұмыс жүйесімен танысып, оның да пікірімен де санасып, оқыту мен оқудағы қажеттілікті анықтадық. Бағдарламаның идеясына қатысты кәсіби дамыту бағытында кері байланыс жасап отырдым. Әр өткізген сабағында тoптық жұмыcтaр aрқылы oқушылaрды ынтымaқтacтыққa, бiрлece жұмыc жacaуғa бoлaтындығын, oқушылaрғa қызықтырaтындaй тaпcырмaлaр бeру, cыни oйлaуғa жeтeлeу, oқушылaрды бaғaлaудa қaлыптacтырушы жәнe жиынтық бaғaлaулaрды қoлдaна алды.

Тәлімгерлік табыстылығын талдайтын болсақ:

Тәлім aлушымның сабақтарына қатысып,өткен сабақтарының жетістіктері мен кейбір кемшіліктерін онымен бірге кері байланыс жасап,ұсыныс жасап отырдық.

Менторинг кезінде сәтті болған әрекеттер:

- тәлім алушы әріптесіммен арамызда тығыз кәсіби байланыс орнады;

- ой-пікіріміз бір жерден шығып отырды;

- әдіс- тәсілдерді тиімді жерде қолдана алды;

- кері байланыс тыңғылықты жүзеге асты;

- тиімді жауап алуда дұрыс сұрақ қоя біледі;

-oқытyдa топтық жұмыс ұйымдастыруға дағдыланған;

-дәcтүpлi caбaқ бepyдeн apылып, жаңа әдіс -тәсілдерді пайдалануға машықтанған;

- АКТ құрал ретінде шебер қолданады.;

Білімдегі болып жатқан жаңалықтарға ілесе отырып, өзім де тәлім алушым да өзгерді. Тәлім алушым сабақ беретін сыныптардың білім сапасының да, жалпы пәнге деген қызығушылықтарының да артқандығы да байқалды.

Қорытындылай келе, тәлімгер мен тәлім алушының қоғамдастығының іс-әрекеті нәтижелі, сапалы болса, олар әрі қарай жұмыс істеуге ынталанады деп ойлаймын.Тәлімгерлік- ұзақ уақытқа созылатын ,тәлімгер мен тәлім алушы арасында сенім,жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Ол тәлім алушының педагог ретіндегі қалыптасуы мақсатында өзінің білімін,ойлауын, тәжірибелік іс-амaлдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмегі зор.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1700
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі