400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мерейлі отбасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
10 қыркүйек 2025 жылы Т. Рысқұлов білім беру мектебінде «Мерейлі отбасы» байқауына қатысқан өнерлі отбасылармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарын насихаттау, өнерлі отбасылардың үлгісін көрсету және өнегелі әңгіме өрбіту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХАТТАМА


Өткізілген күні: 10.09.2025 ж

Өткізілген орны: Т. Рысқұлов білім беру мектебі

Тақырыбы: «Мерейлі отбасы» байқауына қатысқан өнерлі отбасылармен кездесу


10 қыркүйек 2025 жылы Т. Рысқұлов білім беру мектебінде «Мерейлі отбасы» байқауына қатысқан өнерлі отбасылармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарын насихаттау, өнерлі отбасылардың үлгісін көрсету және өнегелі әңгіме өрбіту.


Кездесуге мәдениет клубының басшысы Майра апай және байқауға қатысқан Жанар апай мен Фархат ағай қатысты. Қонақтар байқау барысы туралы, отбасының бірлігі мен ынтымағы жайлы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, отбасы тәрбиесінің маңызы, ұлттық құндылықтарды сақтау, өнерге баулу туралы құнды пікірлер айтылды.


Оқушылар тарапынан қонақтарға сұрақтар қойылып, еркін сұхбат ұйымдастырылды. Кездесу барысында қатысушылар отбасының қоғамдағы рөлі мен берекесінің маңыздылығын атап өтті.


Кездесу мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор шара ретінде өтті.


Хатшы: ________

Қолы: ________






















ХАТТАМА


Өткізілген күні: 23.09.2025 ж

Өткізілген орны: Т. Рысқұлов білім беру мектебі

Қатысушылар: 8–11 сынып қыздары

Тақырыбы: Қыздар жиналысы


23 қыркүйек 2025 жылы Т. Рысқұлов білім беру мектебінде 8–11 сынып қыздары арасында жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты – қыз балаларға тәрбие беру, денсаулық сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жеке бас гигиенасы мен мәдениетін қалыптастыру.


Жиналысқа «Әжелер» кеңесінің жетекшісі Естибаева Фатима апай, гинеколог дәрігер Күзембаева Айсұлу және мәдениет үйінің меңгерушісі Майра апай қатысты.


Естибаева Фатима апай қыздарға қазақ қызына тән ибалық, әдептілік, үлкенді сыйлау, ұлттық тәрбиенің маңызы туралы тағылымды ойларымен бөлісті.


Күзембаева Айсұлу қыз балалардың денсаулығы, жеке бас гигиенасы, жасөспірім кезеңдегі өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, пайдалы кеңестер берді.


Майра апай қыздардың өнерге, мәдениетке жақын болуы, өзін-өзі ұстау мәдениеті және қоғамдық ортадағы мінез-құлық туралы айтып өтті.


Жиналыс барысында қыздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Кездесу тәрбиелік мәні зор, мазмұнды өтті.


Хатшы: ________

Қолы: ________

























































ХАТТАМА


Өткізілген айы: Қараша, 2025 ж

Өткізілген орны: Мәдениет үйі

Қатысушылар: 8-сынып қыздары

Тақырыбы: «Қазақ қыздарының әшекей бұйымдарын тағу мәдениеті»


Қараша айында Мәдениет үйінде 8-сынып қыздарымен «Қазақ қыздарының әшекей бұйымдарын тағу мәдениеті» тақырыбында пікірлесу өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қазақ қыздарының ұлттық әшекей бұйымдарын тағу дәстүрі туралы мағлұмат беру, олардың тәрбиелік және эстетикалық мәнін түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.


Пікірлесу барысында қазақ қыздарының әшекей бұйымдары – сырға, білезік, алқа, шашбау, шолпы сияқты бұйымдардың шығу тарихы мен тағылу ерекшеліктері туралы айтылды. Әшекейлердің тек сәндік емес, тәрбиелік әрі мағыналық мәні бар екендігі түсіндірілді.


Қыздар өз ойларын ортаға салып, ұлттық бұйымдарға деген қызығушылықтарын білдірді. Ұлттық нақыштағы әшекейлерді орынды тағу, киімге сәйкестендіру, әдептілік пен жинақылық сақтау туралы пікір алмасу жүргізілді.


Іс-шара мазмұнды, тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.


Хатшы: ________

Қолы: ________





































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.04.2026
4
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі