Материалдар / Мерейтой сценарийі 55 жас
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мерейтой сценарийі 55 жас

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, оқушыларға қажеттігі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
2052
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кештің сценариі


Көрмеге барлық сайыскерлер кубок грамота медальдары қойылады.
1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар, қадірлі қонақтар және оқушылар!

2- жүргізуші:

Құтты болсын мерейтойың лицейім,

Атын алған данышпан Бөкейдің,

Шәкірттерін алтындай бағалайтын

Ұстаздарым арта берсін мерейің!

1-жүргізуші:

Ұлы ұстаз көшбасшымыз жан аға

Әкедей боп қамқор болған балаға

Үздік маман, алғыр ойлы қырағы

Мың рахмет! Таңатқандай ағаға.
Қазақта «Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас» деген мақал бар, шүкір, ел ағасы лицей директорының қолдауымен ел басының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы тағы бір іс шараның куәсі болыңыздар


2-жүргізуші: 
- Киелі ән әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік әндерімен тербеп жүрген есімдері республикаға танымал дарынды әнші балапандарымызды тәрбиелеп, өнерін шыңдап жүрген лицейіміздің музыка пәні мұғалімі Альханова Жаңыл Рахметуллақызының «Әнімді саған арнадым, сүйікті менің - лицейім» атты ән кешіне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: 
- Бүгінгі кешіміздің мақсаты – лицейіміздің 25 жылдығына, Алтайдың ақиығы - Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына өнерлі жастарымыздың ән – шашуын арнау және өнердегі жетістіктерін насихаттау.

2-жүргізуші: 
- Олай болса, шәкіртіне жүрегі елжіреген , жүзінен мейірім төгілген сүйікті ұстазымыз мерейтой иесін қошеметтеп кешіміздің сахна төріне шақырамыз. 
( төрге шақыра отырып, гүл шоғын ұсыну)
(Презентация)
1-жүргізуші: 
Жаңыл апай жайлы айтар болсақ, 1963 жылы 5 сәуірде Марқакөл ауданы «Ақбұлақ» ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі Әлімбаев Рахметулла Маненұлы тыл ардагері, анасы Бағжамал Ақбайқызы алтын алқа иегері. Қарой орта мектебін бітіріп, Өскемен қаласының Педагогикалық институтын тамамдап өзі оқыған мектепте мұғалім боп еңбек етті. Кейін Өскемен қаласына көшіп келіп, 1993 жылдан бастап осы шаңырақта 25 жыл еңбек етуде .

2-жүргізуші: 

Күй ойнайды қазағымның қанында ,

Күй онайды қазағымның жанында

ЖҮРЕГІНІҢ , ЖҮРЕГІНІҢ ДҮРСІЛІ,

Күмбірлеген домбырасы барында.
Алдарыңызда «Мұрагер» тобы жетекшісі Жаңыл Рахметуллақызы.

Құрманғазының күйі «Балбырауын»

1-жүргізуші:

 Келесі тыңдайтындарыңыз «Қазанғаптың күйі «Шынаяқ тастар» және халық әндерінен поппури

1-жүргізуші

Дабыл қаққан қауымға той басталды ауылда дегендей лицейде ұлы той , немересі Мұхаммедке 5 жас, лицейге 25 жыл, Сақыбай Мантай ұлына 60 жас, Таңатқан ағаға 65 жас,Оралхан Бөкейдің 75 жыл, ән «Отырардағы той» Тойбастар таратылады


2-жүргізуші: 

Талай шәкіріт тәрбиелеп шыңдаған,

Ән үйретіп репертуар таңдаған.

Сол өрендер жетістікпен қуантып,

Әр сөзіңді ақыл қойып тыңдаған.

Лицейіміздің жезтаңдай әншілеріне ән кезегін берейік!

Халықаралық және республикалық байқау жеңімпаздары

Дарын Темірлан Ақиқат. Дейсің дейсің


Алматы қаласынан арнайы келген әнші қызы Арайлымның орындауында «АНА» әні


Дуэт Мерей Айсұлу


Дарынды балаларымызға ерекше ілтипат көрсетіп, қолдау жасап, өнерлерін шыңдауға зор көмек көрсеткен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Хасенова Ляйля Назарханқызына үлкен рахмет айта келе келесі әнді арнаймыз.


Ерхат

1-жүргізуші

Бақыт дегенің менің шаттық күндерім,

Өзіңменен бірге өмір сүргенім

Сол өмірде болды суық күндерім

ол - 1996 жылдың 30 сәуірі ...

Бейне таспаға назар салайық


2-жүргізуші: Арамызда о дүниелік болып кеткен әріптестеріміз Рая Түсіпбекқызы, Каматай Жағыпарқызы, Маулетхан Зәріпұлы ,оқушымыз Қуат , Ерасыл және туған туыстарымызды еске алу бір минут үнсіздік


1-жүргізуші Құдаш Дәулетханұлы мерейтой иесіне арнау оқитын Дарын


Бүгінде екі баласын ер жеткізіп, оқытып, тәрбиелеп бір – бір шаңыраққка ие еткізген қадірлі ана, мейірімді апа. 

Әке - асқар тау, ана - етегіндегі бұлақ, бала – жағасындағы құрақ олай болса ән «Менің әкем жақсы адам».

Сахна төріне әкесі Рахметулла ақсақал мен анасы Бағжамал апаны шақырамыз

2-жүргізуші

Адамның бір қызығы - бала деген тұңғыш немересі Мұхаммед 5 жасқа ортаншы немересі Алинұр 3 жасқа толды. Қуаныштары ұзақ болсын!

Немерем әні.

1 жүргізуші

«Әке ана» орындайтын келіні Ұлжалғас


2-жүргізуші

Талай тұлпар жаратты ғой бәйгеге,

Әрқашанда озып келер бәйгеден

Қанаттанып жаңа өмірге үмітпен

Ұясынын қарлығаштар ұшады


Биылғы түлектер атынан республикалық ән байқауларының жеңімпаздары

Талшын. ән жолдайды.


1-жүргізуші


Халықаралық «Восходящая звезда» ән байқауының жүлдегерлері орта да Амина Айғаным Амина ағылшын тілінде

2 - жүргізуші

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу –сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамнаң асылдығы -, дей келе келесі шырқалар ән

« Алтын ұя лицейім» барлық ұстаздарға арналады.


1 - жүргізуші

Арулар әрбір үйдің сәні, берекесі мен мерекесі олай болса барлық аналар мен арруларға «Сен сұлу» әні қарсы алыңыздар!

2 - жүргізуші


Өтседағы талай жылдар зымырап.

Өзгермейді достық көңіл ол бірақ.

Қызығы мол жастық шақтың жырлайтын,

Сол бір кездер көз алдымда тұр әлі.

«Сол бір кездер»

1 - жүргізуші

Келесі ән барлық қонақтарға арналады.

«Шақырады Көктем»

«Мектебім мақтанышым» барлық қатысушылыр медаль кубоктарымен бәрі сахнаға шығады,

Қорытынды сөзді ҚР білім беру ісінің үздігі , құрмет белгісі орденінің иегері, лицей директоры Туменбаев Таңатқан Қалибекұлына беріледі.


Құдаш Дәулетханұлы

Арнау

Жаңыл жаздай жайнайтұғын жаның бар,

Сахнада салтанатты сәнің бар,

Сұлу Марқа табағаты нәр берген

Бойыңа біткен ғажап әсем дарын бар

Көл айдыны шалқығандай тербеліп,

Шырқап салар асқақ әкне әнәң бар

Балалардың орасында қашан көрсең жүресің

Кезің барма тыным тауып дамылдар

Айтсам тілек мерейлі жас тойыңа

Қиындыққа сәтсіздікке мойыма

Көңіл хошы бұзылмасын ешқашан

Тек өнердің көші болсын ойыңда


Әріптесі Қалиқан Елғазы Байқадыров атындағы саз мектебінің директоры Тарбағатай ауданы.

Жаңылға

Атыңнан айналайын Жаңыл деген

Жүрегің жалқын оттай жалын дер ем,

Өнерді серік еткен өрімді етіп,

Ешқашан аласармас бағың дер ем

Марқанаң маралы өзің деймін,

Мен емес оны айтып тұр көзің деймін

Құштарсың игілікке, ілтипатқа

Бойыңда сенім, жігер төзім деймін.

Бар ынтаң марапатқа дөп болса екен,

Әркімде ыстық жүрек леп болса екен.

Сені көріп түйгенім жүрегіме

Қазағымда сендей қыздар көп болса екен.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!