Мерейлі отбасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мерейлі отбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаттын өткізуге қолайлы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Мерейлі отбасы.

Мақсаты: Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, топ бастайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға: ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңіру. Жас жеткіншектерді ата-ананың қадірін, қасиетін, өнегелі өмірін, үлкеннің ақыл кеңесін тыңдауға, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
 Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ой толғау сұрақтары, фото-сурет,слайд т.б.
Барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Тақырыппен таныстыру 
Жүргізуші:Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар- әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай , мем лекетіміз мықты болуы мүмкін емес.. Бала- ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы. 
Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ бо-лып, балаға үлгі бола алсақ- жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру ата-ананың парызы.

«Отбасы», «отау», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесің?
• Отбасы негізі неде деп ойлайсың?
Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлаймыз?

2.Әр топтың оқушылары отбасы туралы тақпақтар айтады.

1.Дастарқанның басында
Әдептен біз озбаймыз:
Үлкендердің қасында
Қолды бұрын созбаймыз.
2.Тамақ ішер кезде енді
Сөйлемейміз,күлмейміз,
Астан басқа өзгені
Елемейміз,білмейміз!
3.Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар
Отбасым мынылар:
Ең жақын адамдар-
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар, 
Бір туған апам бар...
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін,еремін!
4.Титтей бөбек кезімнен 
Әлдилеген емізген,
Еркелетіп күлгізген,
Алғаш «апа» дегізген.
5.Кішкентайы-мен үшін
Тағат,байыз таппайтын,
Не жемесін, не ішсін,
Менсіз тағам татпайтын.
Шомылдырып кешкісін,
Мен жатпасам,жатпайтын-
Анам менің қандай-ды!
6.Ерте кетіп жұмысқа,
Үйге кештеп қайтатын,
Болған күндіз құрылыста
Қызықтарды айтатын.
7.Жаз келісімен,күн қызып,
Машинасын жүргізіп,
Барлық көрші баланы 
Маған қоса мінгізіп,
Аралайтын даланы,
Қыдыртатын қаланы-
Әкем менің қандай-ды!

3.Оқушылар постар қорғайды «Бақытты жанұя»

1.Ата-ананың бақыты неде?

2.Қазіргі қоғамда ата-ана баласынан не күтеді?
4. Құндылық құнын ұғындар.
Отбасымда ең сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті _______________________________________________
5.Кәне, балалар « Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын орындайық.
1. Не тәтті? ( Ананың сүті тәтті.)
2. Не жұмсақ? ( Ананың қолы)
3. Не қатты? ( Атаның жүрегі қатты)
4. Кім жақын? ( Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшың болса, апайың жақын.
Алдыңа тартқан, адал асын,
Қимас жақын қарындасың.)
5. Не қымбат? ( Алтын ұяң Отан қымбат.
Құт - береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Бәрінен де ар мен ұят қымбат.)
Сергіту сәті: « Қоржындағы асық» ойыны. Ойынның шарты: қоржындағы асықтарды алып, сол асықтағы тапсырмаларды орындату.
1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
3. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.
4. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата - анасына)
5. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)
6. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 - бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).
7. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
8. Отбасының басшысы кім? ( Әке)
6.Бейне ролик көрсету.
7. Қортыныды:
«Әке- асқар тау. Ана- ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ» таныстырылымын көрсету.
Әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады.
Әлем өзгеруде. Мысалы: Жапонияда ата-аналар мен мектеп тығыз байланыста болып, әр сабағына қатыса отырып, демалыстарда да «ашық есік» күнін өткізеді екен. Біздер де үнемі осылайша мектеппен байланыста болып, өзгеруге, дамуға әзір боламыз деп ойлаймын.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
1348
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі