Материалдар / Мерейлі отбасы

Мерейлі отбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп — ата — ана, бала арасындағы байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылатын сайыс түрі.
Авторы:
16 Желтоқсан 2024
145
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

71 ЖОМ КММ «Мерейлі отбасы 2022» байқауының сценарийі

Фанфар ойнайды, сахнаға жүргізушілер шығады.

1 - жүргізуші: Адам өмірі отбасынан басталады, адам отбасынан азамат болып қалыптасады. Отбасы – махаббат, құрмет, береке мен сүйіспеншіліктің көзі, соның негізінде кез келген өркениетті қоғам құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды. Отбасының дәулеттілігі  – мемлекет дамуы мен прогресінің өлшемі Ата-ана болса өрнекті,
Ұл мен қыз өсер көрнекті.
Әуезов Мұхаң айтқандай:
Түзейік бесік-жөргекті.
1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Қазақ халқының данышпан ақыны Абайдың «Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, кейінгі толқын – інілер, кезекпенен бөлінер, баяғыдай көрінер» деген нақыл сөзі бар.
Балаң жақсы болсын десең баласы жақсымен көрші бол, «Бақпен асқан патшадан, мимен асқан бала артық; сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық» - демекші, халқымыз ертеден атадан балаға мұра етіп қалдырып кеткен қазақ деген дана халықтың ұрпағымыз. Баласын мәпелеп өсіріп, өнегелі тәрбие беруді мақсат тұтқан атаның көзіміз.
1 - жүргізуші: Ендеше, бүгінгі «Мерейлі отбасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Бүгінгі сайысқа келіп отырған таңдаулы, үлгілі, мерейлі отбасыларымен таныс болайық!

1. ------------------------------отбасы

2. ------------------------------отбасы

3. ------------------------------отбасы
1 - жүргізуші: Ал енді сайыскерлерімізге баға беруші әділқазыларымызбен таныс болыңыздар!

1.

2.

3.
1. «Баланың ойы»
Ей, тәкаппар, дүние,
Маған да бір қарашы,
Танимысың сен мені
Мен үлгілі ата - ана баласы... дегендей «Мерейлі отбасы» сайысының бөлімдерімен таныс болыңыздар!

1 бөлім.«Отбасым-мақтанышым». Жанұя өз отбасын таныстырады. Таныстыру кезінде отбасы мүшелері, ата-тектері, жанұялық кредолары туралы айтады. Бағалану: 1-5 ұпайға дейін.

2 бөлім. «Өнерлі отбасы өрге жүзеді» сайыскерлер отбасы болып өз өнерлерін көрсетеді. /ән айту, көркем жанр көрсету, өлең оқу, сценка қою, би билеу т.б./ Бір жанрды ғана алуға болады.

3 бөлім. «Біз шағын мемлекетпіз» отбасына ситуациялық сұрақтар қойылады.Сұрақтар жанұяға әр түрлі отбасылық ситуациялық жағдаяттарға байланысты болады. Жанұяның тез ситуациядан шығу тапқырлықтары бойынша жауаптары бағаланады. Бағалану әрбір сұраққа 1-5 ұпай.

4 бөлім. «Отбасының бір күні». Сайыскерлер бейнеролик арқылы отбасының біркүндік өмірін, тыныс-тіршілігін таныстырады.

5 бөлім. « Отбасымен бірге армандар әлеміне» . Сайыскерлер армандар әлеміне саяхат жасай отырып белгілі бір уақыт аралығында үйдің суретін салу.

1 - жүргізуші: Атаң болса анаңмен
Алтыннан соққан қорғаның.
Ағаң болса ақылды
Ешкімнен кем болмадың.
Інің болса жанашыр
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл,
Сөнбес сенің шырағың деген.
Олай болса
«Отбасым-мақтанышым» бөлімін бастаймыз! Сахнаға

1. ------------------------------отбасы

2. ------------------------------отбасы

3. ------------------------------отбасы

Шақырайық.

Әділқазылар 1 бөлімнің бағасын береді.
1 - жүргізуші: Ата-ана болса өрнекті,
Ұл мен қыз өсер көрнекті.
Әуезов Мұхаң айтқандай:
Түзейік бесік-жөргекті.

2 - жүргізуші: Келесі бөлім «Өнерлі отбасы өрге жүзеді» бөлімі. Сахнада өз өнерлерімен

1. ------------------------------отбасы

2. ------------------------------отбасы

3. ------------------------------отбасы

Әділқазылар 2 бөлімнің бағасын береді.

«Біз шағын мемлекетпіз»

ситуациялық сұрақтар кезеңі

Сұрақтарға ата-аналар бірлесіп жауап береді.

Барлық сайыскерлерді сахнаға шақырайық.


  1. «Отан – отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесіздер?

  2. «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» ұғымының мағынасы қандай?

  3. «Үмітті үзу - қайратсыздық» ұғымын қалай түсінесіздер?

  4. Логикалық есептер . Айгерімнің әкесінде 3 қыз бар: Гүлсая, Жансая...........? Айгерім

  5. Қай сөз әр дайым дұрыс болып есептеледі? ДҰРЫС

  6. Ол сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден жиі қолданады? Есіміңіз

  7. Тауық өзін құспын деп айта алама? Жоқ өйткені ол сөйлей алмайды.

  8. «Отбасында ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» қалай түсіндіресіз?

  9. Отбасында қаржы мәселесі тығырыққа тірелді, сіздің әркетіңіз?

  10. Отбасында екі ерке қыз, екеуінің тәртібі бойынша мектепке шақыртты, қатты сөздер айтылды, қыздарыңызға сіздің әркетіңіз?

  11. Мектеп ұжымы сіздің балаңызды шетелге жіберетіндіктерін айтты, қаржы мәселесі отбасынан екендігі де айтылды, бірақ сіздерде ондай қаржы жоқ, сіздің әркетіңіз?

  12. Отбасында аяқ астынан ұрыс-керіс басталды, сіздің әркетіңіз?

  13. Үй тар, 4 балаңыз бар, ауылдан жұбайыңыздың 2-3 туысы қонаққа келе жатқандықтарын ескертті, олар сіздің үйіңізде біраз болатындықтарын білдірді, сіздің әркетіңіз?

  14. Жұбайыңыздың қызметі ауыр, бала тәрбиесіне көңіл бөлуге мүлде уақыты жоқ, сіздің әркетіңіз?


Соңғы бөлім «Отбасының бір күні» атты бейнероликке кезек берейік!

1. ------------------------------отбасы

2. ------------------------------отбасы

3. ------------------------------отбасы

Әділқазылар бағасы. Қорытынды сөз.







Сұрақтар

  1. Үй тар, 4 балаңыз бар, ауылдан жұбайыңыздың 2-3 туысы қонаққа келе жатқандықтарын ескертті, олар сіздің үйіңізде біраз болатындықтарын білдірді, сіздің әркетіңіз?

  2. Сіздің 5 жасар ұлыңыз бар.Ұлыңыз есейген сайын қоршаған ортасы, табиғатта болып жатқан құбылыстар жайлы сұрақтар қойып, көп нәрсе білгісі келеді.Ұлыңызға табиғаттағы құбылыстар туралы әңгімелеп беріңіз?

  3. Логикалық есептер . Айгерімнің әкесінде 3 қыз бар: Гүлсая, Жансая...........?

  4. Қай сөз әр дайым дұрыс болып есептеледі?



Сұрақтар

  1. Жұбайыңыздың қызметі ауыр, бала тәрбиесіне көңіл бөлуге мүлде уақыты жоқ, сіздің әркетіңіз?

  2. Сіздің ауылыңызда «Үлгілі отбасы» байқауы жарияланды. Бас жүлдеге «ЛАДА» автокөлігі тігілді.Ба йқауға жан –жақты , өнерлі, салауатты өмір салтын ұстанатын отбасылар қатысады. Отбасы мүшелеріңіздің салауатты өмір салтын ұстану, өнері, ерешеліктері туралы баяндаңыз.

  3. Ол сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден жиі қолданады

  4. Тауық өзін құспын деп айта ала ма?




Сұрақтар

  1. Мектеп ұжымы сіздің балаңызды шетелге жіберетіндіктерін айтты, қаржы мәселесі отбасынан екендігі де айтылды, бірақ сіздерде ондай қаржы жоқ, сіздің әркетіңіз?

  2. Әр адамның сүйікті акері болады.Сіздің де сүйікті актеріңіз бар. Сүйікті актеріңізді сипаттап беріңіз сол актеріңізді құрбыларыңыз тауып көрсін.

  3. Саябақтың ішінде 6 орындық бар. Оның екеуін бояп қойған. Саябақта қанша орындық бар.

  4. Жаңбыр кезде кімнің шашы су болмайды.


















Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі